7


  • Учителю
  • Зар Заман тарихы. История Эпохи Скорби.

Зар Заман тарихы. История Эпохи Скорби.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мен, Ерғалиева Ботагөз Оразбайқызымын,қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарың жүргізетін мұғаліммін.2015-2016 оқу жылында 10-ыншы сыныптарында Зар заман тарихында болған іс -әрекеттер туралы әңгімелеп,сол уақытында белгілі ақындар мен жазушылардың өмірбаяндарын және онерлік жолдарымен танысу,оқушылардың ой-пікірлерін толыктырып,оятып нығайту жолдарын іздеймін.

Жоспар бойынша 34 сағаттың ішінде заманауи технологиялардың элементтерін пайдалану,интеграциялық түрінде ұйымдастырылатын сабақтарды өткізуге мақсаттаймын.Құрметті әріптестерім,сіздің назарларыңызға Зар заман уақытына арнайы қысқаша мәтін ұсынамын.

Зар Заман Ақындары - қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылында белгілі қазақ жерінің жазушысы еңгізген термин.

кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі ақындары Дулат Бабатайұлы, Сүйінбай Аронұлы,Шортанбай Қанайұлы, т.б.Олар патша өкіметінің отарлау саясаты қазақ халқының кері әсер еткенін,көптеген қиындықтар мен қайшылықтарды алып келгенін,заманның азғанын,ел- жұртқа береке қалмағанын,шығармаларының басты тақырыбы етіп алды.

Жазушы М.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, аяқтайды.Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі .

Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін, ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні.

Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, жырларынан айқын байқалады.

Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақ қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді.

Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман - ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы, турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен, ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.

Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы "ауа көшу", "қонысты тастау" ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады.

Ақындарының шығармаларына тиым салынуы.

Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның өкілдері тарихи оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі - Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. құрамындағы, тайпасынан шыққан.

Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және түрінде таралған. Кейбір өлеңдері, 1880 жылы алғаш рет «» деген атты жеке болып жарық көрген. Осы кітапка, ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Дулат ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда «XVІІІ - XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары». Ал, «Еспембет» поэмасы, алғаш рет 1957 жылы, «» журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат ақынның шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Дулат Бабатайұлы ақынның жеке жыр жинағы «Замана сазы» 1991 жылы жарық көрді.

Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны XІX алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету.

Келесі қысқаша айтып өтетін ақынның аты Сүйінбай Аронұлы.

Сүйінбай Аронұлының онер жолын қарастырсақ: Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.

Жау басынар халықты

Басқарушы оңбаса.

Малша айдап адамды

Орынсыз күштеп зорласа.

Ауға тускен балықтай

Шыға алмайсың бұлқынып.

Әділеттік болмаса,

Күннің көзін жасырар.

Аспанды бұлт торласа,

Елдің бағы ашылар,

Әділеттік орнаса.

Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарған.Сүйінбайдың кейіңгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: «Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар.

Бірі - айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі,екіншісі - тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы». Жамбылдан басқа ақындар да, Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның өнер жолының алдында бас иген.

Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты. Кеңестік үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды.

Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан, Зар заман ақындары шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғылыми жинақтарда, олардың кейбір өлең-толғаулары жарық көрген тұстары да болды.

Мысалы, 1978 жылы Ленинград қаласында басылып шыққан "Поэты Казахстана" жинағында (құрастырған ) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.


Пайдаланған әдебиеті:


1.М.Әуезов.Әдебиет тарихы (1991ж).

2.Өмірәлиев Қ.Қазақ поэзиясының жанры мен стилі (1983ж).

3.Поэты Казахстана (1978ж).

4.Қазақ әдебиет.Оқулық- 10 сынып.

5.Қазақ энциклопедиясы 4 том, 3 бөлім.


«Қамысты ауданың білім беру бөлімінің Қамысты №1 орта мектебі » «ГУ Камыстинская средняя школа №1отдела образования акимата Камыстинского района»








Зар Заман тарих уақыты. История Эпохи Скорби.
















Иргалиева Б.О.

Преподаватель казахского языка и литературы

«_16_» сентября_ 2015 г.

Казахстан

Костанайская обл.,

Камыстинский р-н,

село Камысты



Камысты 2015год





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал