7


  • Учителю
  • Ш. Мұртаза 'Бесеудің хаты'. Сабақ жоспары

Ш. Мұртаза 'Бесеудің хаты'. Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Lesson Planner Template

Сабақты жоспарлау

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті Сыныбы: 9 «А» Юнит: «Мәңгілік ел» Тарих Тақырыбы: Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» пьесасы Мұғалім: А.С.Шималова

Мазмұны

Пәнге тән түсініктер.

Нақты қайсысы көрсету.

Зерттеу сұрағы.

Нақты қайсысы көрсету.

Іс-әрекет (Нұсқаулық пен іс -әрекеттер тәртібін өзгертуге немесе қайталауға болады)

Ресурстар


Ашаршылық жылдарында халықтың қиын жағдайына арашашы болған тұлғалардың ел басшыларына жазған хатының маңызы мен таныстыру.


Мақсат құрылым нұсқау

Тарих сахнасына басқа да кейіпкерлердің келуіне байланысты тұлғалардың ұмыт болуы мүмкін/ мүмкін емес

Кіріспе

Мұғалім сөзі:

«Шерағаң - бүгінгі қазақ руханиятының тұлғасы»,- деп Әбіш Кекілбай айтқандай, әдебиет жүгін иығымен арқалаған Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» деп аталатын шығармасымен таныстық.

«Журналистика деген қан базар. Кейбір жазушылар сол қан базардың ортасынан шыға алмай қалады. Ал Шерағаң сол қан базардан шығып, қазақтың классик жазушысына айналған дара тұлға,-деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Шерхан Мұртазаның әдебиетті жанрмен байытқан ерен еңбегіне жоғары баға берген болатын. Замандастары тарапынан осындай марапатқа ие болған Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасын қорытындылайық.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

  1. «Бесеудің хаты» драмасына қай кездегі оқиға арқау болған?

  2. Драмадағы негізгі кейіпкерлер кімдер?



  1. «Қазақ әдебиеті» оқулығы, 8-сынып

  2. Кітап кз сайты


Нұсқаулық:

  1. Қызығушылықты ояту, зерттеу идеясына тоқталу

  2. Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыру.

  3. Дебат, пікірталас ұйымдастыру

  4. Қорыту.

  5. Рефлексия.


Іс-әрекет

  • Ұйымдастыру.

  • Оқушылар 3 топқа бөлінеді;

  • Әр топ өз топ басшыларын сайлап алады;

  • Әр топтың ережесі шығарылады;

Жұмыстың тәртібі:

Топтық жұмыста әр топқа тапсырма беріледі. Топтар сол тапсырманы ватманда не А-4 қағазында орындап, қалдырып кетеді. Топтардың орны ауысып отырады. Олар барған топтарындағы жұмысты тек қана толықтырады, жұмыс аяқталған соң, әр топ өздері атқарған жұмыспен, толықтырулармен таныстырады.


1.Топтарға шығарманың желісі мен автордың драма жазу шеберлігін таныту мақсатындағы тапсырмалар беріледі;


І топқа:

Драмада Мүсірепов өзі өмір сүрген заман жайлы: «Жорғалар-жортақ, батырлар-қорқақ болған сұм заман»- дейді /189-бет/. Ал сіздер сол бір нәубет жайлы не айтар едіңіздер? Мүсіреповтың осы пікірімен келісесіз бе?


ІІ топқа:

Бір үзім нан сұрап, кеңсесінің алдын торыған аш адамдарға Голощекин қандай сыңай танытты? /193-бет/. Осы әрекетінен оған қандай баға бересіз? Ойыңызды деректі фильммен байланыстыра отырып, Голощекиннің шынайы бейнесі арқылы дәлелдеңіз.


ІІІ топқа:

Драматург Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» атты драмасында «Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/, «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан» деген қанаттысөз бен мақал- мәтелдерді қандай жағдайларға байланысты қолданған?


2.«Ашық микрофон» ойыны.

Шарты: Берілген сұраққа жауап бергісі келген оқушы ортаға шығып, өз пікірін қорғайды. Қойылатын талап: Ой ықшам, жинақы, дәлелді болуы керек және сөйлеуші аудиторияны өзіне қарата алуы қажет.

Сұрақ: /сұрақты аудио арқылы тыңдатуға да болады/

Драмада Сталин мен Голощекиннің екеуара сөйлескен сөзі берілген. /205 -бет/

Сталин:

-Айтшы, Голощекин, қазақтар қандай халық?

Голощекин:

-Ойбай, сұрамаңыз. Жабайы! Жа-бай-ы-ы! Тамақты қолмен жейді! Қасық шанышқы дегенді білмейді! Сұмдық!

Сталин: Ал, одақ көлеміне шығатындай ақын-жазушылары бар ма?

Голощекин: Жазушысымақтар бар. Шетінен ұлтшыл. Шетінен -Алашорда! Әлгі Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Аймауытов, Әуезов ... Шетінен қамауға алдық.

Осы үзіндідегі Голощекиннің қазақ халқы мен оның зиялылары туралы айтқан пікірін қалай жоққа (теріске) шығарар едіңіңіз?


3.Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлер салыстырылады; /Әр мұғалім өз таңдауына сай салыстырады/

І топ: Голощекин -Иванов

ІІ топ: Голощекин- Мүсірепов

ІІІ топ: Қарабаев- Нұрхан


4.Оқушылар өздері ізденген «Бесеудің хатын» жазуға қатысқан кейіпкерлердің тағдарлары туралы әңгімелейді. Ол арқылы юниттің төмендегі зерттеу сұрағын ашады: «Тарих сахнасына басқа да кейіпкерлердің келуіне байланысты тұлғалардың ұмыт болуы мүмкін/ мүмкін емес». Бұл жерде Мүсіреповтен басқасы Гатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев, Қарабаев сияқты қоғам қайраткерлерінің уақыт ағымына байланысты тасада қалып бара жатыр ма деген сауалға жауап іздейді. Сол арқылы шағын дебат ұйымдастырылады.

Рефлексия

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Үзінді / одан алған әсерім

Мұғалім сөзі:

«Қазақ драматургиясы дағдарысқа ұшыраған бір заманда Шерхан жазған «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесасы дүйім халықтың еңсесін көтерді, оның спектакліне келген Колбин өзін таныды, бір қызарып, бір қуарды», - деді белгілі көсемсөз зергері Сауытбек Абдрахманов. Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ.


Қорытынды:

  • Бағалау: Оқыту үшін бағалау негізінде 1-2, 2-3, 3-1 топтарды алдын ала белгілеген критерийлер бойынша бағалайды.

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал