- Учителю
- ҚАзақ тілінен сабақ жоспары
ҚАзақ тілінен сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 7 орыс сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Спорт киім. Тұйық етістік
Сабақтың мқсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдылагдыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әістері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі. Суреттер, слайд, үйлестірмелі қағаздар.
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, дене шынықтыру
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен сәлемдесу.
-
Бүгін нешесі?
-
Аптаның қай күні?
-
Жылдың қай мезгілі?
-
Қыс айларын ата.
Әр орындалған тапсырмаларға стикерден беріп отырамын, сол стикер санына байланысты сендердің білімдерінді бағалаймын, баға қоямын.
-
Үйге қандай тапсырма берілді?
-
деңгей әңгіме жазу, Қандай тақырып өттік, Ашық рай, шартты рай қалай жасалады?
Жаңа сабақ: Бұл суретте не бейнеленген? Қандай киім?
Сонымен бүгінгі біздің өтетін лексикалық тақырыбымыз «Спорт киімі» грамматикалық тақырыбымыз «Тұйық етістік»
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
Гүлге мақсаттарын жазу бүгінгі сабақтың
А) Тыңдалым: Мәтін тыңдау.
Мәтін не жайында?
Жаңа сөздермен танысу.
Қарапайым - простая
Ыңғайлы, қолайлы - удобная
Үлгі - пример
Сәнді - красивый
Ә) Оқылым мәтінді оқу, іштей, дауыстап.
Спорт киімі қарапайым, қолайлы және ыңғайлы. Оны көшеге шыққанда, спорт залға барғанда киеді. «Спорт - бұл өмір» - деп санайды салауатты өмір салтын ұстанатындар. «Спорт - бұл тренд», - дейді дизайнерлер және оған сәйкес сәнді спорттық киімдер шығарады. Спорттық үлгідегі киімдерді кештерге, серуендеуге киіп барып, сәнді көрінуге болады.
Мәтін не жайында?
Б) Ассациация толтыру
В) Топтық жұмыс: Оқушылар топқа отырады. 1- топ
Кітап беріледі оқушылар өздері тұйық етістікпен танысады. Оны өздері түсіндіреді.
Тұйық етістік дегеніміз не?
Қалай жасалады?
Тұйық етістік қалай түрленеді?
Сергіту сәті:
Г) Жазылым:1- тапсырма: 101 бет Тұйық етістіктерді табу. Түбір, жұрнақ, жалғауын табу.
4- тапсырма102 бет: Тиісті жалғау қойып, етістіктің шақтарын анықтау.
Д) «Жәрменке ойыны» Оқушылар жәрменкеге қойылған заттарды сұрақтарға жауап беру арқылы сатып алады.
-
Спорттық киім қандай болады?
-
Тұйық етістік қалай жасалады?
-
Жүгіру етістігінен сөйлем құрастырыңыз?
-
Тұйық етістік қалай түрленеді?
-
ойнау ды сөзін сөз құрамына талдаңыз.
Сабақты бекіту. Бүгінгі сабақта біз қандай тақырыппен таныстық? Ол жайында нені білдік?
Үй тапсырмасын беру.
-
«Жүгру, секіру» сөздерін септеңіздер
-
«Ден шынықтыру сабағындағы киім» шағын шығарма жазып келу.
Рефлексия
«Сезім ағашы» Егер сабақты толық түсісінсн қызыл алма іліңіз. Егер түсініксіз болса жасыл алманы іліңіз ағашқа.
Бағалау .