- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Диалект сөздер'
Урок по казахскому языку на тему 'Диалект сөздер'
Сынып: 5 «Ә» - «Б» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға қазақ тіліндегі диалект сөздер жайлы мағлұмат беріп ,жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау,ой жинақтау еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік : Дұрыс сөйлей білуге, өз білімін бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:тірек сызба.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру
Ережені оқу
177-жаттығу. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді тауып жазыңдар.
178-жаттығу. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді теріп алып, олардың синонимдерін немесе қазақша баламасын тауып жазыңдар.
Құрамында кірме сөздері бар бес жұмбақ тауып жазыңдар
б) Жаңа сабақ
Диалект сөздер-белгілі бір жердегі (аймақ,облыс,аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.
Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілдегі баламалары болады.
Мысалы: жұмыртқа-тұқым,шалбар-сым, пұл-ақша
в) Жаттығу жұмыстары
Чәугім-.....,тұқым-....,сым-....,пұл-...,қоңсы-....,шаппа-....,тыңла-....,құдағай-....,жар-....,зілдей-....,ұяна- .....
г) Сабақты бекіту
Диалект сөздер дегеніміз не?Мысал келтір
Е) Үйге тапсырма
Ережені оқу
187 -жаттығу. Мына диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазып шығыңдар.
Үлгі: сүгірет-сурет, ішқұста-ішқұса...
г) Оқушыларды бағалау.