7


  • Учителю
  • «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер»

«Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер» Мақсаты: Оқушылардың өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру. Сондай-ақ Отанды сүюге, байлығын
предварительный просмотр материала


Талдықорған қаласы

№4 орта мектеп кітапхана меңгерушісі

Есболатова Айгул Далдашқызы

«Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер»


Мақсаты: Оқушылардың өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру. Сондай-ақ Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді де саналы, жігерлі жастардың керек екенін түсіндіру.

Көрнекілік:

Слайд «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат».

Президенттің жарлығы, желтоқсан ескерткішінің ашылуы мен желтоқсанға қатысқандардың ерліктері, 24 жылда жеткен жетістіктер көрсетіледі.


1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты да аяулы, құрметті де қадірменді қонақтар, ұстаздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Бақыт,тірлік- күн талабы,

Тоқтамайды шаттық әні

Мәңгі бақи шырқалады

Тәуелсіз Қазақстанымның әнұраны. (ән ұран орындалады), бәріміз тұрамыз

Қазақ дейтін, бастау үшін бар көшті,

Елі үшін жорық жасап қан кешті.

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

1-жүргізуші: «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер» баяндамасын оқуға 10 сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі.

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздік егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең-байтақ қасиетті топырақта өніп-өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 17 миллионнан асып отыр. Кең байтақ Отанымыздың жүрегі- Астана қаласы. 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 22-жыл толып отыр, 22-жыл ішіндегі табыстарымыз ұшан теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз-қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан-байтақ жеріміз- ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы.

Құрметті жиылған қауым! Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002-2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын.Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын құйды.Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді,міне Парижде өткен «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103-і Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасын әлемнің 117 мемлекеті мойындап отыр. Бұл егеменді, тәуелсіз елдің нәтижесі.

2-жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Ең алғаш қазақ жастары қарсы шықты. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев,Ләззәт Асанова, Сәбира Мұхаметжановалар тәуелсіздік жолында күресті. Бірақ өздері бұл күнді көре алмады. Тарих парақтарында есімдері мәңгілікке қалды. Мәңгілік егемендікті алып келді.

1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Байрағым биік тұр».

2-жүргізуші:

Тәуелсіз ел тарихы-Отанымыздың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай- тарих. Елім, Отаным,жерім деген қасиетті үғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан,өз шаңырағынан басталады. Біздің тәуелсіздігіміз бізге қымбат

1-жүргізуші: Неге дейсіз ғой?

2-жүргізуші: Ол бізге қымбат, ата-бабаның рухын көтергені үшін.

1-жүргізуші: Неге дейсіз ғой?

2-жүргізуші: Ол бізге қымбат,сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін,

1-жүргізуші: Неге дейсіз ғой?

2-жүргізуші: Ол бізге қымбат, ата тарихымыздың, ана тілімізді, дінімізді, қаз-қаз тұрғызып «ҚАЗАҚ » деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін.


1-жүргізуші:

Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік-жыр -әнім

Ел іргесі берік болсын ұраным,

Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну

Салт-дәстүрі қолдан түспес ұраным.


Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Жаса Қазақстан».

2 -жүргізуші: Қазақтың майталман ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» атты өлеңі оқылады.


Мен қазақпын Республика! Ерікті ел Қазақстан

Келді алыстан көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып

Торды бұзған менде бір мәз арыстан.

Желде еркін, түздей кең, таңдай азат,

Мен қазақпын дегенде қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар халықтығын!

Жетер сан жыл шеккені малдай азап!


«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,

Мақтан етсін атақты туыс атын

«Қазақпын» деп жауға айтамын қасақана,

Біліп қойсын болса ойы жұғысатын


Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,

Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен

Бақ орнатам басына моланың да,

Мұрагермін оған да иемін мен.


Қандай дүние жетеді балауыңа!

Бәрі сенің, Жан Отан, қалауыңа!

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып

Қазақстан Елтаңба да,Жалауы да.


Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.


1-жүргізуші:

«Тәуелсізбін» өлеңін оқуға кезек беріледі


Тәуелсізбін.

Тәуелсізбін, айтудан жалықпаймын.

Шаттамын, шарықтап, аспандаймын.

Қол жетпестей арманға шындық жетіп,

Баспалдықтың 24 -ін басқандаймын.


Тәуелсізбін, қолымды көкке создым,

Арқасында бірліктің алға оздым

Бір кездері сорлатып сұр саясат,

Дархан жүрек мәңгүрт боп азып, тоздым.


Тәуелсізбін, айтамын жыр -әнімді,

Анық білем мекенім, тұрағымды.

Ер бабалар ел үшін жанын қиған,

«Құрбаным»- деп жағамыз шырағыңды.

Өркениет жолына талғамы дәл,

Тәуелсізбін, өз тілім, өз заңым бар

Бүгінгі осы жетістік жібін үзбей,

Болашаққа жас ұрпақ жалғаңыздар


Тәуелсізбін Көк Туым желбіреген.

Қыран құспен сан жүрек елжіреген,

Гимім, Елтаңбам олқайрат күшім,

Күдікті орнықтырар селдіреген.


Тәуелсізбін , кең дала, орманым бар,

Ұйқым тыныш, әскерім-қорғаным бар,

Жаттарға жалбарынып бас ұрмайсың

Уа, халқым енді қандай арманың бар?!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Қазақстан Нұрсұлтан» атты ән орындалады

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік алған 24 жылдағы жетістіктерімізді таныстыру үшін слайдқа көңіл аударайық.

2-жүргізуші:

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланды.

1-жүргізуші:

1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.

2-жүргізуші:

1991жылы 29-тамыз Семей полигоны жабылды.

1-жүргізуші:

1991 жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

2-жүргізуші:

1991 жылы 4-маусымда Қазақстан Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

1-жүргізуші:

1992 жылы 8-мамырда Қазақстан ұланы құрылды.

2-жүргізуші:

1992 жылы 11- желтоқсанда Әнұран қабылданды.

1-жүргізуші:

1993 жылы 28-қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

2-жүргізуші:

1993 жылы 15-қаңтарда Ұлттық ақша яғни теңге айналымға енді.

1-жүргізуші:

1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.

2-жүргізуші:

1995 жылы 30-тамыздағы жалпы халықаралық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды.

1-жүргізуші:

1996 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

2-жүргізуші:

1996 жылы 12-қаңтарда Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1-жүргізуші:

1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 2007 жылы Астананың тұсаукесер тойы болды.

2-жүргізуші:

Содан бері жыл сайын Астана күні үлкен мереке болып тойланып отыр.

1-жүргізуші:

2010 жылы 2 желтоқсанда Астана қаласында САММИТ- өтті. Бұл жоғарғы деңгейдегі кездесу.Ұйымға 56 мемлекет мүше, мемлекет аралығындағы достықты, ынтымақтастықты, сауда-саттықты, қауіпсіздікті нығайту,қаруландыруды бақылау,адам құқықтары туралы ең күрделі мақсаттар қаралатын жиынға Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев төрағалық етті.

2-жүргізуші:

2011-жылы 30 қаңтардан-7 ақпанда VII-Қысқы Азияда ойындары Алматы,Астана қаласында өтті. Қазақстан құрама командасының спортшылары 32алтын, 21 күміс, 17 қола медальға ие болды.

1-жүргізуші:

2012 жылы 1-желтоқсаннан бастап «Тұңғыш Президент» күні ел болып аталып өтуде.

2-жүргізуші: 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Коституциясының 20 жылдығы елімізде үлкен мереке болып аталып өтті.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік!

Менің байтақ Отаным.

Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік жыр әнім

Көк байрақ пен Елтаңба,Әнұраным

Мен өзіңнен Тәуелсіздік айналдым

Қолда еліңді қасиетті құраным!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Бұлқынды жүрек»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздікті айтқан сайын әр заманның арыстары ойымызға оралады. «Арманда кеткен арыстар» атты өлеңі оқылады күйдің сүйемелдеуімен

Еске алам қуғын -сүргін құрбандарын,

Дауылға қарсы қарап тұрғандарын.

Халқының бетке ұстайиын ұлдары еді,

Ақылды, бойланында тұнған дарын.


«Оян!» -деп, елге тастап ұрандарын,

Аңсады азаттықты қырандарым.

Мезгілдің төнді озбыр саясаты,

Дегендей жақсысының қырам бәрін.


Болса да бұл өңірге іңкәр дарын,

Қамалды қапас торға сұңқарларым

Аяусыз азаптады, атты қалай

Озбырлар ел көсемін, жыр тарланынын?!


Халықтың айтып зарын, ұлы арманын,

Сейілпек болып азап мұнарларын,

Қапыда құрбан болды, азап шегіп

Аяулы азаматтар Тұрарларым.


Ел үшін аямаған ақ жандарын,

Жойылды қанша асыл абзал дарын.

Атылды абақтыда азапталып

Аяулы ақындарым, Мағжандарым.


Айдалып көрген заман тауқыметін

Атылды Міржақып пен Ахметім.

Қауышып мұрасымен халқым қайта,

Айтуда алғысымен рақметін


Ел деген, ойламаған өз бақтарын,

Олардан енді қалай озбақ дарын.

Еске алып, ақтап жатыр елім енді

Арманда кеткен асыл боздақтарын.


Жауына таптатпаған намыстарын,

Бәрі де елге үлгі таныс дарын

Оралды ортамызға абыроймен

Ай маңдай, асқар, алып арыстарым.


Толтырып жатыр тарих ақтаңдағын,

Қуанам көріп халқым тапқандарын.

Барады азат елмен алға басып,

Көруге армандаған ақ таңдарын.


2-жүргізуші:

Жаса,Тәуелсіз Қазақстан! Сен бағындыратын абыройлы белестер әлі де жарқын болашақтың еншісінде. «Қазақстан -2050» стратегиясымен ұштасып, «Азия барысымен» байланысып жатыр. Жоспарымыз айқын, бағытымыз анық. Батыр бабаларымыз аманаттап кеткен азаттық, Тәуелсіздік бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгілік жатталып, санасында қастерлі ұғым ретінде сақталуы тиіс.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Қазақ жастары»

1-жүргізуші:

Яғни Отанымыздың арқасүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық, азат еліміздің білімді де білікті жігерлі, зиялы азаматы болайық . Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әрқайсымыз құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенімізді ұмытпайық. Осы залда отырған әрбір азаматымыз Тәуелсіз Қазақстан елінің шаңырағына бір-бір уық болып қадалсақ!


Жарқырап тұрса күліп күн шуағы

Желпінген көңілдерге жыр туады,

Әлемде тыныштықты сақтап тұрған

Шын достық миллиондардың ынтымағы- деп ақындарымыз жырлағандай қазіргі кезде Тәуелсіз Қазақстан 130-дан астам ұлттардың сүйікті мекені мен Отанына айналды.


Сахнаға осы кешке қатысқан барлық бала шығады

Хормен Барлығы бірге

Халқымыздың бірлігі асып,

Дәулеті тасып

Ел межесі елуге еніп,

Қазақстанды Азия барысына айналдыратын,

Болашақ азаматтарымыз!

Қазақстан- тіл жетпейтін болашақ!

Ер болуды міндеттейтін болашақ!

2- жүргізушісі:

Бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер» атты кешімізді жүректен шыққан жақсы тілектермен аяқтайық.

Намысты болайық!

Жігерлі болайық!

Сабырлы болайық!

Шыншыл болайық.!

Зерделі болайық!

Салмақты болайық!

Ержүрек болайық!

Әділ болайық!

Сүйкімді болайық!

Сезімтал болайық!

Елжанды болайық!

Отаншыл болайық!

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Атамекен» әнін бәріміз бірге шырқайық

1-жүргізуші: «Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін-кәсіп керек, білімді болу үшін-оқу керек. Ал күшті, жігерлі болу үшін- бірлік керек» Осы қағидамен басқарып отырған қорытынды сөзді мектебіміздің директорына беріледі.

2- жүргізушісі: Кешімізге қатысып көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қазақстанның көк туы мәңгі желбірей берсін!

Сәл музыка «Көк тудың желбірегені». Соңы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Назарбаев Н. Қазақстан жолы.- Астана, 2007-372 бет.

Назарбаев Н. Ой бөлістім халқыммен.- алматы. Мектеп. 2006.-248 бет.

Айталы А. Байсалды қате жібермес. - Алматы: «Таймас», 2008.-328 бет.

Тәуелсіздік шежіресі: 1991-2013 жж. Күлтегін, 2013. Том.1.2.3.4.5.6.

Табей К. Қайсар рухты қазақ: Қайрат Рысқұлбеков - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. 120 бет.

Назарбаев Н. Елмен сырласу. Сөздер, сұхбаттар.Том 1.2.3.4.

Жолдыбай О. Замана келбеті. Мақалалар, портреттер. -Астана: Елорда. 2004.-200 бет.

Авторлар коллективі. Алматы. 1988. ЖЕЛТОҚСАН. Алматы «Аударма» алқасы: Алтын орда. 1991.-192 бет.

Қазақстан мектебі. 2008жыл № 12 16-17 беттер.

Желтоқсан жаңғырығы суреттерден буклеттер жасалды

Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық папкадан мақалалар қойылды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал