7


  • Учителю
  • 'ҚЫз -өмірдің қызғалдағы' ертеңгілік

'ҚЫз -өмірдің қызғалдағы' ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамның бірі – 8 наурызды, Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,Алдарыңа жауқазындай құлпырған.Алаңсыз да балғын шақты балалар,Құш
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Аналар - асыл жандар»

Сабақтың мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ананы сүюге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтыны ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер, плакаттар, мақал-мәтелдер. Оқушылардың шығармашылық жұмысынан көрме ұйымдастыру (суреттері, шығармалары, қол өнері) шарлар, гүлдермен безендіру.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамның бірі - 8 наурызды, Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңа жауқазындай құлпырған.

Алаңсыз да балғын шақты балалар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!


Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезімдер әр ісінен даралығы.

Ана-Өмір, Ана - Бақыт, Ана - Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.- деп бүгінгі аналардың балаларға деген сыйлығын қабыл алыңыздар /сыйлық тапсыру сәті/


И. Нүсіпбаевтың «Біз - өмірдің гүліміз» әні хормен орындалады.


1 оқушы:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай, гүл бақтың.

2 оқушы:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббаттың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

3 оқушы:

Ер жеткізіп, елге берген баласың,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қайратымның қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым!

Ән «Ақ мамам»

4 оқушы:

Өскеніңді жүреді аңсап,

Өмір бойы мәпелейді.

Өңіңді сәл кірбің шалса,

Дәрігерге жетелейді.

5 оқушы:

Бір мініңді көре қалса,

Аппақ жүзі қуарады.

Сабағыңнан «бестік» алсаң.

Бес күн бойы қуанады.

6 оқушы:

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» - дейтін.


Көрініс : «Ананың шашы неге ағарады?»


7 оқушы:

Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

8 оқушы:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анамды мен,

Жүрсем дейтін шаттандырып.


М. Омаровтың «Анашым» әні орындалады.


9 оқушы:

Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең, тайлы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

10 оқушы:

Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезімдер әр ісінен даралығы.

Ана-Өмір, Ана - Бақыт, Ана - Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.

11 оқушы:

Ана деген өмірдің кәусар бұлағы

Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

12 оқушы:

Ана мейір күн көзімен пара-пар,

Тұлға бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан!

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!


Би: «вальс».


13 оқушы:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы, анашым.

14 оқушы:

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың,

Тіршілігімнің тірегі,

Уайымың болмасын!

15 оқушы:

О, анашым, таянышым, тірегім,

Бар бақытым бір өзіңнен тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән:

16 оқушы:


Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен-

Құрметті аналар!


17 оқушы:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың!


Ойын кезеңі: аналар ортаға шақырылып, ойын ойнатылады. Аналардың көзі байлаулы, балаларының құлағын сипалап, өз баласын тауып алу


18 оқушы: Туғаннан «құлыным» деп аймалаған,

Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған.

19 оқушы: Анашым мен өзіңді мақтан етем,

Жол жүрсем сағынамын, ойға кетем.

Санамды сарғайтады-ау жалғыз арман,

Қайткенде-ақ сүтіңді ақтар етем.


ән : «Анамның тілі»

20 оқушы: Туғанда «күнім-ай» деп аймалаған,

Адам бар ма ана сүтін ақтамаған.

Адам боп жүрмісіңдер жер бетінде,

Ананың махаббатын сыйламаған.

21 оқушы: Анашым ақ түсіпті шаштарыңа,

Әжімің көбейіпті қатпарлана

Мен өзім сол қатпардан тәй-тәй басып,

Өмірдің көтерілдім аспанына.

22 оқушы: Қиналмашы уайымдама,

Ойлаймын мен жайыңды.

Берейінші дайындап,

Шаршағанда шайыңды.


ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал