7


  • Учителю
  • Лекция по предмету организация обслуживание посетителей

Лекция по предмету организация обслуживание посетителей

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дәріс. 1.5 Металл ыдыстардың пайдалануы



Металл ыдыстар - ең берік және ыңғайлы бақыр ыдыс тат баспайтын материалдардан жасалады.

Әдетте қонақтарды қарсы алуға күміс және мельхиор ыдыстары қолданылады.

Мельхиор - никель мен мыстың коррозияға қарсы құйындысынан құралады. Ыдысты жасау кезінде 18-20% никельден, 80% мыстан құралып,беткі жағы 0,3 мм күміспен қапталады.

Күмісті мельхиор пішіні жағынан асханалық күміс ыдыстарына ұқсайды,бірақ бағасының арзандығы мен сапасы жағынан ерекшеленіп келеді.

Мельхиорлы ыдыстар әдемі пішінімен столді безендіреді. Сонымен қатар, ондай ыдыстарды келушілерге ұсынар алдында қыздырып беруге болады.

Мельхиорлы ыдыстар өте берік болып келеді. Оны ұқыптап жуып, сүртіп, өз уақытында күмістетіп отырса, ол көпке дейін қызмет етеді.

Мельхиорлы ыдыстардың келесі түрлері ұсынылады:

· Бір порциялық сопақша табақ

· 2 немесе 3 порциялық сопақша табақ

· 4 немесе 5 порциялық сопақша табақ

· 10 порциялық банкеттік табақ

· 6 немесе 10 порциялық дөңгелек табақ және т.б.

Мельхиорлы ыдыстардың көп қолданыстағы мынадай түрлері бар:

Бірінші тағамдарды ұсынуға арналған:

· Сорпаға арналған қақпағы бар 1,2 және 4 порциялық табақшалар.(тағамның белгілі температурасын сақтау үшін)

Тұздық астындағыекінші тағамдарды ұсынуға арналған:

· Тұздық құйғыштар- 1, 2 және 4 порциялық ыстық тұздықтарға арналған.

Қуырылған екіншітағамдарды ұсынуға арналған:

· Қуырылған балық, кәуап және шницельға арналған 1,2,4 және 10 порциялық сопақ табақшалар.

· Банкеттерге арналған 6және10 порциялық дөңгелек табақшалар.

· Шампанға арналған вертушкалар.

Асханалық құралдардың түрлері

Асханалық құралдар: пышақ, шанышқы және қасық. Оларды бірінші, екінші тағамдары ұсынғанда қояды.

Тісбасарлық құралдар: пышақ, шанышқы. Олар асханалықтан көлемі бойынша кіші. Оларды суық тісбасарларға қояды.

Балық өнімдеріне арналған құралдар: пышақ және шанышқы. Екінші ыстық балық тағамдарына беріледі.

Десерттік құралдар: пышақ, шанышқы және десерттік қасық. Тәтті тоқаштарды ұсынғанда үш жүзді шанышқы қойылады.

Жеміс-жидек құралдары: пышақ және шанышқы.

Сонымен қатар басқа да құралдар қолданылады:

· балмұздаққа арналған қасық, шай, кофеге арналған қасық, тұздыққа, кремге арналған қасықтар;

· майға, ірімшікке, нан турауға арналған пышақтар;

· устрица, теңіз шаяны, мидий, шаяндарға арналған құралдар;

· мұзға арналған қысқыштар, спаржалар;

· тортқа, тәтті тоқаштарға, уылдырыққа арналған қалақша.

Металл ыдыс-аяқ шойыннан, алюминийден, жезде т. б. жасалынады.

  • Алюминий ыдыс.

Алюминий ыдыс белгілі бір соқпа қалыппен және құйма әдіспен жасалады. Соқпа қалып ыдыстары пайдалану мақсатына қарай түбінің қалыңдығы әр түрлі болып шығарылады (жеңілдеуінде-1,5 мм орташасында -2 мм, ауырынікі-2,5 мм). Құйма ыдыс-аяқтар (таба, кастрюль, қазан т. б.) негізінен қою тамақтарды қуыруға, бұқтыруға және пісіруге арналған. Алюминий ыдыс-аяққа әр беру үшін оған күміс, хром жалатып түрлі түсті бояулармен бояйды. Алюминий ыдыс ыстыққа өте төзімді (алюминийдің балқу температура 6580С), температураның күрт (кенеттен) өзгеруі де қауіпті емес.

Алюминий ыдыста пісірілген тамақтық дәмі, түсі, исі бұзылмайды. Мұндай ыдыстарда кез келген тамақты, оның ішінде көбірек тұздалған және құрамында органикалық қышқылы көп тамақтарды да пісіруге болады. Алюминий ыдыста тамақты 2 тәулік -тен артық сақтауға болмайды; тұздалған қияр, капуста т б. осы сияқты тамақтарды да салмаған абзал, өйткені қышқылдық, сілтінің әсерінен ол тез сыр береді. Алюминий ыдысты алғаш рет пайдаланар алдында ішіне май жағын, су қайнату не сүт пісіру керек.

  • Мельхиор</ бұйымдарды сабын мен таза бордың (тең мөлшерде) қоспасын пайдаланып жылтыратуға болады. Жылы суға сабынды езіп, оған бор қосып бірыңғай қоймалжың болғанша араластырады. Осы қоймалжынды ыдысқа жағып, құрғақ шүберекпен сүрте отырып жалтыратады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал