- Учителю
- Планирование по казахскому языку в русских классах. Сочинение по теме Біздің мұғалім
Планирование по казахскому языку в русских классах. Сочинение по теме Біздің мұғалім
Қазақ тілі 5 «Б» сыныбы 30. 04.2016
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Біздің мұғалім»
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, септеуді дұрыс қолдануға, сауатты жауап жазуға және сөйлеуге үйрету; жаңа сөздермен сөйлемдер мен сөз тіркестерін құруға үйрету.
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұстазды сыйлауға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
СМАРТ мақсаттар: жалғаулық шылауларды ескере отырып, сыни тұрғысынан ойлау арқылы, оқушылар жылдам тиісті көптік, септік жалғауларды дұрыс қолдана алады, тақырып бойынша, сұрақтарға сүйене отырып, шығарма жаза алады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өткен тақырып бойынша антонимдерді қолдана отырып, саяжай туралы өз ойларын еркін жеткізе алады, шағын сөйлемдер арқылы өз ойларын жазбаша жеткізе алады.
Модульдер: Жас ерекшелігін ескере оқыту, СТО, диалогтік оқыту
Сабақтың түрі: бақылау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Қайталау. Шылау, жалғаулықтар дегеніміз не?
Үй жұмысы: №5-6. Мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Мұғалім - учитель білімді - образованный
үйретеді - учит көңіл бөледі - обращает внимание
мейірімді - добрый түсіндіреді - объясняет
ұнайды - нравится мінез - характер
2. Шығармаға дайындық. Сұрақтарға жауап беру.
-
Сен қандай мектепте оқисың? Сенің мектебің қайда орналасқан?
-
Мектептің директоры кім? Сенің сынып жетекшің кім?
-
Сендер қандай пәндерді оқисыңдар?
-
Сендерге қандай мұғалімдер сабақ жүргізеді?
-
Қазақ тілін кім береді?
-
Ол қандай мұғалім?
-
Ол сабақты қалай жүргізеді?
-
Қай сабақ саған ұнайды? Неге?
Шығарма жазу.
ІV. Бекіту бөлімі.
Оқушылардың жұмыстарын жинап аламын, тексеремін және бағалаймын.
V. Үйге тапсырма. №5-6. Мақал-мәтелдерді жаттау.
VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау.