7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып)

Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні

Қазақ әдебиеті

8 сынып

03.02.2015

Тақырыбы:

Т.Ахтанов «Күй аңызы»



Т. Ахтанов жайлы мәлімет беру, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру.

Міндеті

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әңгімені талдау

  • Ақын шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету, қазақтың күй өнері туралы түсінігін кеңейту

  • Оқушыларды тұжырымды ой айтуға, саралап таңдауға, іздене білуге баулу.

  • Бір-бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт бағдар беру.

Күтілетін нәтиже

  • Т. Ахтанов туралы ақпарат алады, әңгіменің мазмұнын ұғынады.

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әңгімені талдайды

  • Қазақтың күй өнері туралы жан-жақты ой қорытады

  • Жұпта, топта жұмыстанады

Мұғалімнің әрекеті,

әдіс -тәсілдер

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру











Үй тапсырмасын сұрау

ББЖӘТ: психологиялық дайындық «Подиум» тренингі







ОҮБ: табыс өлшемдерін таныстырады, бағалау парақтарын үлестіреді.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтары бойынша сабаққа қандай көңіл-күймен келіп отырғанын айтады. Алдымен «Көңіл -күйім жақсы» дегендер,кейін «төмен» дегендер қол көтереді. Көңіл-күйі төмен оқушыларды алға шығарып, бірнеше оқушы комплимент айтады.

Бағалаудың табыс өлшемдерімен таныс болады











Бағалау критерийлері мен парағы

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А,В деңгейі -Т.Ахтанов өмірі, «Күй аңызы» әңгімесі

В,С деңгейі - Т.Ахтанов туралы таныстырылым дайындау

Критерий бойынша

Таныстырылым

Қызығушылықты ояту

СТОҮ: категориялы топтастыру

Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып)



Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып)Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып)







Мадақтау арқылы формативті бағалау

Флипчарт 1

Мағынаны тану

Сөдік жұмысы

АКТ: лупа құрылғысы

Тізгін - аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.

Дұға - аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары.

Шылбыр - жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.

Түндік - киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.

Тулақ - үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.

Жоны - арқасы, ту сырты..

Бота - түйенің төлі.

Аруана - екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.

Мая - жалғыз өркешті түйенің інгені.

Нар - бір өркешті түйе.



Флипчарт 3

СТОҮ: Кубизм әдісі

ББЖӘТ: топтық жұмыс

Оқушыларды 4-ден 6 топқа топтастырады. Кубикті иіре отырып, әр қырындағы тапсырмаларды үлестіріп, орындалу жолын нұсқайды.

Қолдан - Композициялық құрылысына талдау





Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы.

Оқиға дамуы: Жапанда боздаған нардың кезігуі . Жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі

Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы

Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі

Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі

Критерий бойынша

Флипчарт 4

Кубик

А3

Дәлелде - «Егер, онда, өйткені»



Әңгіме желісі бойынша тұжырымдар жасайды. Мысалы:

1-оқушы «Егер, жолаушылар нарды кезіктірмегенде...» ,2-оқушы «Онда, өмірлік жарын кездестірмес еді...», 3-оқушы «Өйткені , сол нарды идірудегі өнері арқылы қыздың жүрегін жаулап алды», т.с.с.

Критерий бойынша



Суретте -Әңгімедегі кейіпкерлер портретін тауып, суреттеу. Әңгіме тақырыбы мен идеясын ашу



Естемес - жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі

Оразымбет - астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік

Жаңыл - жасы он алты - он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. Үстінде жалаң көйлегі тозған

Критерий бойынша

Оқулық

Суреттер (кейіпкерлер суреті)

Зертте - SWOT кейіпкерлерге талдау



W «әлсіз»





O «мүмкіндіктер»

T «қауіп»







Критерий бойынша

А 3

Ойлан -СТОҮ: жуан-жіңішке сұрақтар



Оқушылар 5 жуан, 5 жіңішке сұрақ дайындайды, өзге топ мүшелеріне қояды.



Критерий бойынша

Оқулық

Талда- Фишбоун әдісі. Проблеманы, себептерін анықтау, дәлелдеу, қорыту



Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып) Себептері

Проблема Қорытынды





Дәлелдер



Критерий бойынша

А 3

Ой толғаныс

СТОҮ: Эссе «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады» Секен Тұрысбеков:

Критерий бойынша



Бағалау

Критерий бойынша мұғалімнің жиынтық бағалауы



Үй тапсырмасы

/1мин/

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А- 5 жолды өлең (кейіпкерлерге)

В- жалпы күй өнері, күйшілер туралы мәлімет

С -өзге де күйлердің шығу тархын жазып алу





Кері байланыс

СТОҮ: «Екі түрлі күнделік» әдісі













































Үй тапсырмасын орындауы

А,В деңгейі

Т.Ахтанов туралы оқулықтан білемін, әңгіменің мазмұнын жақсы білемін, сұрақтарға жауап бере аламын

Т.Ахтанов туралы , әңгіме мазмұнын білемін, бірақ толық емес, сұрақтарға жауап беруде қиналамын

Т.Ахтанов туралы білмеймін, әңгіменің мазмұнын білмеймін, сұрақтарға жауап бере алмаймын

2

1

0

В,С деңгейі

Таныстырылым дайындауда қосымша материалдарды сұрыптадым, Power point бағдарламасымен жасадым

Таныстырылым дайындауда материалдарды сұрыптамай, қолға түскен дайын мәліметті ала салдым

Таныстырылым дайындуда материалдарды тек оқулықтан алдым

2

1

0

«Күй аңызы» әңгімесінің мазмұнын білуі

Әңгіменің мазмұнын, идеясын жақсы білемін, жоспар құрып, сұрақтарға жауап бере аламын

Әңгіме мазмұнын, идеясын білемін, сұрақтарға жауап беремін, бірақ өзгелердің көмегін қажет етемін

Әңгіме мазмұнын білмеймін, мазмұндай алмаймын

2

1

0

Композициялық құрылысына талдау





«Егер, онда, өйткені»





Әдебиет теориясын білу





Кейіпкерлерге SWOT талдау





Жуан-жіңішке сұрақтар





Фишбоун әдісі.



Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай аламын, оқиға желісін жақсы білемін

Оқиға желісін білемін, бірақ әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасауда көмекті қажет етемін

Оқиға желісін ажырата алмаймын, құрылысына талдау жасай алмаймын

2

1

0

Әңгіме желісі бойынша тұжырымдар жасап, дәлелдей аламын

Әңгіме желісі бойынша тұжырымдар жасаймын, дәлелдеуде өзгелердің көмегіне сүйенемін

Әңгіме желісі бойынша тұжырымдар жасай алмаймын

2

1

0

Әдебиет теориясын білемін, әңгімедегі кейіпкерлер портретін таба аламын

Әдебиет теориясын жақсы білмеймін, бірақ әңгімедегі кейіпкерлер портретін таба аламын

Әдебиет теориясын жақсы білмеймін, әңгімедегі кейіпкерлер портретін таба алмаймын

2

1

0

Кейіпкерлер бойындағы күшті, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіпті өзім ажырата аламын

Кейіпкерлер бойындағы күшті, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктерді ажыратуда өзгелердің көмегіне сүйенемін

Тапсырманы орындай алмаймын

2

1

0

Әңгіме бойынша жуан-жіңішке сұрақтар құрастырамын, жауап бере аламын

Жуан сұрақтар құрастыруда достарымның көмегін қажет етемін, жіңішке сұрақтар құрастыра аламын

Жуан-жіңішке сұрақтар құрастыра алмаймын

2

1

0

Проблеманы, себептерін анықтаймын, дәлелдер келтіріп, қорытынды жасай аламын

Проблеманы, себептерін анықтауда, қорытынды жасауда мұғалім не достарымның көмегін қажет етемін

Проблеманы, себептерін анықтай алмаймын, қорытынды жасай алмаймын

2

1

0

Эссе «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады»

Эссе жазу талаптарын сақтаймын, ойымды қорытамын, өмірмен байланыстырамын

Эссе жазу талаптарын сақтаймын, өмірмен байланыстыра ой қорытуда көп ізденуді қажет етемін

Тапсырманы орындай алмаймын

2

1

0

Қорытынды ұпай саны





Баға

6-8 ұпай - «5»; 4-5 ұпай - «4»; 1-3 ұпай - «3»







Жуан сұрақтар

-Осы шығармасы арқылы жазушыға қандай баға беруге болады?

- Қарт күйшінің жүрегін бүлк еткізер, көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не? Бұл туралы күйшінің көңіл - күй, толғанысын айтып бере аласыңдар ма?

-«Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар еді?

қарт күйші Естеместің «Заманым өткен екен ғой» деп аһ ұруы нені білдіреді?

Егер, Естеміс ауылға келмегенде, онда түйе иімес еді, өйткені күйдің құдіретімен иіді»

Егер Жаңыл ақылды болмағанда, онда өзі қаламаған адамға тұрмысқа шығар еді,өйткені күйді алғаш орындаған Естеміске тұрмысқа шығар еді

Егер екі жолаушы жолда нарды жолықтырмағанда, онда «Нар идірген» күйі шықпас еді, өйткені күй тек нарды аяп, орындаған кезде аяқ асты шыққан еді

Сабақ жоспары Күй аңызы (8 сынып)Себептері

Проблема Қорытынды





Дәлелдер

Проблема: нарды идіру, қыздың сүйгеніне қосылуы

Туындау себептері: 1/ нардың боздауы 2/қыздың астарлап сөйлеуі 3/күйді екі жолаушының бірге орындауы

Дәлелдер: 1/ ботасынан айрылды 2/ жасы үлкен Естеміске шыққысы келмеді 4/екеуі де қыздың астарлы ойын түсінді

Қорытынды: күйдің құдіреттілігіне көз жеткіздік, қыздың ақылдылығы таң қалдырды







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал