7


  • Учителю
  • Тіл дамыту. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 деңгей.

Тіл дамыту. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 деңгей.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1-сабақ І тоқсан. 18-22/01

Сабақтың тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.

Арнау-тілек өлеңдер .

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұны бойынша диалогті әңгімелесу.

  1. Өз бетімен ертегіні айта білуге жаттықтыру.

  2. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

  3. Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру.

  4. Өз атынан тілек айтуға баулу.

Көрнекілігі: Сюжетті көрнекілік,, релаксацияға әуен, бояу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, аспан ата

Қайырлы таң, жер ана

Қайырлы таң, достарым

Сендерді көрсем қуанам.

1-күн. Кіріспе.

- Осы қойға балалар қандай мінездеме бересіңдер?

- Ал, балалар, бізге кірген жыл қандай жыл?

- Өткен жыл қандай жыл болды?(көрнекілік арқылы түгел жылға мінездеме беру)

- Ал бір күні осы хайуанаттар жиналып жиналыс ашыпты

Мен сендерге бүгін, балалар, қазақтың халық ертегісі «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқимын.

- Ертегі нелер туралы?

- Бұл қай халықтың ертегісі?



2-күн. Пропп карталарымен жұмыс.

Енді бұл ертегіні оқып, пропп карта әдісі арқылы ертегілеймін. (ертегіні мәнерлеп, интонация арқылы оқып беру, пропп картаны қойып отыру)



3-күн. Сөздік жұмыс жүргізу

Жыл басы, мүшел жас, аңқау, қыл, жабағы, тілек, арнау - сөздеріне түсініктеме беру.

Құттықтаймын - поздравляю

Денсаулық - здоровье

Тілеймін - желаю

Жақсылық - добро

Қуаныш - радость

Ертегі бойынша сурет салу.



4-күн. Арнау-тілек өлеңдер.

Арнау-тілек өлеңдер мен құттықтаулар жөнінде мәлімет беру.

- Құттықтау, тілек дегенде сендерге бірінші қандай ой келді?

Біреуді құттықтау, мейрамға байланысты, біреудің жетістігіне құтты болсын айту, арнап тілек айту

- Иә, құттықтау деген сөздің ұғымы әртүрлі. Құттықтаулар түрлі мерекелік

шараларда қолданылады.

- Тілек айту қазақта бата айту мен бірге жүреді.

Бата - алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіруді көздейтін ғұрып түрі. Ақ бата - ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз үлгісі болып саналады. Сөз - құдіретті күш болғандықтан, жаны, рухы, тарихы сөзбен тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның құдіретіне шексіз сенді.



5-күн. Шығармашылық жұмыс.

  1. Досыңның туған күніне арнап тілек жаз.

  2. Халыққа бата беру.

  3. Мейрамға құттықтау жазу.







2-сабақ. І тоқсан. 15-19/02

Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.

Төрт түлік жырлары..

Мақсаты: 1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету.

  1. Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  2. Аңдарға қамқорлық сезімін ояту.

  3. Үй жануарлырына арналған жырлармен таныстыру.

Көрнекілігі: жабайы жануалар бейнеленген суреттер, олардың дыбысы басылған үнтаспа..

Сабақтың барысы:

1-күн. Жабайы жануарлар тіршілігі.

Балаға жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсінік береді.

-Қыс мезгілінде ормандағы барша жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштық қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста оларды қорек етеді.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады.

-Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды?

-Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?

Суретке қарап әңгіме құрастырады. Балалар жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.

2-күн. Төрт түлік жырлар.

Төрт түлік - мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.

Жұмбақ шешу

1.Екі айнасы бар, екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

бір шыбыртқысы бар.(сиыр)

2.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ (жылқы)

3.Басында таяғы

Төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (ешкі)

4.Кішкентай ғана бойы бар.

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

5. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тау бар. (түйе)

Төрт түлікке байланысты мақал-мәтел айту

1.Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

2.Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын.

3. Сиырлының үйі айран

4. Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.

5. Жылқы- жаным, қымыз-қымыраным.

6. Ат адамның қанаты.

7. Түйе атасы-нар, ағаш атасы -шынар.

Төрт түлікке байланысты тиым сөздер.

1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.

2.Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

3.Жас малдың тістерін санамайды.

4.Түнде мал санамайды, ешкімге мал бермейді.

5.Малды біреуге сыйлағанды яки сатқанда ноқта -жүген бас жібін берілмейді.

6.Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде сақталады.



3-күн. «Дауысына қарай тап» дидактикалық ойын.

Ойынның шарты: аудиотаспадан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату. Сонан соң сол жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Мұғалім баланың жауаптарын толықтырып, жаңа мәліметтер береді. Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.

-Қыста аңдар немен қоректенеді?

1)қыста сұр қоян түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміреді. Қоян мен бұғылар қысқа азық дайындамайды. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді.

2)қасқыр мен түлкі жыртқыш аңдар болғандықтан өзінен әлсіз болған жануарлармен қоректеніп жүреді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды искелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы - тышқан.

3)ал аю қысқа азық жинайды, қысқы ұйқыға кетеді. Жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады.



4-күн. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысын жүргізу. Төрт түлік, коала, кенгуру, аю, қасқыр, түлкі, борсық, тиін, марал, т.б. сөздерге түсініктеме мен аударма беру.

Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аю суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.



5-күн. «Жануарлар тіршілігі» дидактикалық ойын.

Мұғалім қоржын қалтаға ойыншық жануарларды салып қояды. Бала қолдарын салып қолына түскен ойыншықты алып шығып олардың тіршілігі туралы түсінік береді. Мұғалім оларды толықтырып отырады.

1.Қоянның қыста түсі қандай түске өзгереді?

2.Қандай жануар қысқы азығын жинайды?

3.Қандай жануар қысқы аззығын жинамайды?

4.Жануарлардың қысқы тіршілі туралы не білдік?

5. Егер біздің өмірімізде төрт түлік мал болмаса не болар еді?

6.Төрт түлік мал адамдарда болуы үшін қандай жағдай жасау керек?



















































3-сабақ. І тоқсан.14-18/03

Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілігі. Өлеңдер

Мақсаты: 1. Құстардың тіршілігімен таныстыру.

  1. Олардың ерекшеліктерін сипаттап,оларға деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін ояту.

  2. Өлең туралы түсінік беру.

Көрнекілігі: құстар бейнеленген суреттер, олардың дыбысы басылған үнтаспа..

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық

Мейірім шоғын салайық.

Жиналған осы шуақты,

Достарыма шашайық.

1-күн. Құстар тіршілігі жайлы түсінік.

Құстарды қанатты жануарлар деп атайды.Олар да аңдар сияқты үй құстары және жабайы құстар болып бөлінеді.Осы құстарға байланысты мен сендерге бір ертегі айтып беремін.

Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары.

Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу,

бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.

Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

2-күн. Сөзжұмбақ шешу.

1.Тұмсығымен шымшып,Құрт тереді .......

2.Тоқылдатып мазаны ап,Тұмсығымен шоқып ап,

Ағаштарды емдейді,Емші атанған....................

3.Мықты құс бар сондай,Суықта да тоңбай,

Іздеп жүріп дән тапқан,Ұшып-қонған.........................

4.Қара түсті қарқылдақ,Ұшып-қонып жалпылдап,

Қоқыстарды шоқиды,Жем іздейді там-тұмдап.

Тамағы егер кездессе,Екі шоқып,бір қарар,

Қар үстінде жорғалар,Дейміз оны...................................

5.Ала шапан киеді,Қыпылықтап жүреді,

Секектеп бір тұрмайды,Өреден құрт ұрлайды,

Қалдықты жеп тауысқан,Аты оның.........................................

6.Күндіз жоқ,Түнде бар....................

7.Тал басында,Түндіксіз отау............................

8.Қайталап атымды,Көктемде ән салам,

Кез келген ұяға,Жұмыртқа қоя алам............................

9.Таң атқаннан айғайлап,Ұйқымды менің бұзады...........................

10.Жерде де жүреді,Суда да жүзеді,

Балпаңдап ермегі,Дән шоқып жүреді.......................

3-күн. Құстар туралы қызықты мағлуматтар:

-Дүниедегі ең кішкентай құс-колибри деп аталады.

-Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс-қараторғай.

-Өте сәнді құс-тауыс.

-Әлемдегі үлкен құс-африкалық түйе құс.

-Дүние жүзінде саны жағынан құстардан бірінші орынды торғайлар алса,екінші орынды үй тауығы алады.

-Кейбір колибри қанатын минутына 200 рет қағады,оның ұясының үлкендігі жаңғақтың жартысындай,ал жұмыртқасының салмағы 2 грамм болады.

Ертеде құстардың дауысына,қимылдарына қарап ауа райын да болжаған екен:

-Әтеш кешкісін шақырса ауа райы өзгереді.

-Көктемде қарлығаш келісімен күн күркіреу басталады.

-Сұр қарлығаштар төмендеп ұшса,жауын болады.

-Тырна келісімен күн жылынады.

-Тауықтар құмға шомылса,ауа райы бұзылады.

-Құр мен шіл қар астын қорғаласа,кешікпей-ақ боран болады.

-Сары шымшық ысқырса шынымен күз болғаны.

-Ерте көктемде қарға суға шомылса,күн жылынады.



4-күн. Викториналық сұрақтар

Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? ( бүркіт)

Құстың негізгі мекенін атаңдар. ( Ұя)

Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)

Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? ( 960)

Құстардың неше түрі бар? ( 2 түрі: жабайы, үй)

Алдымен қай құс ұшып келеді? ( қараторғай)

Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі неде?

Қандай құс хат тасушы атанған? ( көгершін)

Балалар, сендер құстардың дауыстарын ажырата аласыңдар ма?

Қазір үнтаспадан құстардың дауыстарын тыңдайық.

Енді сәйкестендіру тесті беріледі. Қай құс қандай дыбыс шығарады?

Тақтада: Бұлбұл қарқылдайды

Торғай сайрайды

Қарға тыраулайды

Тырна қаңқылдайды

Қаз шырылдайды

Тауық бырқылдайды

Үйрек шықылықтайды

Сауысқан шақырады



5-күн. Сұрақ-жауап:

  1. Ұя бұзуға бола ма?

  2. Ұядан жұмыртқасын алып, жаруға бола ма?

  3. Құстарға қандай қамқорлық жасау керек?

  4. Құстардың пайдасы неде?

  5. Қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер?

  6. Құстар нешеге бөлінеді?

  7. Қандай үй құстарын білесіңдер ?

  8. Не үшін адамдар үй құстарын бағады?

  9. Үй құстардың пайдасы неде?





























4-сабақ. ІІ тоқсан. 11-15/04

Сабақтың тақырыбы: Бау-бақшада . Әңгімелер.Мысалдар.

Мақсаты: 1. Бақша өсімдіктері туралы толық түсінік беру, бақша өсімдіктерінің түр - түсін, олардың пайдасын түсіндіру.

  1. Бау-бақша туралы әңгімелеу,жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру.

Көрнекілігі: бау-бақша бейнеленген суреттер,

Әдісі: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:



1күн. Түсінік беру.

Суретпен жұмыс.

  1. Бақшаны бейнелейтін суреттер бойынша оқушыларды сөйлету. Суретке ат қою. Ол үшін оқулықтағы сұрақтарды пайдаланып, соған байланысты жауап алу.

  2. Бақшы өсімдіктері жайында оқушылардың білімін, күнделікті өмірден байқағандарын айтқызу.

  3. Қандай бақша өсімдіктерін білесің?

  4. Олардан қандай тағамдар жасалады?

  5. Кейбір бақша өсімдіктерін не оның суретін оқушыларға таратып беріп, сол туралы не білетінін айтқызып, түр - түсі туралы сөйлету.



2-күн. Мәтінмен жұмыс.

«Мамырбай атаның бақшасы» (әңгіме)

Ауыл сырты. Түн. Жаңа тұған ай да ерекше бір тыныштықтың күәсіндей жұлдыздармен қосылып жымыңдайды.

Алаңқайда арқандаулы көк жал ат Даулет пен Асанды танығандай оқыранып басын жерден көтерді. Көк жал атта балалардың тәлкегіне әбден көнген, міңгі, өте жуас жануар. Ол әсіресе демалыс кундері ауыл балаларымен бірде тау,бірде бау-бақша аралап қыдырыстағанды ұнатып алғанға ұқсайды...

Алпысты алқымдап қалған Бейсенбай ата да көк жал атын шарбақ сыртына арқандап қоюдан бір танбайды. Әйтеуір, көк жал атының таңертеңмен үйреншікті алаңқайда арқандаулы тұратынанына кәміл сенеді.

Ол көк жал ат «қолды» болды, ұры-қарының «жемі» болды деп атойлап ауылға дабыра етпейді.

Бұл жолы да көкжал ат Даулет пен Асанды ауылдан жырақта орналасқан бақшаға дер кезінде жеткізді. Ол сайсала ішімен қыбырлап оттап, ауызына іліккен көк шөпті жұлып-жеп, анда-санда пысқырып қояды.

Екеуі көк жал атты елдің көзіне түспейтіндей етіп жыра ішіне байлады. Содан соң қаптарын арқалап, Мамырбай атаның қарауындағы бақша ішіне сүңгіп кетті...

Бақшада тенкиген қауын-карбызды таңдап қаптарына ытқыта бастады. Қауын- қарбыздың көптігіне көз тоймайды.

Даулет пен Асан апыл-ғұпыл бір-екі шырын қауынды сойып жеп те үлгерді.

...Кенет қарауыл төбенің басына үш-төрт ит абалап үріп шықты. Даулет пен Асан сілтідей тынды. Түнгі бау-бақша ішіндегі сыбдырға иттер де құлақтарын түріп қалшиып қалды. Төбе басына көп ұзамай жарау жирен атқа мінген Мамырбай ата көтерілді. Оның омырауына түскен салалы ақ сақалы-оның айбынын еселеп, асқақтата түскендей.

Ол кісі қарауыл төбе басына шығып, айналасына жіті көз тігіп, тың тыңдап, айналасын барлап тұрған жайы бар...

Түндегі айдың сүттей жарық саулесі ешбір электр қондырғыларын қажет етпейді. Қарауыл төбе басындағы тұрған адамға айналасы ат шаптырым болатын бау-бақша іші алақандай болып көрінеді.

Бақша ішінде қыбырлаған жәндік Мамырбай атаның құрған торынан құтылмасы айдан анық.

Дегенмен үмітсіз шайтан Даулет Асанға:

-Атыздың ішіндегі түйеқарынның астына тығыла тұрайық. Бәлкім, байқамай кетіп қалар... - деп сыбырлады.

Түнгі дыбыстың айналаға жаңғырық болып естілетінін кім білген!? Сол сәтте иттер шәүілдеп бау-бақшаға қарай жүгірді. Жарау жирен ат та иесінің дегеніне көніп, қарауыл төбеден қиғаштап бау-бақшаға бет түзеді.

Ілезде Даулет пен Асан тығылған атыздың төңірегін абалаған иттер қаптап кетті. Екеуі тырп етпейді... Түйеқарын ішіне тұмсықтарын батыра алмай, иттер әлек!..

Кенет Мамырбай атаның зәрлі дауысы найзағайдың жарқылындай түн құшағын шарпып өтті...

-Әй, жүгермектер! Қашаңғы жатасыңдар! Түйеқарынды жастанбай, шығыңдар, түге!..Кет-әй!.. -деп иттерін аулақ қуды.

Ол мойындары салбырап түйеқарын астынан шыққан Даулет пен Асаннан жөн сұрады. Жеті атасын тугендеп, толыққанды мәліметпен қаныққан ол:

-Білесіңдер ме? Қазақтың «ұрлық түбі-қорлық» деген мақалы бекер айтылмаса керек?! Бүйтіп, ата-бабаларыңның атына жаманат, кір келтірмеңдер! Қауын-қарбызды сұрасаңдар да беремін ғой, түге!.. Алыңдар... ...Екінші былай етүші болмаңдар, түге!

... Сол туні Даулет пен Асан екі қап қауын-қарбызды көкжал аттың бауыра өңгеріп ауылға қайтты.

Бірақ бұл оқиға сабақ боларлықтай олардың есінде қалды.



3-күн. Жұмбақтар шешу.

1. Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

2. Жаздай інге тығылып,

</ Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешулері: қарбыз, сәбіз.

-Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма, әлде көкөніске жата ма?

-Көкөніске жатады.

-Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

-Шешуі: алма. Алма жеміске жатады.

-Тағы қандай жемістерді білесіңдер?

Буынға байланысты тапсырмалар орындату.



4-күн. Сұрақ-жауап.

  1. Ащы және тәтті көкөністерді ата

  2. Көкөністерден қандай тағамдар жасалады?

  3. Қысқа сақтауға және тұздауға болатын көкөністерді ата

  4. Қандай көкөністі шикідей жеуге болады?

  5. Орамжапырақты асқабақпен салыстыр

  6. Қандай көкөністі пісіп жетілмей - ақ жеуге болады?

  7. Бақшаға пайдалы және зиянды жәндіктерді ата

  8. Ұлу мен шырыштар немен қоректенеді?

  9. Орамжапырақ көбелегі қандай зиян келтіреді?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал