7


  • Учителю
  • Ашық сабақ қазақ тілінен, 5 сынып, Тақырыбы: 'Ақын қонақтар'

Ашық сабақ қазақ тілінен, 5 сынып, Тақырыбы: 'Ақын қонақтар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мерзімі: 10.02.2015 жыл

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 5 «Ә»


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың «Ақын қонақтар» әңгімесі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ақын қонақтар» шығармасын талдай отырып, шығарма кейіпкерлерінің ішкі сарайын,сезім сырларын ұға отырып, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау.

Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау, танымдық дағдысын қалыптастыру, ой белсенділігін арттыру,шығармашылыққа баулу;

Тәрбиелік: Ұлы адамдардың еңбек жасын құрметтеп үлгі алуға, елінің саналы азаматы болуға, шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы патриотизмге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Құрылымдық талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, проблемалық сұрақтар қою.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа қажетті құралдарды тексеру.

Оқушы назарын сабаққа аудару.


2. Кіріспе

Мұғалімнің сөзі:

Тарих қана, халық қана туатын,

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады Күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана!

(Ж. Әбдірашев)

Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай» ашық сабақта, Мұхтар Әуезовте - жомарт, табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айрықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар биігі - Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі - Әуезов. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне Абайдай ұлы бабаларымыздың барлық ғұмыры ақындарды халқымыздың биік рухын,мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыған адам тебіренбей қоймайды.


3. Ой шақыру

Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрақ-жауап

  1. Абай қай жерде, нешінші жылы дүниеге келді?

  2. Абайдың шын аты кім?

  3. Абайдың қандай өлеңін білесіңдер?


  1. Мағынаны тану

  1. Мұхтар Әуезов туралы түсінік. Оқушылардың қосымша мәліметтері.

  2. Бейнетаспа материалдарын көрсету

  3. Қонақ туралы халық нақылдары

Алайда халық арасында «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, малын қырсық шалады», - деген де нақыл бар. Мұны Сырым батыр бала кезінде-ақ қалай теріске шығарған, еді, енді соған тоқталсақ.

Мөңке бидің үйіне құнанына мініп, Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би: «Балаға айран әкел», - депті.

Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына қайғырған Мөңке:

  • «Құтты қонақ қонса, қойы егіз табады, құтсыз қонақ қонса, малын қырсық

шалады», - деген. Қызыл тұсақ үйелеп өліпті. Бала, құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет, - деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала:

  • Олай болмас. «Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп, малы иесіз қалады», - деген. Менің қандай қонақ екенімді өзіңіз біліңіз», - депті.

5. Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақын қонақтар» әңгімесінің құрылымына талдау. (Күнін, тақырыбын дәптерге жазғызу).

- Ал, балалар, кез - келген шығармалардың оқиғасы қалай болса солай берілмейді,ол белгілі тәртіппен өрістеп отырады, оқиғаның долған жері, орны, мезгілі көрсетіледі, ондағы адамдардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы,іс - әрекеті, сөйлеген сөзі, күйінуі, сүйінуі, еске түсіруі болады. Оқиғаның неден басталғаны, қалай өрбігені, аяқталған соң немен тынғаны айтылады. Ал жазушы осы бөлшектерді келістіріп құрастырады. Оны шығарманың құрылымы немесе композиция дейміз. Қазір осы «Ақын қонақтар» әңгімесін құрылымына қарай талдаймыз.


Әңгіменің композициялық құрылымы:


1. Оқиғаның басталуы Абайдың науқас күйі.

2. Оқиғаның дамуы Зере мен Ұлжанның әңгімелері.


3. Шиеленісуі Құтты қонақтардың келуі, жырлары.


4. Шарықтау шегі Барластың батасы.


5. Шешімі Қонақтарды аттандыру.

Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге мінездеме



Кейіпкерлері:

Абай

Зере

Ұлжан

Барлас

Байкөкше


1-ші портрет

Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі де баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық балғын емес. Сидиып арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. Бұрын қара болушы еді,бетінің қызылы да ар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді.

2-ші портрет

Шоқшалау ғана сақалы бар, келбетті келегн зор дауысты ақсары кісі


Бата


6. Жаңа сабақты бекіту.


Семантикалық карта №1


р/с

Сұрақтары


А.

Абай

Ә.

Зере

Б.

Ұлжан

В.

Барлас

Г.

Байкөкше

1

Абайдың әңгімешіл әжесі кім?


2

Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?


3

Абай ауылына келген жас қонақ кім еді?


4

Абай қонақтарға сый беру туралы кімге ұсыныс жасады?


5

13 жасар ақын бала кім еді?

Семантикалық карта №2


Кейіпкер сөзі:


А.

Абай

Ә.

Зере

Б.

Ұлжан

В.

Барлас

Г.

Байкөкше

Ал, балам, әжеңмен екеумізді қажай беруші едің, жырдың дүкені міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын.


«Шешенің судай төгілген,тыңдаушың бардай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел - дағы.


-Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен? -деп Барластан сұрады.


-Жүрмеңдер, асықпай, әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер.


-Әріден келе жатқан деседі - ау, балам, бұның түбін...


-Апа, екеуіне де жақсы қап сый беріп аттандыршы.

Семантикалық карта №3

р/с

Сұрақтары


А) Дұрыс

Ә)Дұрыс емес

1

«Абай жолы» романындағы негізгі кейіпкер - Абай.

2

Ұлжан - қатігез, зұлым, қара ниет адам.


3

Әңгіме Абайдың жиырма жасар кезінен басталады?

4

Барлас пен Байкөкше жоқ іздеп жұрген адамдар.

5

Абайдың анасы қонақтарға отар-отар қой тарту етті.


7. Жаңа сабақты қорыту.

(Проблемалық сұрақтар арқылы)

Әңгімеден шаттық сыйлар құдірет неден аңғарылады?

Абайдың сауығып кетуіне не себеп болды?

(Балалар өздері қорытады?)


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

- Әжесі мен анасының аузынан әңгіме, жырларды естіп өскен Абай, бүгінде қазақ үшін шоқтығы биік ұлы тұлға. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Абайдай дананың ұрпағы сендерсіңдер. Елбасымыз да сендердің сапалы білім алуларыңа зор мүмкіндік жасап отыр. Еліміз үшін сендер де болашақта еңбек етіп, Абай, Мұхтардай халқын сүйетін азамат болатындарыңа мен сенемін.

8. Оқушыларды бағалау.


Абайдай дана, Мұхтардай ұлы,

Байқадым бүгін сабақтан бұны.

........

«5» деген баға алдыңдар бүгін.


Білімді нақтылап көздеген,

Аламын оны деп ізденген.

........

Алдыңдар баға «4» деген.


Жақсылардан әлі үлгі аларлық,

Шығарманы қайтадан бір қаралық.

......

Бүгінгі бағаларыңі қанағаттанарлық.


9. Үйге тапсырма беру.


Шығармашылық жұмыс.

  1. «Асыл әжем»

  2. «Құтты қонақ»

  3. «Бабамнан қалған мұрам - домбырам» ойтолғау жазу.


Тексерілді: 10.02.2015жыл__________




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал