7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі пәні 'Сан есімді қайталау'

ҚАзақ тілі пәні 'Сан есімді қайталау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


САН ЕСІМДІ ҚАЙТАЛАУ.

(6- сынып)

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы бұрынғы сыныптарда алған білімдерін қайталау, еске түсіру және осы тақырып бойынша алған білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері: білімділік - Сан есімнің түрлері жөнінде білімдерін бекіту, байланыстырып сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа баули отырып, бірлікке, ұжым ішінде ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ой шапшаңдығын дамыту, сөздік қорын молайту, тиянақты жауап беруді талап ету.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, талдау, венн диаграммасы, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сурет, плакат, сөзжұмбақ, мақал - мәтел, сиқырлы таяқша.

Сабақтың түрі: қайталау білімді бекіту сабағы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысу даярлығын, оқу құралдарын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың басшылары болады.

  1. топ: Білгірлер

  2. топ: Тапқырлар


  1. Екі топ бір -біріне «Кім көп біледі?» ойыны бойынша сұрақтар қояды. Оны топ басшылары бағалау парағына бағалап отырады.

1-топ

  1. Сан есімдер құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

  2. Дара сан есім және күрделі сан есім дегеніміз не ?

  3. Сан есімдер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

  4. Есептік сан есім дегеніміз не ?

  5. Реттік сан есім дегеніміз не?

2-топ

  1. Жинақтық сан есім дегеніміз не?

  2. Болжалдық сан есім дегеніміз не?

  3. Топтау сан есім дегеніміз не?

  4. Бөлшектік сан есім дегеніміз не?

  5. Сан есімнің емлесі


2.Үйге берілген 180 -181- жаттығуларды тексеру.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Соныме оқушылар сабақты қорыта келе мақалдың тіркесін табамыз.

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, ...............

(төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

  1. Білекті бірді жығар, ................

(білімді мыңды жығар)

ІV. Жаңа сабақ

  1. Оқушылар қызығушылығын ояту


Сөз жұмбақ

е

с

е

к


б

а

л

ы

қ

т

ү

т

і

н


ж

е

л

с

у

к

і

р

п

і


м

ы

с

ы

қ

  1. Жанды сағат,

Айқай салад.


  1. Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.


  1. Жерде туып, көкте өледі.

  2. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады.


  1. Жылт -жылт еткен,

Жырадан өткен.


  1. Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

  1. Өзі жап - жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар

2.Тақырыпты таныстыру.

«Сан есімді қайталау»

3.Тақтаға ілінген сурет бойынша сөйлем құратып, сан есімді табу, ережесін қайталау.

4.Оқулықпен жұмыс.

182- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан

есімдер жасап, сөзбен жазу.

183 - жаттығу.Дара сан есімдерді бір бағанаға, күрделі сан есімдерді екінші бағанаға жазу.

185- жаттығу. Құрамындағы сан есімдерді цифрмен жазу.


  1. Венн диаграммасы бойынша сын есім мен сан есімді салыстыру.


Заттың зсааааттыңсанын,

мөлшерін, о

білдіредіоооьлоо.

Сұрақтары:

қанша? Неше?

Нешеу? Нешінші?

Сөз табы дара және күрделі

Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр - түсін, көлемін білдіреді. Сұрақтары: қандай?

қай?Сын есім Сан есім


Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіреді. Сұрақтары: Қанша? Нешеу? Нешінші?



186 - жаттығу. Сөйлемдерден сан есімдермен тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазу.

188 - жаттығу. Берілген дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазу.

V. Жаңа сабақты қорытындылап, бекіту.

«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы сабақты қорыту.

VІ. Сабақты бағалау.

Екі топты бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

189 - жаттығу. Сан есімге сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.

190-191- жаттығу. Сан есімдерді құрамы мен мағынасына қарай ауысша талдау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал