7


  • Учителю
  • Конспект по самопознанию на тему Бақыт құшағында

Конспект по самопознанию на тему Бақыт құшағында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырып: «Бақыт құшағында» 9-сабақ.

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Қарапайым өмір, асқақ ой, жақсы азамат болу

Мектеп: Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі.

Сыныбы: 7

Мұғалімі:Сарсенгалиева Гулбарам Нурланбековна

Күні:Сабақ мақсаты: «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері:

1. Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.

2. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.

3. Өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Бақытты адамның көйлегі» ертегі.

Сұрақтар

- Патшаның мазасын алған қандай ой еді?

- Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?

- Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын

талқылау:

3. Дәйексөз.

"Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі- бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу" І.Есенберлин.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?



4. Әңгімелеу. «Бақытсыз байі» ертегі

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді "мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр" деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

- Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! - деп ақырды.

- Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

- Нағыз ақымақ екен! - деп үйден атып шыққан бай енді "мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы" деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

- Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді.

Сонда жалшысы:

- Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.

Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. "Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті".

Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…

- Байдың күдігі неде?

- Сен байдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

- Байлық дегенді қалай түсінесіңдер?



5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп, «Бақытты, балалық бал дәурен» тақырыбында коллаж жасап, қорғайды.



6. Топпен ән айту.

Бақыт құшағында

Сөзі Т. Молдағалиевтікі

Әні Ш. Қалдаяқовтікі

1. Көзіңнен бір ұшқын,

Ұштым ба білмедім.

Әйтеуір нұр құштым,

Әйтеуір гүлдедім.

Көктемнің бұлбұлы

Кеудеме қонады.

Құшаққа қыр гүлі

Толғандай болады.

Қайырмасы:

Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

2. Әнбісің төгілген

Жырмысың армандай

Бір бақыт көрінген

Жақындап қалғандай

Жанардың ұшқыны

Жүректе жанады.

Қолыңның ыстығы

Қолымда қалады.

Қайырмасы.



7. Үй тапсырмасы. 10 сабақ Д.Дефонның «Робинзон Крузо.» романынан үзіндіні оқып келу.



8. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан - жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.



















































































































Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі





















Сабақ тақырыбы:









( 7 «А» сынып)













































Орындаған:

Өзін- өзі тану пәні мұғалімі: Сарсенгалиева Г.Н













2015-2016 оқу жылы















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал