7


  • Учителю
  • Автокран көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыбындағы баяндама

Автокран көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыбындағы баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Автокран көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Құрылыс немесе жөндеу жұмыстарының көп бөлiгiн крансыз елестету мүмкiн емес. Бiрақ осындай техникалық күрделi машинаны бiлiктiлiк деңгейi жоғары және жұмыс тәжiрбиесi мол адам басқаруы тиiс. Кез-келген ережеден ауытқу, қандай да бiр қателiк апатқа ұшыратады. Көтергiш механизмдерге қызмет көрсететiндердiң салғырттығынан болып жататын оқиғалар көптеген материалдық шығын және басқаларға нақты-қатер келтiрiп жатады.

Жүк көтергiш механиздердiң өнiмдi және сенiмдi жұмыс iстеуi автокранды жүргiзетiн адамның жүк көтергiш механизмдерiн жақсы бiлуiне, жылдам басқаруына байланысты болады. Жүк көтергiш кранды басқару құқығына арнайы оқудан өткен және бiлiктiлiк комиссиясынан рұқсат алған тұлғалар ғана құқылы болып, жүк көтеру жұмыстарына жiберiледi. Автокөлiк жүк көтергiш крандарындағы жұмыс келесi негiзгi операцияларды орындауға негiзделедi: шығуға дайындық, жүргiзу, жұмысқа дайындық, жұмыс операцияларын орындау, кранды көлiктi қалыпқа келтiру.

Автомобиль кранының негiзгi қажеттiлiгi - жүктi көтеру және түсiру болып табылады. Өзi жүретiн кран мен жұмыстарды орындау өте қауiптi жұмысқа жатады. Кәсiпорында қауiпсiздiк ережелерiн сақтап, оны қамтамасыз ету үшiн кран иесiн жауапты етiп бұйрық арқылы тағайындайды, оған келесiлер енедi:

  • Жүк көтергiш крандарының қауiпсiз пайдалануын бақылау бойынша тұлға;

  • Жүк көтергiш крандарды қалыпты жағдайда да ұстауға жауапты тұлғалар;

  • Крандармен қауiпсiзжұмыс iстеуге жауапты тұлға (әр учаске жұмысында және әр ауысымда).

Жүк көтергiш крандардың қауiпсiз пайдалануына бақылау жасау үшін тұлғалардың мiндеттерiне крандардың техникалық жағдайына қадағалау жүргiзу, алып-салмалы жүктi iлу жабдықтарын, жұмыстың дұрыс тәсiлдерiн, жұмысшылардың жеке қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы, жүк көтергiш крандарды куәландыру, жұмысшылардың бiлiмдерiн тексеру және аттестациялауға қатысу, ТЖ департаментi органдары ұйғарымын орындауға бақылау жасау болып табылады.

Жүк көтергiш крандардың жарамды етiп ұсталуына жауапты тұлғалардың мiндеттерiне: крандарды әрдайым тексеру және жөндеуден өткiзу, кран жүргiзушiлерiнiң өндiрiс нұсқамаларын, еңбектi қорғау бойынша нұсқаулықтарын дұрыс орындау, жабдықтардың техникалық құжаттамаларын сақтауенедi.

Крандармен өндiрiс жұмыстарында қауiпсiз жұмыс iстеуiне жауапты тұлғалардың мiндеттерiне: кранды дұрыс орналастыру және тиiстi бiлiктiлiгi бар жұмысшыларды жұмысқа жiберу, жүктiң көлемiне сәйкес қою және тәртiбiн сақтау, түрiне сәйкес алып салмалы жүктi тиеу бойынша жұмысты ұйымдастыру кiредi.

Жүктi тиеу үшiн жүк тиеушi тағайындалуы керек. Қызмет көрсететiн аумақ кабинадан толық көрiнбейтiн, кран жүргiзушi және тиеушi арасында жүк көтерушiге белгi беретiн радио-байланыс телефоны болмаған жағдайда белгi берушi тағайындалуы тиiстi. Тиеушi оқудан және қажеттi бағдарлама бойынша аттестациядан өтiп, куәлiгi болуы қажет.

Кранды басқарушы жүктi тиеу және түсiру жұмыстары алдында кранды тексерiп, вахталық журналға тексеру қорытындысы туралы жазу қалдыруы қажет.

Жүктi iлу алдында жүк тиеушi барлық жабдықтарын тексерiп шығуы тиiс.

Жүк көтергiш механизмдердiң қондырғылары және қауiпсiз пайдалану бойынша өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бiрқарағанда орындауы оңай және жәй сияқты. Бiрақ бiрнеше адамның қауiпсiздiгi кей уақытта тiкелей осыған байланысты болады. Жүк көтергiш крандарының қауiпсiз пайдалануын бақылау бойынша тұлғалар және жұмысқа қатысы бар аталған тұлғалар осыған сәйкес жауапты болады. Бiрiншi кезекте қамын ойлайтын кәсiпорын басшысы - кранның иесi және де жұмыс барысында пайдаланушы болуы керек.

Осы жөнiнде еске сақтасаңыздар, техникалық жағдай Сiздi сырттай айналып өтедi.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал