7


  • Учителю
  • План урока по самопознанию на казахском языке на темуЖақсылықпен жаным дос(5 сынып)

План урока по самопознанию на казахском языке на темуЖақсылықпен жаным дос(5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары



Мектеп №38 Сұлутөр орта мектебі. Мерзiмі: 15.10.2015ж. №7



Тақырып: Жақсылықпен жаным дос.



Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық.

Мұғалiм: Иманбаева Н.Қ.

Cыныбы: 5 Оқушылар саны: 10



Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға уйрету.



Міндеттері:

Білімділік:

Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі.

Сара Алпысқызы Назарбаева





  1. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№7 Жақсылыққа-жақсылық (Ертегі) оқып, түсінігін айту. 28 бет

Сұрақтар:

1. Анасы баласына не әкеліп беруін сұрады?

2. Бала жолдан кімдерді кездестірді?

3. Бала өзімшілдігінен қалай арылды?

4. Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай 5. қорытынды жасауы мүмкін?

5. Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?



Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

Жақсы сөз - жарым ырыс

Халық мақалы

(оқушылар талдап болғасын барлығы бірге 2рет айтып шығады)





  1. Әңгiмелеу (сұхбат). Аңыз айту.

Ертегілер еліне саяхат

«Сиқырлы шам» / бейнетаспадан фильм көрсету/

· Осы ертегіден не түйдіңдер?

. Жақсылық жасау деген не?

· Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

· Фильмнің соңында адамдарды не біріктірді?



План урока по самопознанию на казахском языке на темуЖақсылықпен жаным дос(5 сынып)

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу. Постер жасау.

Ертегіні оқып, жалғасын өз ойларыңмен аяқтаңдар

1-ші топ. Қарлығаш пен дәуіт.

2- ші топ. Арыстан мен тышқан

Сұрақтар:

· Ертегіден не түйдіңдер?

· Жақсылық жасау деген не?

· Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?





  1. Топпен ән айту.

«Біз бақытты баламыз»



План урока по самопознанию на казахском языке на темуЖақсылықпен жаным дос(5 сынып)

  1. Үй тапсырмасы.

№8 С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет.

Дәптермен жұмыс №7 1,2 тапсырмаларды орындау





  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.







План урока по самопознанию на казахском языке на темуЖақсылықпен жаным дос(5 сынып)























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал