7


  • Учителю
  • Мен өз отанымның патриотымын

Мен өз отанымның патриотымын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Отан суюшілікке, ерлікке, ұлтын суюшілікке, батылдыққа, табандылыққа - талеранттылыққа, өжеттілік, қайсарлыққа баулу.

Көрнекілігі:

  1. Н.Ә. Назарбаев - 2030 бағдарламасы.

  2. «Менің Қазақстаным» слайд.

  3. Мен - Отанды сүйемін. Слайд.

  4. «Мен - елімнің ертеңі» слайд.

  5. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы ағамыз (слайд).

  6. Техникалық құралдыр.

  7. Қазақстан Республикасының рәміздері.

  8. Елбасы Н.Ә. Назарбаев қанатты сөздері. «Жалғыз Отан - тәуелсіз Қазақстан!»

  9. Б.Момышұлы шығармасынан кітаптар көрмесі.

  10. Ауызша журнал (ардагерлер).

Кіріспе:

Тәрбиеші Алиева А.А., Қожахметова Н.Ш., сөздері, (7 минут)

Қадірлі Ұстаздар! Қымбатты оқушылар! «Мен - Қазақстан патриотымын» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Тақырып: үш бөлімнен тұрады.

1-бөлім(7 «а» сыныбы): «Менің Қазақстаным» Бұл бөлім еліміздің әнұранымен басталады.

2-бөлім (7 «б» сыныбы): Мен - Отанды сүйемін.Оқушылар «Отан» атты әнді хормен айтады.

3- бөлім (7»а» сыныбы): Әскери - патриоттық тақырыпты жете түсіндіру. Мақсатында Бауыржан Момышұлы өмірі, ерлік істері үлгі етіеді (слайд)

4-бөлім: Ой-жарысы, оқушы шығармашылығы. (7а,7б сыныптарынан)

Қорытынды: 7»б» (Слайд-шоу)

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан - 2030 » жолдауында «Біздің балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Енді басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі. Қазақстанды - «Отаным» деп таныған әрбір адам - осы мақсатқа өз үлесін қосуы тиіс. Отанның бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымдықпен күрес ішкі, сыртқы күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай «патриоттық тәрбие» мәселесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, оның патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек ұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармалырының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскер-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды.

Атамекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,- деп

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал Панфиловтың 8-гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, дивизия командирі қызметін атқарып жауға қарсы соққы беріп, батальонды бірнеше рет жау қоршауынан алып шықты. Жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақыра білді.

«Волоколамск тас жолы» романы арқылы ағамыздың аты әлемге әгілі болды.

Бауыржан ағамыз: «Жеңіс кілті Отан сүюшілікте.Ол балаға жөргөкте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек», деген болатын.

Ол өзінің өшпес өнегеге, ерлікке, патриоттық сезімге толы:

  1. «Офицер жазбалары».

  2. «Артымызда Москва»

  3. «Генерал Панфилов»

  4. «Куба әсерлері»

  5. «Соғыс психологиясы»

  6. «Қанмен жазылған кітап»

  7. «Ұшқан ұя» кітабы үшін

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Б.Момышұлы патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты терминдерге анықтама берді. Енді патриотизмге байланысты біраз ой пікіріне тоқталайық.

Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның қоғаммен мемлекет қауіпсіздігіне тікелей байланыстылығын сезіну. Патриотизм мемлекетті жеке адаммен оның өткені, бүгінгі және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.

Ерлік - табиғат берген сый емес, әр адамның ар-намысында, абыройлыда; өзін оапсыздық пен масқара болу сезімінен қорғау; Адамның ең ұлы сезімін - азаматтың парызын орындау үшін, адамгершілікті сайықа түсе отырып, ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп-қатерінде бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу; саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу;

Батылдық - қимыл әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық - батырлардың қалқаны.

Өжеттілік - қайсарлық - адамның тіпті мүмкін емес нәрсеге абыроймен, тіпті өлімге бас тігу.

Тәуекел ету - игілікті құлшыныс.

Халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі, жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің құдіретті күшін, күресте рухани күшті құралы болғанын соғыс эпизодтарынан нақты мысалдар келтіріп, жаудан жеңілмейтініне басты назар аударған.

Бауыржан ағамыз артына жетпіске жуық мақал-мәтелдер қалдырған. Ол мақал-мәтелдер мынау: «Ерлік - тәрбиеден туады», «Ерлік білекте емес, жүректе. Отанда - оапсызға орын жоқ», «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық» - деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды. Тіпті Бауыржан ағамыз туған ауылына келіп, ауыл адамдарының ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін көріп ызаланады. Дастарханға ас қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата тілекті жаңаша жаңғыртты.

«Я құдай тозақтың отынан сақта, қаңғыған оқта сақта;парақор соттан сақта, кірлі сумен жуыстан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта. Адамды қадірлемес есерден сақта; Нанды басқан есерден сақта, Мезгілсіз келген өлімнен сақта.Жастарында әдеп жоқ, өлгенінде батуда жоқ құр айғай-шу даңқойдан сақта» деген батасының тұнып тұрған тәлңм, өзіндік үлгі - өнеге, өлмес, ескірмес өсиет екендігінде дау жоқ.

«Бауыржан Момышұлының шығармашылығы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі».

Бауыржан - көне Күлтегін ескерткішінде жазылғандай, «өз Елін-елдікті еткен, жауын-бейбіт еткен-батыр;»

«Мен - Отанды сүйемін»- бөлімі (слайд)

  • Сендер, Ұлы Отанды сүйе отырып ортақ шаңырағымыз аясындағы достықты сақтауға міндеттіміз.

  • Ең негізгі мақсат пен талап-адал болу. Тек адал адам ғана өз Отанын сүйеді; қауіпсіздігін ойлайды, тіпті қорғаныс жағдайында күреске белсенді түрде қатынаса алады. Біздің еліміздің жастары Қазақстан патриотизмінің шынайы келбетін көрсетті.1986 жылы Желтоқсан оқиғасында жастар ата-бабаның үлкен тәжірибесін қабылдап, оны көрсете білді. 18 жылдық тарихы бар, тәй -тәй басқан Қазақстан - тәуелсіздік жемісін көрді.

  • Ой жарысы: (Слайдта жазылған).

  • Сұрақтар:

  1. Мен - Қазақстан патриотымын.

  2. Қазақстан - менің Отаным.

  3. Мен - елімнің ертеңімін.

  4. Қазақстан - мен үшін жауапты болса, менде елім үшін жауаптымын.

  5. Патриотизм сөзіне анықтама.

Мазмұны: Патриотизм - туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.

Патриотизм - қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.

Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.

Оқушылар шығармашылығы «Бұлақ көрсең көзін аш» дегедей, сыныпта ақындықта қалам тартып жүрген балалар бар (Тыңдап көрейік).

  • Байрон Мәрес. («Ағаның ерлігі») өлең.

  • Кәбір Санжар «Батырға құрмет». Өлең.

Көш жүре түзеледі - дегендей, шығармашылықтарыңа дән ризамыз! (қол шапалақталады).

Еркін алға басатын

Ертеңге жол ашатын

Ұрпақтардың бақыты.

Қазақ елі жасасын!

Сүйемін байлығымды, тілімді.

Киелім, айбынымды, күнімді.

Орнаймын көгіне жұлдыз боп.

Қорғаймын Отанымды - Туымды.

Ваш браузер должен поддерживать фреймы

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать</</p>







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал