- Учителю
- Қазақ тілінен Одағайдың түрлері 5-cынып
Қазақ тілінен Одағайдың түрлері 5-cынып
СЫНЫП: «6 » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ: № САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Одағай
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Сабақтың мақсаты - ойға үстейтін мәндеріне сипаттама беру және мағыналық түрлеріна талдау жасау
МІНДЕТТЕРІ: Одағайдың түрлерімен таныстыру.
1. БІЛІМДІЛІК: Одағайдың жасалу жолдарын меңгерту..
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.
САБАҚ ТҮРІ: .қайталау сабақ
ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, сұрақ - жауап.
КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек - сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.
САБАҚ БАРЫСЫ:
I.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Оқушылармен амандасу:
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.
Кезекшімен сөйлесу:
-
Сыныпта кезекші кім? Бүгін сыныпта кім жоқ? Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?
ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: Ережені түсініп оқу, қайталау. 355-жаттығу.
ІІІ. Одағай дегеніміз не?
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты
білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін
немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер
о д а ғ а й с ө з д е р деп аталады. Одағайлар ойға үстейтін мәніне
қарай үш түрге бөлінеді.
Одағайлардың қандай түрлері бар?
1. Көңіл - күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, түу, аһ т.б.
2. Жекіру одағайлары, тыйм салу, бұйыру, сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә, т.б.
3. Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре - шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ- моһ, құр-құр, кә-кә, пырс. т.б.
Көрініс
Одағайлар - ертегіде. «Қаңбақ шал»ертегісі бойынша
- Әй, кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді.
- Ойбай, немізді береміз?
- Тәйт! Ойбайламай:- Үйде ет жоқ,нені асамыз?- десең болды. (дәулер
келеді)
Кемпір:- Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ?
- Түу, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын, ортаңғы дәудің төсін
ас,болмаса, досым дәудің өзін ас!
Дәулер:- Астапыралла, қашайық! (бәрі шығып кетеді)
Қөңіл - күй одағайы. Сөйлем құрап жаз.
1-топ: алақай, уһ, пай - пай
2-топ: әттең, берекелді, түуу
IV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
Семантикалық карта
«Тауып көр» ойыны
V. Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:(гүл суреті)
-
1.Одағай дегеніміз не?
-
2.Одағай түрлерін ата?
-
3.Одағайларға мысал келтір
Үйге тапсырма: Одағай тақырыбы бойынша тест құрап келу.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау