- Учителю
- Қазақ тілінен сабақ жоспары: 'Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау. ' (7 Сынып)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 'Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау. ' (7 Сынып)
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіре зат есімнің түрленуі туралы ұғымдарын,сөз таптары жайлы білімдерін жетілдіре түсу; дамытушылық - зат есім туралы түсініктерін дамыту,сөздік қорын молайту,ойлау,қабылдау,меңгеру қабілеттерін қалыптастыру; тәрбиелік - елжанды,жан-жақты білімді,қоғамға лайықты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілі (жоғары оқу орындарына түсушілеріне арналған тест).А., «Шың кітап»,2008.
Көрнекілік: интерактивті тақта,демонстрациялық құралдар,сызбалар,даналық сөздер.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу;сынып бөлмесіндегі ауаның таза болуына көңіл аудару.
ІІ.Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
-
Морфология нені зерттейді?
-
Сөз таптары дегеніміз не? Тілімізде сөз таптары нешеу?
-
Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары нендей?
-
Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Ережелерін айт.
-
Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Ережелерін айт.
-
Жалпылай,жекелей атауына қарай зат есім қалай бөлінеді? Ерекшеліктерін айт.
-
Зат есімнің мағынасына қарай түрлерін ата,түсіндір.
-
Зат есім тудырушы жұрнақтарды да атап өтейік.
Жауаптарды қорытындылау,толықтыру,оқушылар зейінін интерактивті тақтадағы алдын ала жазылған мысалдарға аудару.
- Балалар,қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қабылданғанына 20 жыл толуына байланысты тіліміз туралы ұлағатты сөздерге көңіл аударайық.
Қазақ тілі - бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.
Ғабит Мүсірепов.
Қазақ тілінің мәртебесін көтерсек,ұлттық мемлекет құрудың негізін қалыптастырамыз.
Елбасы жолдауынан.
- Тіліміз туралы кім мақал-мәтелдер,даналық сөздер біледі екен?
ІІІ. - Балалар,ана тілімізді терең меңгеруден жалықпайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау.
Сабақтың мақсаты айтылып,зат есімнің түрленуі туралы түсінік беріледі.
1.Зат есімді түрлендіретін оның жалғаулары болып табылады.
2.Көптік ұғымды білдіретін көптік жалғаулар зат есімге үндестік заңы бойынша жалғанады.
3.Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: бидай,шаш,су,ақша,қымыз,көмір,ұн,күріш,т.б.
Оқушылармен біріге отырып,зат есімнің тірек сызбасын сызамыз.
негізгі,туынды
дара,күрделі
жалқы,жалпы
кім?не?
деректі,дерексіз
көптеледі
тәуелденеді
септеледі
жіктеледі
ЗАТ ЕСІМ
IV. Сабақты бекіту.
1. Интерактивті тақта арқылы еліміздің көрікті табиғаты көрсетіледі.
- Балалар,табиғат көрінісіне қарап,зат есімдерді қатыстыра қосымша мәтін құраңдар.Сөйлемдерің мағыналы,әдемі болсын.Мәтінге ат қойыңдар.Қандай зат есім түрлерін қамтыдыңдар? Ең әдемі мәтін бағаланады.
Сұлу табиғат
Қазақстанның табиғаты өте керемет.Көз тартарлық ғажайып көрінісінің бірі - Көкшетаудағы Бурабай.Бурабай өзінің Жұмбақтасымен,Оқжетпесімен және биші қайыңдарымен,көкке өрлеген биік шыршаларымен,таза ауасымен әлемге танымал.Ақындар мен жазушылар сексен көл қоршаған Көкшетаудың көз тоймас сұлу табиғатын жырлап тауыса алмаған.
2. Оқулықпен жұмыс. 34-жаттығуды ауызша орындап мақсатын айқындау. (Жаттығудың мазмұнына, авторы Тоныкөк (646-741ж.) екеніне басты назар аудару).
3. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығарылып,мұғалімнің қалауымен жаттығу ішінен екі сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
Ел төре-сі жау-ла-ма-са, о-ған ер-іп мен жау-ла-ма-сам, ел-ім, халқ-ым жой-ы-лар е-ді.
О-ның шаб-у-ыл-ы-ның нәтиже-сі-н-де, ме-нің шаб-у-ыл-ым-ның нәтижес-сі-н-де ел-іміз қайта ел болды,халқымыз қайта халық болды.
4. Қалған оқушылардың назары интерактивті тақтадағы алдын ала компьютер арқылы сызылып дайындалған «Зат есім» сөзжұмбағына аударылады.
З
А
Т
Е
С
І
М
Сөзжұмбақты шеш.
-
Ұлттың аты
-
Әженің сөзі
-
Дауыс толқыны
-
Сөзді,оның мағынасын зерттейтін сала
-
Тиянақты ойды білдіреді
-
Септік атауы
-
Затты ажарландыра түсу үшін ұқсас затқа балау,құбылту.
5.«Кім жылдам?» ойыны. Логикалық тапсырма.
І топқа
Төмендегі сөздерден алдымен етістік,содан кейін қайтадан зат есім жасаңдар: ес,ой,жиын,бас,хабар, бір.
ІІ топқа
Төмендегі сөздерден алдымен зат есім,содан кейін қайтадан етістік жасаңдар: жина,ойын,кес,теп,айт, бұр, соқ, тала.
ІІІ топқа
Төмендегі сөздерден алдымен зат есім,содан кейін үндестік заңына байланысты көптік жалғауын жалғаңдар: ойна,көр,қыс,тап,тара,шай,жама,өлше,шал,кес,түс,қуан.
V. Сабақты қорытындылау:
1. Зат есімнің түрленуі дегеніміз не?
2. Көптік жалғауларын ата.
3. Көптік жалғауы қандай сөздерге жалғанбайды?
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау. 35-жаттығудың мақсатын толық орындау.Соңғы бес сөйлемге морфологиялық талдау.