7


  • Учителю
  • Открытый урок 'Қазақстан қалалары'

Открытый урок 'Қазақстан қалалары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 сынып

Тақырыбы:Қазақстан қалалары.

Салалас құрмалас сөйлем

Мақсаты:1.Модуль бойынша алған білімдерін жинақтап,қайталау.

2.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратып,тақырып бойынша сөйлем құрастыру.

3. Өз Отанын,өз қаласын жақсы көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтап,қайталау.

Құрал жабдықтар: Интерактивті тақта,Қазақстан картасы,үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс:география,тарих

Сабақтың барысы: I кезең.Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлемдесу

  • Түгендеу

Тренинг: Өте ерте заманнан бері адамдар бір-біріне шуақ нұрын сепкен,олар бір-біріне қол ұшын созған кезде олардың алақандарының арасында кіп-кішкене күн пайда болады.Ол күн адамдардың жүректерін жылытып,көздеріне нұр сыйлаған.Ал,кәнеки, балалар! Біз де бір-бірімізге күн сәулесімен нұрланған көзқарастарымызды сыйлайық,бір-бірімізге жылу сыйлайық:

Мен өзімді жақсы көремін!

Мен сені жақсы көремін!

Мен өз қаламды жақсы көремін!

Мен Қазақстанды жақсы көремін!

Мен әлемді жақсы көремін!

Мен саған сәттілік тілеймін!

Мұғалім: Біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше,біз өз сөзімізді дәлелдеу үшін сендермен бірге Қазақстан Республикасының қалаларына сахат жасап,білімдерімізді көрсетеміз.Ол үшін біз төрт топқа бөлінуіміз қажет.(Лиза,Анастасия,Наташа,Таня) өз топтарын құрады.Әр топ өзі қалалардың бірін таңдап алады.Орындарына отырып,дайындалады. (3 мин)

Саяхатымызды бастаймыз:

Өскемен қаласына жету үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруіміз керек:

I тур.

  1. Өскемен қаласында қандай зауыттар бар?

  2. Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан?

  3. Тараз қаласында қандай кесене бар?

  4. Астана қаласы қай жылдан бері еліміздің астанасы?

Өскемен қаласы туралы топтан бір оқушы шығып,қаламен таныстырады.(слайдтар)

II тур.

Тараз қаласына жету үшін төмендегідей тапсырманы орындау керек. «Домино» ойыны бойынша сөздерден сөйлем құрастыру керек.

Тараз қаласымен таныстыру.(слайдтар)

III тур

Ақтау қаласына жету үшін төмендегі тапсырмаларды орындау керек

Мына сандарды сөйлетейік:

16.12.91

1998 жыл

9 метр

2030 жыл

Әр топта жауаптарын бір қағазға жазып келесі топқа тексеруге береді.

Ақтау қаласымен таныстыру.(слайдтар)

IV тур.Енді Астана қаласына жетіп, Бәйтерекке шығу үшін төмендегідей тапсырмаларды орындауымыз керек.

Құрмалас сөйлемдерді жалғастырып жазу керек.

1.Мен өз қаламды жақсы көремін,және ....................

2.Менің қалам кішкене,бірақ ......................................

3.Мен өз қаламды жақсы көремін,себебі ..................

4.Мен не Астанаға барамын, не ..................................

5.Біресе Өскеменге барғым келеді,біресе .................

Бәйтерекке әркім өз тілегін жазып,қалдырады.

Кім Астананы жақсы көремін десе оң қолын көтерсін,

Кім өз қаласын жақсы көремін десе сол қолын көтерсін,

Елімізде көп ұлттар достықта тұрады десе алақан соғайық,

Кім сыныптасын досым десе қол ұстасайық,

Қол ұстасып,туған жер туралы өлеңді оқиық:

Сенен артық қасиет жоқ, жер, тегі

Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі

Тағдырыңды тапсыр маған,туған жер,

Көркейтуге міндеттімін мен сені.

(Ә.Сәрсенбаев)

Сонымен біздің Қазақстан қалаларына жасаған саяхатымыз аяқталды.Сендер саяхат барысында өз білімдеріңді көрсетіп,жинақтап,қайталадыңдар.

Сабақты қорытындылау.



«№16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Қазақ тілі және әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі


Ашық сабақ.


«Қазақстан қалалары.Салалас құрмалас сөйлем»



Туғамбаева А.Ж.


2011 -12 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал