7


Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Бекітемін»Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» Класы: 8 «А»Сабақтың мақсаты: а)білімдік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;ә)тәрбиелік: оқушылардың оқуға
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Класы: 8 «А»

Сабақтың мақсаты:

а)білімдік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;

ә)тәрбиелік: оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын арттыру, ұжымдық іскерліктерін ұштау, оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, күй өнерінің құдіретін ұғындыру;

б)дамытушылық: оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге бағыттау, тіл байлығын жетілдіру, сыни ойлау арқылы шығармашылық баяндауға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс интерактивті

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Оқытудың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

«Ән мен күй арқылы халықтың ойын сезінеміз, арманын ұғамыз, келешекке көз тастаған үмітін танимыз».

Ілияс Омаров.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

б) оқушыларды сабаққа бейімдеу.


ІІ. Қызығушылықты ояту. «Кластер» стратегиясы





Ұ









ІІІ. Мағынаны тану

Композициялық талдау


1. Оқиғаның басталуы

Екі салт аттының жолға шығуы.Қос күйшінің сұхбаты.


2. Оқиғадағы байланыс

Жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары, Естеместің домбырасына тіл бітіруі, қос жолаушының жалғыз қараша үйге келуі т.б.


3. Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.


4. Оқиғаның шарықтау шегі

Қарт күйшінің өнері немесе өмірге келген жаңа күй, иіген нардың желінін қыса ұстаған қыздың әрекеті.


5. Оқиғаның шешімі

Естеместің жолын жас жігітке беруі немесе иіген нар.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан Оразымбет, Естемес, Жаңыл портреттерін тапқызып оқыту.






Оразымбет

Астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік.

Жаңыл

Жасы он алты-он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдір қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған.


Естемес

Жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Тарамас денелі, қатқыл өңді, терең әжімді, егде кісі.


Түсініктеме күнделігі

  • Қолқа салу - дос,туыс,жолдас адамдардың бір-бірінен бір нәрсені қалауы,сұрауы.

  • Қоржын - әр түрлі нәрсе салуға арналып тоқылған екі бөлікті қап.

  • Түндік - киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.

  • Тулақ - үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.

  • Шылбыр - жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.

  • Жұт - қыс қатты болған жылдары аштықтан,суықтан малдың қырылуы,мал өлімі,індет.


Тұжырым кестесі


Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге берілетін баға

1

Естемес

Жоғары. Жасы егде тартса да, отбасын құруды ойлайды.

Түсінігі мол, есті. Оразымбетке жолын берді.

Жақсы

2

Оразымбет

Жоғары. Өнерді сүйеді. Жігері мол.

Кішіпейіл. Үлкенді құрмет тұтады

Өте жақсы

3

Жаңыл

Жоғары. Жігерлі жан.Өз бақытын табуда өжеттік танытады.

Кішіпейіл, ибалы, ақылды

Өте жақсы

4

Шал

Жоғары. Жоқшылыққа төзе білді, моймады.

Көпті көрген есті жан, мейірімді.

Жақсы


Ситуациялық сұрақтар:

1.Егер сіз Жаңылдың орнында болсаңыз, қандай әрекетке барар едіңіз?

2.Егер сіз Естемес күйшінің орнында болсаңыз,домбыраңызды шәкіртіңізге ұсынар ма едіңіз?


Толғаныс сәті («Нар идірген» күйі ойнап тұрады)

«Қазақ күй өнерінің құдіреті» (5 минуттық ойтолғау)


ІV.Бекіту.

1. Сонымен,балалар, Тахауи Ахтанов кім болды?

2. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осыншама тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?

3. Шығарманың басты идеясы не болды?

4. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?

Үй тапсырмасы:

І. Пікір күнделігі

  1. Шығарманың атауы

  2. Шығармадан үзінді

  3. Өз пікірің

  4. Мақал-мәтел

ІІ. Аңызға байланысты сурет салу


V. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал