7


  • Учителю
  • 6-Сынып оқушысы Сабырқұл Назымның 'Қорығым-байлығым'тақырыбындағы өлеңі

6-Сынып оқушысы Сабырқұл Назымның 'Қорығым-байлығым'тақырыбындағы өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


ОҚО Түлкібас ауданы

«Алғабас»жалпы орта мектебінің

6-сынып оқушысы Сабырқұл Назым

Қорығым-байлығым

Жер жаннаты атанған Түлкібасым,

Қорығымен мақтанар халқың бүгін.

Жұрт тамсанар көрікті табиғатпен,

Бар байлығы табылған қойнауынан.

* * *

Қорығының жүз жылдай ғұмыры бар,

Аспанменен астасар қарлы шыңдар.

Тау мен тасты аралап бұғы ,арқар,

Таутекелер ойнақтар сай -салада.

* * *

Сән берер сайрап құстар,торғай,ұлар,

Құйқылжытса,аспанға шырай кірер.

Долана, алма , жүзім тіл үйірер,

Тау жағалай өсіп тұр арша,шырша.

* * *

Борсық,суыр кездесер тағы мұнда,

Ағаш діңін пана қылған қашанда

Күн көзімен жарқырап,түрленетін,

Аң-құсымен көрікті туған өлкем.

* * *


Сылдыраған сулары ,өзендері

Тасты жарып ағады,мөп-мөлдір боп.

Сусыныңды қандырар бұлақтары,

Сарайыңды ашатын шөлдесеңіз

* * *

Қызғалдағы қып-қызыл боп жайнаған,

Кең даланы түрлендіріп,сән қылып.

Алқа етіп тағар едім әр гүлін,

Әттең,оны жұлуға да қимайсың.

* *

Бар байлығын аямай,сарқып беріп,

Пана болған аң мен құсқа қорығым.

Табиғаттың қойнауынан нәр алып,

Гүлдене бер,көркейе бер ,кең өлкем!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал