7


Менің отбасым (ашық сабақ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Түгендеу.Балалар бүгін біздің сабаққа Қызылтелпекте келіпті. Сондықтан оған өзіміздің білімімізді көрсетейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Күзде не киеміз балалар? Күзде құлақшын киеміз деп жауап берген оқушы, үстел үстіндегі суреттерден құлақшынның суретін алып тақтаға іледі. Осылай оқушылар киімдердің атын атап тақтаға іледі. Осылардың барлығын не деп атаймыз балалар? Бұлардың барлығын күзгі киімдер деп атаған оқушы киімдердің ортасына іледі.

Менің отбасым (ашық сабақ)

Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)

















Менің отбасым (ашық сабақ)







III.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Кім? Не? Сұрақтар арқылы зат есіммен практикалық тапсырмалар барысында таныстыру. Өз отбасы туралы қысқаша әңгіме құрату.

Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту барысында жұмыс жасау.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай сюжетті суреттер,сөзжұмбақ «Отбасы», грамматикалық тақырыпқа арналған кесте, Қызыл телпек, алма ағашы.

Сабақтың барысы:

IV. Жаңа сабақ.

1.Сөздікпен жұмыс: Сөздік дәптерімізді ашып жаңа сөздерді жазып алайық.Қарындас- младшая сестра, іні- младший брат .

а)дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мәнерлеп оқимын;

- оқушылардың барлығы дауыстап қайталайды;

- оқушылар тізбекпен оқиды;

ә)сөз тіркесін құрастыру;

б)сөйлемдер құрастыру.

Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазайық.

Менің отбасым туралы түсінік беру. Отбасы мүшелеріне:ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас жатады.Бұлардың барлығын отбасы мүшелері деп атаймыз. Үлкен адамдарды сыйлап, кішілерге қамқор болуымыз керек.

2.Сурет бойынша жұмыс. Бұл мақсатта 57-беттегі 1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс жасаймыз.

а)отбасы мүшелерін ата;(ата, әке, әже, шеше,әпке)

ә)отбасы мүшелеріне кімдер жатады?( оқушы атаған отбасы мүшесінің суреттерін үстелден алып тізбекпен тақтаға іледі)

в)бұлардың барлығын кімдер деп атаймыз? (отбасы мүшелері деп атаған оқушы іледі)

Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)

Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)







3. Тақтамен жұмыс. Оқушыларға ана тілінде тақтадағы грамматикалық кесте арқылы түсінік беру.

В казахском языке, в отличие от русского, вопрос кім? (кто?) задается только людям, а вопрос не? (что?) всем остальным и одушовленным, и не- одушовленным предметам.Мұғалім (кім?) оқушы (кім?), нан (не?), күшік (не?)

Тақтаға кім? не? сұрағы ілінеді. Үстел үстіндегі суреттерді астына дұрыс ілу.(сызғыш,әке,әже,мысық,ит,балық,ұшқыш,өшіргіш т.б) 1-қатар кім сұрағына жауап беретін сөздерді іледі. 2- қатар не сұрағына жауап беретін сөздерді іледі.

Менің отбасым (ашық сабақ)Менің отбасым (ашық сабақ)





4.Жазылым. Дәптермен жұмыс.

Грамматикалық тақырыпты пысықтау мақсатында 5-тапсырманы жазбаша өз бетінше оқушыларға орындату.1-2 оқушыға оқыту.

5.Тыңдалым. «Менің отбасым» атты тақырып төңірегінде жұмыс жасау. Ол үшін 2-тапсырманы оқимын. Әр оқушымен үлгі арқылы жеке жұмыс ұйымдастыру.

6.Тілдесім.

3-тапсырма бойынша сұрақ-жауапты жұптық жұмыс түрі арқылы іске асыру, соңында топтық жұмыспен ұйымдастыру.

а) Сенің атың кім?

ә) Сенің фамилияң кім?

б) Сен нешінші сыныпта оқисың?

в) Отбасыңда неше адам бар?

г) Олар кімдер?

7.Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ.

Жаттығу оңай-ақ.

8.Оқылым.

«Ата ақылы» өлеңі бойынша тәрбиелік әңгіме өткізу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

«Сенің атаң бар ма?» деген сұрақ арқылы практикалық жұмыс жасау.

V.Сабақты қорытындылау:

а) сұрақ -жауап

1. Отбасы мүшелерін ата.

2. Олар кімдер?

3. Сен нешінші сыныпта оқисың?

4. Сенің атаң бар ма?

5. Сен неше жастасың?

ә)ауызша грамматикалық тапсырма бойынша жұмыс. Кім? не? сұрағына мысал келтірту.

Балалар сендерге бүгін Қызылтелпектің өтініші бар екен. Оған алма ағашындағы алмаларды алып, сұраққа жауап беру арқылы алманы себетке жинап ,сөзжұмбақты шешуге көмектесулеріңді сұрайды. Балалар кезекпен шығып Қызылтелпектің өтінішін орындайды. Қызылтелпек оқушыларға рахметін айтты. Оларға жақсы оқуды тілейді.



  1. «Девять» сөзін аудар.

  2. «Дедушка» сөзін аудар.

  3. Тақтаға немен жазамыз?

  4. «Бабушка» сөзі қазақша қалай болады?

  5. Аптаның төртінші күні қалай ата?

  6. «Младшая сестра» қалай болады?



VI.Үйге тапсырма.

а) Отбасы мүшесінің суретін әкеліп әңгімелеу.

ә) Кім? не? сұрағына мысал жазып келу

VII.Бағалау.

Сабақ бітті. Сау болыңдар!

Семей қаласындағы лингвистикалық және компьютерлік технология мектеп - гимназиясының қазақ тілі мұғалімі: Елубекова Гүлнұр Арғынғалиқызы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал