7


  • Учителю
  • Тест по казахскому языку для 7 класса

Тест по казахскому языку для 7 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тест 7-сынып





  1. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерді табыңыз:

А) шаттауық

В) спорт

С) мектеп

Д) сандық

Е) тартыс



2. Мәтінмен жұмыс неше бағытта жүргізіледі:

А) 1

В) 5

С) 4

Д) 2

Е) 3



  1. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

А) бес

В) екі

С) бір

Д) төрт

Е) үш



4. Көптік жалғауларды көрсетіңіз:

А) -мен,-бен, -пен

В) -ды,-ді,-ты,-ті

С) -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер

Д) -ы,-і,-сы,-сі

Е) -мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін



  1. Тәуелденген сөзді табыңыз:

А) мен адаммын

В) оның баласы

С) ересектер күлді

Д) ағашты отырғызды









Е) қаладан келдік



  1. Септік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз:

А) асықтар, табысты, ертеңгі

В) қызықты, әсем, жақсы

С) тартты, қатысты, жүрісті

Д) қыздар, терезе, дос

Е) заңға, жетіден, сүтпен



  1. «Мен балықшымын» тіркесінде қандай жалғау бар?

А) тәуелдік

В) септік

С) жіктік

Д) көптік

Е) жалғау жоқ



  1. Кім?не? деген сұрақтарға қандай сөз табы жауап береді?

А) зат есім

В) сын есім

С) сан есім

Д) есімдік

Е) етістік



  1. Тұрлаусыз мүшені табыңыз:

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) үстеу

Д) сын есім

Е) толықтауыш



  1. «Өр Алтайға, ару Алтайға көктем келді» сөйлеміндегі асты сызылған сөздер сөйлемнің қай мүшесіне жатады?

А) баяндауыш

В) бастауыш

С) анықтауыш

Д) пысықтауыш

Е) толықтауыш





  1. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

А) біртектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әртүрлі дәрежеде болатынын білдіреді.

В) заттың атын білдіреді.

С) заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіреді.

Д) заттың сынын, сапасын білдіреді.

Е) қимылды,іс-әрекетті білдіреді.



12) «Ап-ауыр тасты әзер көтеріп әкелдім» сөйлемінде күшейтпелі сын есімді көрсетіңіз:

А) ап-ауыр

В) тасты

С) әзер

Д) көтеріп

Е) әкелдім



13) Салыстырмалы шырай қай тіркесте бар?

А) әдемі қала

В) қиынырақ есеп

С) сүйкімді бала

Д) ала сиыр

Е) үлкен үй



14. -лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу қай шырайдың жұрнақтары

А) күшейтпелі шырай

В) жай шырай

С) салыстырмалы шырай

Д) есептік

Е) шырайға жатпайды



15. «Қатты» сөзіне қандай шырай нақты жазылады?

А) ауырлау

В) биік

С) тәттірек

Д) ап

Е) қап



16. Сын есімі бар сөйлемді табыңыз:

А) Алтынай орманға кетті.

В) Оқушылар сабаққа түгел қатысты.

С) Сыпайы адамдар үлкендерді сыйлайды.

Д) Әжем даладан келді.

Е) Мен 7-сынып оқушысымын.



17. Жақсы байқап сөйлер..... мақалды аяқтаңыз.

А) Бітімі де жаман

В) Жаман шайқап сөйлер

С) Күтімі жаман ағаштың

Д) Болғанды көре алмайды

Е) Білімсіздің күні кәріп



18. Қанша?неше? сұрақтары қай сөздерге қойылады?

А) сұлу, батыр

В) қойды, жетті

С) он бес, жиырма екі

Д) тарақ,есік

Е) жаңадан, ескіше



19. 20123, 856 сан есімдер жазылуының дұрысы қайсы?

А) екі жүз он бес, алпыс жеті

В) алтау, бесеу

С) бірден, он екіден

Д) жиырма мың жүз жиырма үш, сегіз жүз елу алты

Е) бір,алты,он



20. Жинақтау сан есімдер:

А) бесінші, жетінші

В) төрттен бір, оннан алты

С) біреу, төртеу

Д) он, отыз екі

Е) төрттен, он бестен





21. Есімдіктер-

А) етістіктердің орнына жүретін сөз табы

В) есімшелердің орнына жүреді

С) қалай? қайтіп? сұрақтарына жауап береді

Д) есім сөздердің орнына жүретін сөз табы

Е) септіктерден кейін жазылады



22. Жіктеу есімдіктерін атаңыз

А) мен, сен, сіз, ол

В) менің, сенің, сіздің, оның

С) барлығы, түгел

Д) анау, мынау, бұл

Е) ешбір,ешкім,ешқашан



23. «Бала осы кезде бұғы ана туралы ертегіні тағы бір тыңдағысы келді» -сөйлемдегі есімдікті табыңыз.

А) бала

В) ертегіні

С) осы

Д) бір

Е) келді



24. Қандай? Қай? Қайсы? есімдіктің қай түріне жатады?

А) сұрау

В) сілтеу

С) өздік

Д) белгісіздік

Е) болымсыздық



25. «Білімсіз не айтса да білмей айтар, өз тілі өзінің кеп басын жұтар» өздік есімдіктерді көрсетіңіз?

А) білімсіз не

В) айтса да

С) білмей айтар

Д) басын жұтар

Е) өз, өзінің



26. Белгісіздік есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз? Біреулер үйінің орнын өлшеп жүр.

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) анықтауыш

Д) пысықтауыш

Е) толықтауыш



27. «Ешкім» сөзінің шығыс септігіндегі жалғауын табыңыз.

А) ешкімді

В) ешкімнен

С) ешкімде

Д) ешкіммен

Е) ешкімге



28. Тәуелдік септеулі қатарды ажыратыңыз.

А) балам, дәптерім

В) баланы, дәптерді

С) баладан,дәптерден

Д) балаға, дәптерге

Е) баланың,дәптердің



29. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз?

А) малда

В) малын

С) малшы

Д) малға

Е) малдар

30. Қазақстанның ресми тілі қай тіл?

А) қазақ

В) орыс

С) ағылшын

Д) латын

Е) араб



31. Қимыл, іс-әрекетті қай сөз табы білдіреді?

А) етістік

В) есімдік

С) үстеу

Д) шылау

Е) зат есім



32. Мына тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай? Қас пен көздің арасында-



А) қорқу

В) қуану

С) тез, жылдам

Д) жылау

Е) жүгіру



33. Етістіктің неше шағы бар?

А) 2

В) 1

С) 3

Д) 4

Е) 5



34. Нақ осы шақта тұрған сөйлемді табыңыз?

А) Анам Астанадан кеше келді.

В) Достарым сенбі күні қонаққа келеді.

С) Мен тест жазғанда бес алдым.

Д) Арыстанбек үйдегі кілемдерді шығарып қағып жатыр.

Е) Бурабайдың табиғаты әдемі.



35. Ауыспалы келер шақтың жұрнақтарын белгілеңіз?

А) -ды,-ді,-ты,-ті

В) -а,-е,-й

С) -ып,-іп, -п

Д) -ым,-ің,-ң

Е) -мын,-мін,-пын



36. Мен қалаға.... сөйлемді өткен шақта аяқтаңыз.

А) бардың

В) бардық

С) барды

Д) бардым

Е) барамыз





37. Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа! мақал-мәтелінде қандай рай көрсетілген.

А) ашық рай

В) қалау рай

С) шартты рай

Д) бұйрық рай

Е) ешқандай рай жоқ



38. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?

А) -лық,-лік

В) -дай,-дей

С) -у

Д) -шылық,-шілік

Е) -шы,-ші



39. Арал теңізін көріп таң қалдым-сөйлемінен күрделі сөздерді көрсетіңіз.

А) Арал теңізін

В) теңізін көріп

С) көріп қалдым

Д) таң қалдым

Е) көріп таң қалдым



40. Абайдың аударма өлеңін табыңыз.

А) Сүй, жан сәулем

В) Қызғыш құс

С) Жалау

Д) Сағындым

Е) Ей,бауырым



41. Қиыса байланысқан тіркесті ажыратыңыз.

А) дүкеннен келді

В) ол оқиды

С) сындырып алды

Д) есіктің тұтқасы

Е) жаңадан салды



42. «Қаланың маңында» тіркесінде қандай байланысу түрі бар?

А) қиысу

В) матасу

С) меңгеру

Д) қабысу

Е) жанасу



43. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері -

А) шылаулар арқылы байланысады

В) үстеулер арқылы жазылады

С) барыс,табыс, жатыс, шығыс көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысады

Д) етістер арқылы

Е) есімдіктермен байланысады



44. Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастың неше түрі бар?

А) 4

В) 1

С) 2

Д) 5

Е) 3



45. Тіл мәдениетінің түрлерін табыңыз:

А) жазу, ауызша сөйлеу мәдениеті

В) дауласу мәдениеті

С) қақтығысу

Д) билеу

Е) өнерлі болу мәдениеті



46. Монологта неше адам қатысады?

А) 1

В) 2

С) 4

Д) 5

Е) 3



47. Мақала қандай стильмен жазылады?

А) іс-қағаздар стилімен

В) жазбаша стильмен

С) ғылыми, публицистикалық стильмен

Д) сөзбе-сөз жазумен

Е) көркем стильмен



48. Портрет дегеніміз не?

А) салынған сурет

В) жазылған ой

С) ақынның я жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салған суреті

Д) шығарма

Е) толғау хат



49. «Кел, балалар, оқылық!» сөйлеміндегі балалар сөзі қандай сөз?

А) қыстырма сөз

В) одағай сөз

С) шылау сөз

Д) қаратпа сөз

Е) бастауыш



50. Жекіру одағайын белгілеңіз;

А) шөре-шөре

В) тәйт

С) паһ

Д) алақай

Е) тамаша















Жауаптар кілті:

























































































































Тест по казахскому языку для 7 класса









Дайындаған: Абжанова М.С.











Макинка ауылы-2014ж



















Кіріспе



Ұсынылып отырған тесттік тапсырмалар қазақ тілді мектептің 7-сыныбына арналған. Оқушыларға оқулық бойынша өткен тақырыптарды, әсіресе грамматиканы ұмытпау үшін әр тараудан кейін қайталау үшін құрастырылған. Сонымен бірге, оқушылардың бағдарлама бойынша түсінбеген тақырыптарын анықтап, білім сапасына, үлгеріміне талдау жасауға, бақылау сынақтарын жүргізуге арналған. Бұл еңбек фонетика, лексика, морфология және синтаксис мәселелерін қамти отырып, талапқа сай құрылған. Тапсырмаларды іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескерілген. Қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында оқушы өзінің білім деңгейіне байланысты жоғары дәрежедегі ойлау жұмыстарын орындауға қабілетті болуы мүмкін. Окушыларға жүйелі, тиянақты, саналы білім беріп, логикалық ойлауды үйретуде еңбектің маңызы зор. Сонымен қатар, сөз таптарындағы айырмашылықтарды, олардың сөйлемдегі қолданысын біліп, есте сақтауға меңзейді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал