7


  • Учителю
  • 4 сыныптағы қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс іс - шараның жоспаты тақырыбы: 'Қазақша сөйлейі, балақай!'

4 сыныптағы қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс іс - шараның жоспаты тақырыбы: 'Қазақша сөйлейі, балақай!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс іс - шараның тақырыбы: Қазақша сөйлейік, балақай!

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жан-жақты білімді болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылу қасиеттерін дамыту. Қазақ тілін - мемлекеттік тіл ретінде меңгерген дарынды, озық көшбасшы болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелік мәні: мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, халықтың асыл қазынасы ауыз әдебиетін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, мұра етуге үндеу.

Жүргізушы: Армысыздар, бұл жарыстың қонақтары,

Халқымыз әрқашанда ардақтаған

Қазақша сөйлейік балақай атты кешімізді

Таразылап, білікпен сарапталық!

Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! «Қазақша сөйлейік балақай» танымдық ойынына қош келдіңіздер!

Жүргіжуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен қонақтар!

Ата тілі - елім тілі

Мәртебесін сақтаған.

Ана тілім - менің тілім,

Тіліме ұлы мақтанам!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Настя

Отан - тарих, Отан - тіл.

Жазған елің, ер халқың,

Отан - өлкең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Вика:

Отан сенің ата -анаң,

Отан досың, бауырың.

Отан өлкең астанаң,

Отан туған ауылың.

Карина:

Отан деген атамекен

Отана деген - туған жер

Отан - үлкен

Қазақстан - туған ел

Сафинаның орындалуында «Қарлығаш» әні.

Ал енді балалар сендер топқа бөлініп отырыпсыздар, ендеше сіздер топтарының көшбасшысын таңдап, топтың атын және ұранын ойлап келген шығарсыңдар, бірінші топ, екінші топ өзін - өзі таныстыру кезеңі.

Ал ендеше ойынымыздың 1 кезеңінен бастайық.

" Мақал сөздің көркі " мақалды аяқтау керек.

-Еңбек түбі - береке

-Ас - адамның арқауы

  • Отан - отбасынан басталады

  • Отан - оттан да ыстық.

  • Еңбек етсен ерінбей - тояды қарның тіленбей

  • Жақсы кітап - жан азығы Ангелина

  • Өнер алды қызыл тіл

  • Жақсы кітап - жан азығы.


2 - кезең. «Ойлан, аудар»

Өлең жолдарын қазақшаға аударып жалғастыр.

  • Мой отец родной - ...

  • Мама милая - ...

  • Моя бабушка - ...

  • Добрый дедушка - ...

2 - топ. Моя Родина - Казахстан. Казахстан - большое государство.

Слайттар бойынша жұмыс.

Қазақтың ұлттық аспаптары.

Домбыра

Қобыз

Жетіген

Адырна суреттері бойынша атау.

Жүргізуші:

Жүрегімнің бөлшегі

Қаның, жаның - тілінде.

Арың, нәрің тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілден алып ғибрат.

Құлшынасың білімге.

Ана тілің - ертегің,

Ана тілің - өркенің,

Ана тілің - ертеңің,

Қадірле ана тіліңді-

Жүрегіңнің бөлшегің.

Ваня:

Қазақстан - елдің аты,

Қазақстан - жердің аты.

Қазақстан - ел жаннаты,

Қазақстан - жер жаннаты.


Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сергіту сәтін қонақтарымызбен бірге орындайық.

3-кезең. «Кім жылдам» .

1 сұрақ. Отбасы мүшелерін ата.

2 сұрақ. Үй жануарларын ата.

3 сұрақ. Қандай түстерді білесің?

4 сұрақ. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

5 сұрақ. Елбасы кім?

6 сұрақ. Мынау қандай жануар. (Дауысынан тану)

7 сұрақ. Музыкалық сұрақ. Мынау қандай ән? «Әрқашан күн сөнбесін».

8 сұрақ. Дене мүшелерін ата.

9 сұрақ. Мемлекеттік рәміздерді ата.

10. А қандай дыбыс (дауысты,дауыссыз)

11. Қазақстан қандай мемлекет?

12. Суретке қара не артық?

13. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (кітап)

Жүргізуші: Алақай - ау, алақай!

Той тойлайық, балақай!

Қызарғанша алақан

Қол соғайық балақай!

Алина мен Дашаны орташа шақырамыз.

Алина: Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жас болып

Мен үлкен болғанда.

Даша: Ана тілім - ұраным,

Ана тілім - құралым,

Ана тілім болмаса

Болмас еді жыр әнім

Ваня мен Настяның орындалуында «Туған жер» әні.

4 - кезең. «Сиқырлы ағаш» ойыны.

1 алма. Адасқан әріптер

2. алма. Кім қайда мекендейді.

3 алма. Дауысынан таны.

4 алма. Ә дыбысына қандай сөздер білесің?

5 алма. Командаларды орында. Отыр, тұр,аяқпен тыпылдат, ду қол шапалақ.

6 алма.Сырт - сырт соғады

7.Уақыт озады (сағат) часы.

Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (қой)

8.Елорда қай қала?

Жүргізуші:

Ата - ананың тілегі-

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар бір топ балаларымыз сіздерге «Үйшік» ертегісін көрсетеді, тамашалаңыздар.

1 вед «Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік ойынымыз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!




Қазақ тілі пәнінен

«Қазақша сөйлейік, балақай!» атты іс - шараның жоспары


Мұғалім: Козбагарова С.Б.


2015-2016 оқу жылы.


«Бала тілі - бал» қонақтарымызға арналған қызықты әзілдер.


Кішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады.
Анасы:
- Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің.
- Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? - депті қызы таңқалып.

*********************************************************

- Кеше сабаққа неге келмедің?
- Ағам ауырып қалды.
- Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?
- Жоқ, мен оның велосипедін тептім.

*********************************************************
- Айналайын, айта ғойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады?
- Төрт болады.
- Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит!
- Тууууу, он төрт деуім керек еді!

*********************************************************
Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.
- Анаң қайда?
- Жұмыстан әлі келген жоқ.
- Әкең ше?
- Ол да тығылып қалды.

*********************************************************

- Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.
- Иә, ол не тексерді?
- Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.

*********************************************************

- Әке, барабан сатып әперші.
- Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың!
- Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.

*********************************************************

- Сен неге сабақта алма жеп отырсың?
- Үзілісте уақытты бос жібергім келмейді.


Жанна: Алақай - ау, алақай!

Той тойлайық, балақай!

Қызарғанша алақан

Қол соғайық балақай!

Мұғалім:

Ата - ананың тілегі-

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

Балалар енді сендерге Қазақстан Республикасы тақырыбына сұрақтар.Мұқият тыңдаңдар.


Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Қазақстан республикасы қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасының бас қаласы?

Біздің мемлекеттік рәміздеріміз?

Ән: «Туған жер! » Надежда Александровна

Мұғалім: Құрметті қстаздар,қонақтар,оқушылар бүгінгі біздің «Тілдер апталығына» арналған кешіміз аяқталды. Зер салып қарағандарыңызға рахмет! Деніміз сау, еліміз тыныш болысын, үлгілі, әдепті білімді шәкірттер әрдайым бізге көмекші болсын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал