7


  • Учителю
  • Көмекші құрал на тему 'Зат есімнің түрленуі'

Көмекші құрал на тему 'Зат есімнің түрленуі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл көмекші құрал орта мектептің сыныптарына арналған. Оқушының тақырыпты өздігінен меңгеруіне және алған білімін жинақтап, қорытуына мүмкіндігі бар. Тапсырмалар бір- бірімен желілес, сондықтан оқушының білімін нақтылауына, ойлау қабілетін арттыруға, өздігінен игеруі
предварительный просмотр материала

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту.

Тақырып: Зат есімнің түрленуі


1- жаттығу. Сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.


Ата- бабаларымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.


2- жаттығу. Қажетті септік жалғауын қойып, қандай септік екенін анықта.


Нәресте... дүниеге келу құрметі... арналған салт-дәстүрдің бірі-шілдехана.


3- жаттығу. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.


Қазақ баласын ағаш бесікке бөлейді.


4. Логикалық сұрақтарға жауап бер.


  • Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

  • Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

  • Септік жалғауларын бір- бірінен қалай ажыратуға болады?

  • Ілік жалғаулы сөз қай жалғаудағы қай сөз табымен байланысып келетінін байқадыңдар ма?

  • Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсың? Олар жайында не білесің? Әңгімеле.






5-жаттығу. Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.


«Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен - жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)

6- жаттығу. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой.


Сандыбай қарға... тұзын екі қолы... ұстап, айна... қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез... болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ.Мүсірепов)

7- жаттығу. Мәтіннен көптік, септік жалғауларының астын сыз және түрін ажырат.


Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж. Аймауытов)


8- жаттығу. Мағынасына қарай лайықтысын сәйкестендір.


Сен

елім

Жердің

мектебімізге

Мен

жүзіне

Қаланың

адамы

Біздің

қазақпын

Менің

ұлансың


9- жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы зат есімдердің қай септікте тұрғанын және қай сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңдар.
Үлгі: парашютпен-көмектес септігінде, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Парашют.
Парашютпен, ұшақтан секіруге құмар болдым. Осы ойымды орындауға тырыстым. Әуелі парашютпен мұнарадан секіріп үйрендім. Содан кейін ұшақтан секіруге талпындым. Бір күні таңертең беліме парашют байлап ұшаққа міндім. Ұшақ жерден екі километрдей биікке көтерілді. Мен секіруге әзірленіп, ептеп ұшақтың қанатына шықтым. Сол кезде ұшқыш қолын көтерді. Ұшақтың қанатынан төмен қарай секірдім. Аздан кейін бір селосының қасына келіп түстім. (Т.Бигелдинов)

10- жаттығу. Төмендегі зат есімдерді жікте.


Үлгі: І Мен дәрігермін. Біз дәрігерміз.
ІІ Сен дәрігерсің. Сендер дәрігерсіңдер.
Сіз дәрігерсіз Сіздер дәрігерсіздер
ІІІ Ол - дәрігер Олар - дәрігерлер

Дәрігер. Азамат. Инженер. Оқушы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал