7


  • Учителю
  • Вне классное мероприятие к празднованию Дня победы ««Желбіре, Жеңіс жалауы»» 1-9 класс

Вне классное мероприятие к празднованию Дня победы ««Желбіре, Жеңіс жалауы»» 1-9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Торжественное мероприятие посвященное Победе в Великой отечественной войне. Присутствуют Ветераны войны и тыла, родители и ученики.     Проводится 9-го мая в День Победы, цель данного мероприятия привить учащимся любовь к Родине. Мероприятие начинается с минуты молчания
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы»

(Ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік кештің бағдарламасы)


Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.


Барысы:

1.Жиналған қауым, оқушылар ескерткіш маңына жиналып құрбанболған жауынгерлерді еске алып Ескерткішке гүл шоқтарын қояды.

2.Мерекелік концерттік бағдарлама.

І-жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым, ауылдастар бүгінгі күні біз Ұлы жеңіс мерекесін тойлағалы жиналдық. Ұлы Отан соғысына қатынасқан аталарымызға және тыл жұмысында жұмыс істеген азаматтарымызға басымызды иеміз.

ІІ-жүргізуші:

Бүгінгі Жеңіс мерекесі барлықтарыңызға құтты болсын. Біздің мектебіміздің оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.


І-ж :

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, көктем.

Шуақ-тоғызыншы май күні, айтшы кәне.

Біздің жеңіс шеруі,

Кездейсоқ па, көктемге тұс келуі.

Біздің Ұлы жеңісіміз көктем боп...

Адал ниет адамзатты қуантып.

Жеңіс күні тұрады ылғи нұр балқып.

Құттықтау сөз селолық округ әкіміне және мектеп директорына беріледі.

ІІ-ж :

Есімде әлі,

Есімде әлі сол көктем.

Жаңбыры да,

Жарығы да мол көктем.

Көріп тұрмын осыншама жылдан кейін де,

Сол жеңістің шапағатын жер көктен.

Төңіректе тегіс тарап құс әні,

Ақша бұлттар аспанда аунап ұшады,

Мынау тыныш тіршілікті тербеткен,

Қандай ыстық бейбіт күннің шуағы.

Келесі құттықтау сөз ардагерлерге беріледі.

І-ж :

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

Қыран құстар даласында еркелеп,

Аспанымда қалықтаудан талмасын.

Кезек бастауыш сынып оқушыларына беріледі:


ІІ-ж :

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл.

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді,

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр.

Олар сенің таңғы шапақ нұрың ғой,

Олар сенің мәңгі асқақ жырың ғой.

Ән

ІІ-ж :

Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,

Бас киіміңді қолыңа алып гүлді қой.

Қара бұлтқа оралмасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте,

Батырларды есіңде ұста құрметте.

Ән

Жүргізушілер:

1.Төрт жыл бойы біздерге,

Ажал отын төндірген.

Ошақтарды ойрандатып,

үйдің отын сөндірген

Жауыздықты ұмытпа... (бірге)


2. Болашақ үшін өздерін,

Бар азапқа көндірген.

Жауыздың жаққан өрттерін

Кеудесімен сөндірген

Ардагерді ұмытпа... (бірге)


1. Бақыт сыйлап балаға,

Жылы шырай білдірген.

Бәрінен де кемеңгер,

Қайда жүрсең бір жүрген.

Ағалармен апаларды ұмытпа... (бірге)


Құрметті қонақтар, жиналған қауым бүгінгі Жеңіс күні мерекесіне арналған концертіміз осымен аяқталды, тамашалағандарыңызға рахмет. Жеңіс күні құтты болсын. Барлықтарыңызды дастархан басына шақырамыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал