- Учителю
- Сабақ жоспары 'Құлақтан кіріп бойды алар' өлеңі
Сабақ жоспары 'Құлақтан кіріп бойды алар' өлеңі
Күні
10.10.13
Сабақтың тақырыбы
А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар...»
Сілтеме
Әдебиет 6-сынып, қазақ тілі мен әдебиеті журналы 1\2012ж, З.Б.Жолдасова «Ізденген жетер мұратқа»
Жалпы мақсаттар
Қазақ халқының әншілік өнерін дәріптеп, халықтың ән құдыретімен тереңірек танысу.
Міндеті
-
Өлеңді мәнерлеп оқыту;
-
Өлеңнің мазмұнымен толық таныстыру;
-
Өлеңді талдай отырып, өз пікірін айту;
-
Шығармашылық дағдыларын дамыту;
Оқыту нәтижесі
Абайдың ән мен күй өнеріне сыншылдық көзқарасы, өнердің қоғамдағы рөлін, өнерден зор қуат алу идеясын ашу, халық мұрасын дамыту.
Тапсырмалар
-
Үй тапсырмасын сұрау (Зерделеу стратегиясы)
-
Мәтінмен жұмыс (бірге ойлаймыз стратегиясы)
-
Өлең құрылысына талдау (СКТ)
-
Топтық жұмыс (стикерлер тобы)
-
Рефлексия (сұрақтар қорапшасы)
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
2 минут
5 минут
5мин
5мин
3мин
7 мин
5мин
3 мин
5мин
2мин
3 мин
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Сыныпты жұп және тақ сандар арқылы 2 топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылардың зейіндерін жаңа сабаққа аудару.
Бағалау өлшемдерін оқушыларға таратып береді
Үй жұмысын сұрау
«Зерделеу» стратегиясы арқылы өлеңнен үзіндіні жатқа айта отырып, салған суреттері арқылы өлеңді қара сөзбен жалғастырады.
Бейнекөрсетілім Абайдың «Көзімнің қарасы»
-
Біз нені байқап отырмыз?
-
Кімнің өлеңі?
-
Қандай өлең?
-
Абай атамыздың басқа да қандай әндерін білесіңдер?
-
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыз Абай атамыздың әндері жайында болмақ.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Мұғалім түсіндірмесі
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән-жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Ағартушы, ақын және сазгер А.Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Бірнеше тақырыпта өлеңдер шығарды. Жастарға ғылым-білім үйренуге шақырды.
Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты әндері бар. Ән - көңілдің ажары. Қазақтың ойын-сауығы, қуаныш-қайғысы, шаттығы әнмен, жырмен айтылады. Ақын өнердің қоғамдық күшіне, ән мен жырдың адам өміріндегі рөліне баса көңіл бөледі. Соның бірі - Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі. Бұл - ән-күй туралы жазылған, идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған сай келген тамаша шығарма. Тақырыбы, идеясы жағынан «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдерімен тығыз байланысты. Бұл өлең - Абайдың сөз өнерін жоғары бағалағандығының айғағы.
Мәтінмен жұмыс
-
Оқушыларға мәнерлеп оқыту (2 топтан)
-
«Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы оқушыларға тапсырма береді.
1-топ: «Жақсы ән мен тәтті күй» қандай болуы керек?
2-топ: Әнге ақынның көзқарасы
«Сатылай кешенді талдау» стратегиясы арқылы
Өлеңді құрылысына талдау
Сергіту сәті
«Стикерлер тобы» стратегиясы арқылы оқушыларға тапсырма береді. Әрбір топқа жұмыс парағы беріледі. Парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі. Барлық топ парақтарын жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептелінеді.
-
Абай өлеңдері туралы өз ойларын жазу
Рефлексия (кері байланыс)
«Сұрақтар қорапшасы» әдісі арқылы оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.
Бағалау критерийлері бойынша жиынтық бағасын қояды.
Үйге тапсырма
Өлеңнен үзінді жаттау
Оқушылар сандарды таңдай отырып өз топтарын тауып орналасады.
Оқушылар бағалау критерийлерімен танысады
Оқушылар үзіндіні жатқа айтады, салған суреті арқылы қара сөзбен жеткізеді.
Оқушылар сұраққа жауап береді
-
Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
-
Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын постерге жазып, қорғайды.
Оқушылар өлең құрылысына талдайды.
Оқушылар жұмыс парағына Абай өлеңдері туралы өз ойларын жазады.
Оқушылар сұрақтарын қорапқа қалдырады.
Бағалау критерийлері бойынша ұпайларын есептеп, өздерінің жиынтық бағасын шығарады.