7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс сабақ Тіл білгірлері

Сыныптан тыс сабақ Тіл білгірлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Тіл білгірлері» қазақ тілінен сыныптан тыс сабақ

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу

Барысы: 1. Мұғалімнің сөзі

- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Тіл білгірлері» атты сайысымызды бастайық. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі сайыскерлерді «Зерде» және «Зейін» топтарын шақырайық.

«Тіл білгірлері» сайысымыздың өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:

І кезең: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

ІІ кезең : Мақал -мәтелдердің жалғасын тап.

ІІІ кезең : «Сөздер сөйлейді» шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау.

ІV кезең : «Кім жылдам» ойыны. Қазақ тілінен сөз беріледі. Белгілі уақыт аралығында бірнеше сөз құрастыру керек. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.

V кезең : «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.

VІ кезең : «Полиглот» Жасырылған жұмбақтарды шешіп,жауап сөзін үш тілге аударып, айтады.

Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек. (Топтардың танысуы)

І - топ: «Зерде» тобы Ұраны:

Қалың қауым, амансыз ба?

«Зерде» тобы алдыңызда.

Білімімізді көрсетеміз

Бүгінгі білім жарысында.



ІІ - топ: «Зейін» тобы Ұраны:



Көрген, білген, түйгенін

Көкірегінде сақтайтын.

«Зейін» тобы біздерміз

Білім сайысында қалыспайтын.



Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар. Мұнда қызық табылар Білім нұры шашылар Ақыл, тілі дамыған, үлгі алайық баладан.

І кезең: «Білгенге маржан».

Сұрақтарға жауап беру

І топқа:

1. Өлең жазатын адам кім? (ақын)

2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3-ке қатаң, ұяң, үнді)

3. Сөзден не құралады. (Сөйлем)

4. Аптаның екінші күні (сейсенбі)

5. Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы (күнделік)

ІІ топқа:

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді (2-ге дауысты және дауыссыз)

2. Ән айтатын адам кім? (әнші)

3. Аптаның үшінші күні (сәрсенбі)

4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді. (2-ге жуан және жіңішке )

5. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

ІІ кезең : Мақал -мәтелдердің жалғасын тап.

I топқа:

1.Өнер алды……………қызыл тіл.

2.Әдепті бала -арлы бала

Әдепсіз бала - сорлы бала.

3.Қына тасқа бітеді

Білім басқа бітеді.

4.Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ.



II топқа;

1.Ақыл- тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

2.Ырыс алды………. ынтымақ.

3.Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

4.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.



ІV кезең: «Кім жылдам» ойыны. Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады.

І топ «Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.

ІІ топ «Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу.

Сергіту сәті.

V кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» Топтарға сөзжұмбақ беріледі. Берілген сөзжұмбақ шешімін дұрыс таба отыра, жеңімпаз топты анықтаймыз.

І топқа:

1. Сұйық тамақ ішетін ыдыс (қасық)

2. Сызық түрі (қисық)

3. 4 ондықтан құралған сан (қырық)

4. Сүттен жасалған тамақ (қаймақ)

5. Бас киім (құлақшын)

6. Балық аулайтын құрал (қармақ)





ІІ топқа:

1. Су көлігі (қайық)

2. Баста орналасқан дене мүшесі (құлақ)

3. Ұлт (қазақ)

4. Су алатын терең қазылған жер (құдық)

5. Көкөніс атауы (қызанақ)

6. Пышақ қайрауға арналған құрал (қайрақ)





VІ кезең: «Полиглот» Жасырылған жұмбақтарды шешіп,жауап сөзін үш тілге аударып айтады.

Барлықтарыңа табыс тілеймін!

І топқа:

1.Қабат - қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап - книга - book)

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (ауа - воздух - air)

3.Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - janguage)

4.Керемет бір ит бар

Үй күзетеді үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып - замок - lock)

5.Бұл үйге көзсіз болып кіресің,

Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп - школа - school)

ІІ топқа:

1.Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц - carrot)

2.Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)

3.Мұрты бар, иегінде сақалы жок,

Тоны бар, киетін шапаны жок,

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық - кот - cat)

4.Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - watch)

5.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - sun)

Қорытынды:

- Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.























































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал