- Учителю
- Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Қансонарда бүркітші шығады аңға' (7-сынып)
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Қансонарда бүркітші шығады аңға' (7-сынып)
«ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ АҢҒА»
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты: Оқушыларға өлеңнің мағынасын терең меңгерту. Халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, өлеңді мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру. Құсбегілік өнерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Абайдың портреті және Абай туралы жазылған пікірлер.
2. Суретші Мадияр Ысқақовтың өлең мазмұны бойынша салған суреттері.
Абай туралы жазылған пікірлер.
«Абай - қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай - әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға».
Н.Ә. Назарбаев.
«Абай әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын. Ақыннығ жазғандары өзінің бейнелі көркемділігімен сәулетті сұлу дүниедей адам көңілін баурап алса, оның мазмұны да жүрекке сәуле түсіргендей, жаңа бір қызықты, қуанышты дүниеге кіргізгендей болады»
Ә.Марғұлан.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, лекция, пікір алысу, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, тест сұрақтары, буклет, кеспе қағаздары, insert, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
II Үй тапсырмасын пысықтау.
Сыныпты екі топқа бөлу. I топ «Тұлпар»
II топ «Сұңқар»
I тур «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» (үлестірме қағазбен жұмыс)
II тур Мәнерлеп оқу
III тур «Жорға» ойыны
IV тур Баспасөз материалдары.
Осы төрт тур бойынша оқушыларды сайыстыру.
III Жаңа сабақ. А. Құнанбаев « Қансонарда бүркітші шығады аңға »
Абай XIX ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер-білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіремін.
Өлеңнің тақырыбы, өлеңі 1897 жылы ақынның жазғанын, көшіп-қонып жүрген ата-бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі - тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң-құстарды бей-берекет ауламағандығы туралы атап өтемін.
Сөздікпен жұмыс.
-
Қансонар-жаңа жауған қардағы із.
-
Ғанибет-қызық, тамаша, көңіл көтеру.
-
Аңдағанда-түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі.
-
Томаға-бүркіттің бас қабы.
-
Қырымнан- алыстан деген мағынада « Қақпан құрған-жамбастап алар.
Тазы жүгірткен -діңкәсі қатып алар, Бүркіт салған- қызыққа батып алар» осылайша оқып шығып мақалдың мағынасын ашамын. Саятшылық туралы мағлұмат беремін. Бүркіттің жасына тоқталамын. Бүркітті қалай бағып-қағу керектігі жөнінде түсінік беремін
« Томаға», «Құя», түсінік беру.
Бүркіттің жасына қарай бөлінуі:
-
балапан
-
қантүбіт
-
тірнек
-
тастүлек
-
мұзбалақ
-
көктүбіт
-
қана
-
жаңа
-
майтүбіт
-
барқын
-
баршын
-
шөгел
-
кәрі бүркіт
Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі- қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...
-Бұл қандай тәсіл?
Бұл шендестіру тәсілі кереғар екі затты немесе құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Қан/со/нар/да // бүр/кіт/ші // шы/ға/ды аң/ға //
12 буынды қара өлең ұйқасы.
Өлең тармақтардан тұрады. 4 тармақ бір шумақ деп аталады. Тармақ-бунақтардан тұрады. Бунақты-буын құрайды. Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады.
аудармашы Сазгер
ақын қарасөз шебері.
Абай аудармаларын өз алдына бір тақырып бір сабақ етіп алсақ болады. Мысалы: Лермонтовтың 27 өлеңін аударыпты.
Абай - сазгер
-
Балалар, Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-
«Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай »
Сабақтың insert стратегиясы бойынша бекіту. Осы тақырып бойынша не білетін еді, нені үйренді, білді, не жөнінде білгісі келеді.
Білемін
Білдім (мен үшін жаңа ақпарат)
Білгім келеді.
Сабақты бекіту:
Н. Назарбаевтың сөзімен бекіту « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деген еді.
Ал Мұхтар Әуезов « Мен Абай тереңімен шөміштеп қана іштім » десе,
« Даналықты іздесең», Абайды оқы ерінбе деген сөз және бар. Демек білім нәрімен сусындағың келсе Абайды оқы, жас ұрпақ!
Біз тізерлеп жүріп күн кешкен халықпыз, әркімге жәутеңдеп бас иген де халықпыз. Енді біз тікемізден тік тұрдық, біздің тіземіз бүгілмеу үшін біз білімді болуымыз керек. Көк аспанда қыран құсына қалықтауымыз керек.
Оқушылардың білімдерін бағалау.
« Тұлпар», «Сұңқар» топтарының озғанын жариялап, оқушыларға баға қою.
Үйге тапсырма.
Абайдан қалған ұрпақ туралы іздену. «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңін жаттау.