7


  • Учителю
  • План урока по казахскому языку Музыка(7 класс)

План урока по казахскому языку Музыка(7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ: 9-10 Қазақ тілі

Мектеп: Атырау ХББ НЗМ

Күні:25-30.01.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Текеева Ж.Т,

Сынып: 7 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлім: Біздің өміріміздегі музыка

Музыка және жастар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2. Эссе жазу

ТБ1. Сөз таптары

Сабақтың мақсаттары

7.Ж2. Эссе тақырыбының желісінен шықпай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып қажетті мазмұнын ашып жазу.

7.ТБ1.6.Сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану

Жетістік критерийлері

  • Сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану.

Тілдік мақсаттар

Осыған дейін меңгерілген білім

А5. Сенімді және еркін жауап беру

Ж3. Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың бастапқы кезеңі

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Әуендердің сазы тыңдатылады.

Кімнің қандай әні екенін ажырату керек.

Алдарына әншілердің суреті мен ән аттары беріледі. ----- Дәл тапқан топ 1-топ "Әншілер"

- Шатастырып алғандар 2-топ "Әнге құмартушылар",

- Мүлдем таба алмағандар 3-топ "Көрермендер"

болып бөлінеді.

Әнді орындап тұрғандар қандай жаста деп ойлайсыңдар? Қолдарына 3 түс беріледі. Қызыл (үлкендер) сары (жасы кішілер) жасыл (жастар)

10-20 арасы 20-30 арасы 30 жоғары.Қолдарындағы түстерді жапсырады.



Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

Алдарындағы қағазға өзі ұнатып тыңдайтын қазақ әншілері кімдер?

Оның қандай әндерін білетінін (1 минут ішінде) және оның 8-10 әнінің атын жазып тақтаға іліді.

Сол әншіні ұнатып тыңдайтынын білдіру үшін мына тіркестердің бірнешеуін қолданып, сөз тіркестерін құрады. Оны дәптерге жазады.

Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.

Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.

Бұл сөздерді неліктен қолданғанын сұрау.

Үстеу туралы түсінік беріледі.

«Аралас, қатып қозғалма, жұптас» стратегиясы





1-қадам: Әнді тыңдайды. (Сұрақ қойылатынын

ескертіңіз.Ол белгілі бір түстер арқылы жүзеге асады)

2-қадам. Сұрақ. Бұл қандай ән?

Орындап тұрған әншілерді атаңыз.

Ән ұнады ма? Ән не туралы?

Тыңдалымды жүріп тыңдап, мұғалім тарапынан

берілген сұрақтың жауабын ойланып жүреді.

3- қадам: Жұмысты ұйымдасқан түрде өткізу

үшін алдын ала түсіндіріп өтіңіз.

4-қадам: Белгі беріңіз. Қозғалыста болуға,

ойланып жүруге ән сөзін мұқият тыңдауға уақыт

беру «Қатып қозғалмаңдар" командасын 1-шумақтан

соң беріп, сұрақты қойыңыз, жұптасып,талқылауға

көңіл бөліңіз.

Ән мәтіні

Аспанга караймын жұлдызды санаймын

Шуғыңды шаш елге ақ таңым арайлым

Бағыма балаймын тамсанып қараймын

Жер жаһанда өзіңдей ел жоқ деп санаймын



Мөлдіреген гүлім бар,

Бейбіт аспан көгім бар

Сол аспанның астында

Ұлан байтақ төрім бар

Егеменді елім бар

Заңғар биік белім бар

Болашаққа жол бастар

Ел басындай ерім бар

5-қадам: Сұрақтарды талқылап болған соң, топ атауына сай мәлімет кестесін толтыруы тиіс.

Мәлімет кестесіӘн туралы

Алған әсерім

Түйгенім









Сабақтың 2- сағатына

Эссе жазудың жолдарын түсіндіріп өту

"Жастардың сүйіп тыңдайтын әндері" немесе "Заманауи әншілер" туралы эссе жазу

Талап:

1. Тақырыптан ауытқымау керек.

2. Абзац түрлерін жүйелі құрастыру қажет.

3. Эссенің мазмұнын ашып жазуы міндетті.





С/ЖЖ

«Жастардың сүйіп тыңдайтын әндері», «Заманауи әншілердің ерекшелігі», «Әртіс өмірі мен өнері» тақырыптардың біреуіне эссе жазады.

Мұғалім оқушыларға эссе жазу, абзацқа бөлу ережелерін мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.

Айтылым және жазылымда үстеулерді орынды қолданады.

Үстеудің мағыналық түрлерін анықтайды, қолдана алады

«Аралас, қатып қозғалма, жұптас» стратегиясы

1-қадам: Мәтін тыңдатыңыз.

Тыңдалым мәтіні:

Тыңдалымды жүріп тыңдап, мұғалім тарапынан

берілген сұрақтың жауабын ойланып жүреді.

2 - қадам: Орайлы сұрақ әзірлеңіз.

Сұрақ:

Сіз үшін қай желі пайдалы?

3- қадам: Жұмыс ұйымдасқан түрде өту үшін алдын

ала тәртіпті түсіндіріңіз. Қозғалыс және жұмыс

жасау жолдары тек мұғалімнің белгісі арқылы

жүзеге асырылатынын есте сақтаңыз.

4-қадам: Белгі беріңіз. Қозғалыста болуға,

ойланып жүруге мәтін аяқталғанша уақыт

берсе жеткілікті... «Қатып қозғалмаңдар"

командасын беріп, сұрақты бірге, жұптасуға

талқылауға баулыңыз...

Ол үшін мұғалім ұсынған бағдаршам және

оның түсіне назар аударады.

Жастардың жүрегінде Астана туралы ән тербелді

Астана күні - іс-шараларға толы, думанды мереке. Биыл оны асыға күткен жастардың барлығы Конгресс холл Сарайында бас қосты. Мұндағы мақсат өз өнерлерін ортаға салып, қазылар алқасының елегінен өтіп, республикалық «Ән жүрегім - Астана!» байқауының гала-концертінде ән шырқау.

Байқау биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Онда Астана, Алматы, Қызылорда, Орал, Екібастұз қалаларынан келген өнерпаздар бақ сынады.

Мақпал Байтұрсын, «Ән жүрегім - Астана» байқауының үміткері:

Ән байқауына қатысып, жақсы көрінгеннен кейін осы бәйгеге, ән байқауына шақырды. «Астананы аңсау» деген Астана туралы әдемі әнді орындаймыз.

Бақытжан Урахаев, «Ән жүрегім - Астана» байқауының үміткері:

Байқаудың мақсаты Астана туралы жаңа әндерді табу болғандықтан, «Астана» деп аталатын ән жаздым. Астана туралы ән шығару қиын болды деп айта алмаймын. Өйткені астананың көркі, астананың сәні осындай әндер туғызуға себеп болады. Болашақ қаласы, жастар қаласы. Жаңа деңгей іздеуге, жаңа белестерден асуға Оралдан жұмыс істеуге келдім.

Хамит Шанғалиев, музыкалық продюсер, композитор:

Бұл жерде басты мақсат әнді жеткізе білуде. Әні мен сөзі үйлесіп, Астанаға деген махаббатын әнмен жеткізе білуі керек. Өйткені бұл айғайлап, шыңғырып, жастарды билететін байқау емес. Талантты, дарынды жастар, әнші жастар, біріншіден, әнді сүйе білетін, әннен хабары бар жастар керек. Бәлкім, толқыныстан болар, көбісі ырғақ пен, әуезден шығып кетеді. Бірақ, барлығын жеңе біліп, өзін көрсете білсе, сонысымен әнші болады.

«Ән жүрегім - Астана!» - Астананың имиджін көтеретін авторлық әндерді тауып, композитор, ақын, жас орындаушылар шығармашылығын насихаттауды мақсат етеді. Жүзден жүйрік, мыңнан озық шыққан қатысушылар Қазақстан эстрада жұлдыздарымен бірге 6 шілдеде Конгресс-холл сарайында өтетін гала-концертке қатысады.

Кез келген материалды Астана қаласының astana.gov.kz</<i> ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

«Менің сүйікті әншім» тақырыбына эссе 100 сөз



























Слайд







old.qamshy.kz/?p=23311

Аспанға қараймын

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 минут

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ бойынша 3 ең

ЕҢ...

ЕҢ...

ЕҢ...



Қосымша ақпарат

Дифференциация - Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау - Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.





astana.gov.kz/kk/modules/material/1570





«Меніңсүйіктіәншім» тақырыбына эссе 100 сөз





Аспанга караймын жұлдызды санаймын

Сол жұлдыздын ішінде сен жоқсың Арайлым

Арманы талайдың бағыма балаймын

Мен сені сүйемін мен сені қалаймын







............ ................... жұлдызды санаймын

Сол жұлдыздын ішінде ..... .......... ..............

Арманы талайдың ............ балаймын

Мен сені ............ мен сені ..............

alashainasy.kz/culture/aspanga-karaymyin-ann-roza-ryimbaeva-da-oryindadyi-video-68070/





Аспанга караймын жұлдызды санаймын

Шуғыңды шаш елге ақ таңым арайлым

Бағыма балаймын тамсанып қараймын

Жер жаһанда өзіңдей ел жоқ деп санаймын



Мөлдіреген гүлім бар,

Бейбіт аспан көгім бар

Сол аспанның астында

Ұлан байтақ төрім бар

Егеменді елім бар

Заңғар биік белім бар

Болашаққа жол бастар

Ел басындай ерім бар























Ән мәтінін құрастыру беріледі



Аспанга караймын жұлдызды санаймын

Шуғыңды шаш елге ақ таңым арайлым

Бағыма балаймын тамсанып қараймын

Жер жаһанда өзіңдей ел жоқ деп санаймын







Ән туралы

Алған әсерім

Түйгенім











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал