7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары:қорқыт ата кітабы

Сабақ жоспары:қорқыт ата кітабы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы. Аңызға айналған Қорқыт ата бейнесі. Қорқыт ата нақыл сөздері

Сабақтың мақсаты;

Білімділік: Қорқыттың білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушылар жеткізу.

Дамытушылық: Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: Өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімін ояту.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру

а ) сәлемдесу

ә ) түгендеу

2. Үй тапсырмасын сұрау

1. Ой шақыру. Қобыз күйін тыңдату

- Қорқыт ата кім?

- Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы.

- Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, күй тартқан адам.

2. Мағынаны тану.

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп - тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой...

Ол алдымен оғыз қауымның мүшкіл қалін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзінхалық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

Қорқыт ата сөйлейді:

-Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкімде өлмес.Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр,көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Жапалақ - жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл - атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошығыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Қорқыт ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не дер екен.

-Мықты жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше, мінбесе игі... қонақ келмеген үйдің құлағаны артық. Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі. Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.

Қорқыт ата тағы сөйлейді, тыңдап көрелік не айтар екен:

-Жердің соңы шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым - айырым жол сүрлеуін түйе білер. Жер бұлақтың хош иісін түлкі білер. Түндн керуен көшкенін қараторғай білер. Ердің батқанын ат білер. Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер. Қаперімде бастың ауырғанын ми білер. Қыл қобызын арқалап, елден елге, бектен бекке жырау кезер...

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Ақ ссүтіне тойғыза - тойғыза емізген ана көрікті. Жанашыр ағайын туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. өнегелі баба көрікті.

«Ойлан,бірік,бөліс» стратегиясы .Слайдтан көргенін,оқулықтан оқыған білімдері бойынша оқушылар топтық тапсырмалар алады.

постер қорғайды.

1 - топ. Аңызға айналған адам. Қорқыт туралы «Жел қанатты Желмая», «Қорқыт және қырық қыз», «Қорқыт сарыны» туралы аңыздарына тоқталады.

2- топ. . Күй атасы- Қорқыт. Қорқыттың «Қорқыт», «Аққу», «Әуппай», «Башпай», «Ұшардың ұлуы» т.б күйлері ,оның күйшілік өнері туралы мағлұмат береді.

3- топ. Дананың сөзі -ақылдың көзі.

Қорқыттың нақыл сөздерінің тағлымдық мәніне баса назар аударады.

Оқушыларға «Қорқыт ата кітабы»бойынша үш бағытта тапсырма беру.а) "Қорқыт ата кітабының" тарихы ә) Оғыз тайпасының оқиғалары б) "Қорқыт ата кітабының" кейіпкерлері

«Адасқан оқиғалар» стратегиясы

(«Қорқыт ата кітабы» оқиғасын ретімен орналастыру )

1.Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;

3.Қазанбектің ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;

2.Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;

4.Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;

6.Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;

5.Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;

7.Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;

8.Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;

9.Бегила баласы Әмрен туралы жыр;

11.Үйсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;

10. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;

12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.



Клоуз тест

Қорқыт ---------- ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы ----------- тайпасынан, әкесі Қарақожа ------------- екені мәлім.

Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі - ------------- тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі ------------Ватикан нұсқасы.

Ажал уақыты жетпейінше,---------- де өлмес. Өлген адам -------. Көңілі пасық ерде -------- болмас. Анадан------ көрмеген қыз жаман, атадан ---------- алмаған ұл жаман.

Бес жолды өлең

Қобыз - зарлы, мұңды

үн шығарады, күңірентеді, елжіретеді.

Қобыз - қазақтың ежелгі аспабы.

аспап

Қорқыт - данагөй, балгер

армандады, қиналды, күй шығарды

Қорқыт - мәңгілік өмірді іздеуші.

Адам

4. Сабақты қорытындылау.

Тірек сөздермен жұмыс.

Қорқыт. Ажал. Күй. Қобыз. Жыр.

5. Үйге тапсырма. Қорқыт атаның нақыл сөздерін оқу

6. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал