7


  • Учителю
  • Жүк көтергіш крандарды орнату бойынша өнеркәсіпте қойылатын жалпы талаптар тақырыбындағы әдістемелік материал

Жүк көтергіш крандарды орнату бойынша өнеркәсіпте қойылатын жалпы талаптар тақырыбындағы әдістемелік материал

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жүк көтергіш крандарды орнату бойынша

</ өнеркәсіпте қойылатын жалпы талаптар



1. Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға, орнатуға, жөндеуге қолданылады.

2. Осы Талаптар мыналарға:

1) кран-манипуляторларды қоса алғанда, барлық түрдегі жүк көтергіш крандарға;

2) жер бетіндегі рельс жолдары арқылы басқару кабинасымен бірге қозғалатын жүк электрлік арбаларына;

3) арқанға асылған ілмекпен немесе электр магнитпен ғана жұмыс істеуге арналған кран-экскалаторларға;

4) электр тальдарына;

5) жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар;

6) ауысымдық жүк қармауыш органдарына (ілмектерге, грейферлерге, жүк көтеру электр магниттері мен өзге де органдарға);

7) алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдарына (арқандарға, қармауыштарға, траверсерлерге және өзге де құралдарға);

8) технологиялық үрдістерде, теңіз және өзен порттарында қолданылатын арнайы ыдыстардан (шөміштерден, мульдалардан, металл қалыптар мен өзге де ыдыстан) басқа, көтергіш ыдыстарға (бұдан әрі мәтін бойынша-ыдыс) қолданылады.

3. Осы Талаптар:

1) шахталарда, теңіз және өзен кемелерінде және өзге де жүзгіш құрылыстарда орнатылған жүк көтергіш машиналарға;

2) жер қазатын жабдықпен немесе грейфермен жұмыс істеуге арналған экскаваторларға;

3) тек аспалы жабдықпен (діріл батырғыштармен, шпунт жұлғыштармен, аспа бесіктермен, бұрғылау жабдығымен және өзге де жабдықпен) жұмыс істеуге арналған крандарға;

4) арнайы мақсаттағы жүк көтергіш машиналарына, жер орналасқан, тиеу және отырғыз машиналарына, құбыр орнатқыштарға, электр және авто тиегіштерге, қатарлағыштарға, жол және көпір төсеуші машиналарға, манипуляторлар мен өзге де машиналарға;

5) олар асылатын монтаждау полиспасталар мен құрылымдарға (мачталар, шевралар, біліктер мен өзге құрылымдар);

6) әскери ведомствоның арнайы жүк көтергіш машиналарына;

7) қолмен басқарылатын тальдарға қолданылмайды.

4. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар

5. Жүк көтергіш машинасының жарылу, өрт шығу қаупі бар ортада (ортаның санатын көрсете отырып) жұмыс істеу қабілетін паспортта, пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда көрсетіледі.

6. Есептік температурасы 40°С төмен аймақтарда пайдалануға арналған жүк көтергіш машиналарын жобалау және дайындау температуралық режимге сәйкес жүзеге асырылады.

Сейсмикалық аймақтарда (6 балдан жоғары) пайдалануға арналған жүк көтергіш машиналарын жобалау және дайындау ҚР ҚНжәнеЕ 2.03-30 сәйкес сейсмикалық тұрақты күйде жүзеге асырылады.

7. Жүк көтергіш машиналарын жобалау ИСО 4301/1 стандартына және басқа да нормативтік құжаттамаға сәйкес орындалады.

8. Жебелік өзі жүретін, теміржол және тіркеме крандар, кран экскаваторлар, мұнара және порталды крандар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін күйде және тасымалданған күйде тұрақты болады.

Кранның тұрақтылығының есебі сынақ жүктемесі әсер еткенде, жүк әсер еткенде (жүк тұрақтылығы), жүк болмаған кезде (өзіндік тұрақтылық), жүктемені кенет алғанда және монтаждау (бөлшектеу) кезінде жүргізіледі.

Пайдалану шарттары бойынша жүктемесі жоқ жебені көлденең күйге түсіру қажет болған болатын крандарда жебенің осындай күйдегі тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

9. Жұмыс жүгі ең көп арба едәуір қолайсыз тұрғанда қармауыш және консоль крандарда жүк арбалары жолдарының еңісі 0.003 аспайды. Еңістің көрсетілген нормасы арбаларының қозғалыс тетігі қалыпты жабық түрдегі автоматты тежегішпен жабдықталған немесе арбасы арқанды тарту күшімен қозғалатын крандарға жатпайды.

10. Жүкті көтеру және ұшуды өзгерту тетіктері жүкті немесе жебені түсіру тек қана қозғалтқышпен жүзеге асырылатындай етіп орындалады.

11. Жұдырықша, фрикциялық немесе басқа да механикалық аспаптармен жабдықталған жүк көтергіш машиналардың тетіктері жұмыс қозғалысының жылдамдықтарын іске қосу және ажырату үшін тетіктің өздігінен іске қосылуы немесе ажыратылуы мүмкін болмайтындай етіп орнатылады. Жүк пен жебені көтеру шығырларында, сонымен қатар тежеуіш бермей-ақ жетектің ажырау мүмкіндігін болдырмайды.

Адамдарды көтеруге арналған тетіктерде, электр жетегі бар тетіктерде мыналардан:

1) бір жылдамдықтан келесісіне ауыстыру үшін бірнеше жылдамдық диапазоны бар қозғалыс немесе бұрылыс тетігінен;

2) әрқайсысын бөлек басқару үшін ортақ жетегі бар шынжырлы крандардың қозғалыс тетігінен басқа, іске қосатын фрикциялық және жұдырықша муфталарды, балқыған металды немесе шлакты, улы және жарылғыш заттарды қолдануға болмайды.

1) және 2) тармақшаларда көрсетілген жағдайларда тежеуіште кранның бұрылатын бөлігімен, шынжыр табандармен немесе дөңгелектермен ажыратылмайтын кинематикалық байланыс болады.

12. Айналдырып беретін жүк көтергіш машиналардың тетіктерінің тораптарында шлицті, шпонды және бұрандалы қосқыштары болады.

13. Жүк көтергіш машиналардың бұрандалы, шпонды және сыналы қосқыштары өздігінен бұралуынан немесе ажыратылуынан сақтандырылады.

14. Жылжымалы жебелері мен мұнаралары бар крандарда шыққан құрылымды бекіткіші қарастырылады.

15. Шөмішті крандардың көтергіш тетіктерінде амортизатор құрылғысы болады.

16. Жүк көтергіш машинасының арқанды және шынжырлы тальдары мен полипласттарында тальдан арқанның (шынжырдың) өздігінен шығып кетуі, блок мен шүлдік арасында (жұлдызша мен шүлдік арасында) арқанның (шынжырдың) оралып қалуы болмайды.

17. Қос полипластты қолданған кезде теңестірілген блокты немесе теңгергішті орнату міндетті.

18. Қол жетегі бар жүк көтергіш машиналардың тарту күші дөңгелектерінде жұмысшылардың құлауын болдырмау үшін бағыттайтын шынжырлары болады. Тарту күші шынжыры оның төменгі бөлігі машинаны басқаратын жұмысшы отырған жерден шамамен 500 мм биіктікте болатындай етіп орналасады.

19. Жүк көтергіш машиналардың металл құрылымдары мен металл бөлшектері тотығудан сақталады.

Ашық ауада жұмыс істейтін қорапты және құбырлы металл құрылымы крандарында оған ылғалдың жиналуына қарсы шаралар қолданылады.

20. Техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жүк көтергіш машиналардың тетіктеріне, сақтандыру құрылғыларына, электр жабдығына, металл құрылымдарының элементтеріне қауіпсіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта галереялар, алаңдар, сатылар қарастырылады. Блоктар мен аспаптарға қауіпсіз қызмет көрсету үшін алаңдар мен сатылар болмаған жағдайда жебеде оны түсіру мүмкіндігі қарастырылады.

21. Жүк көтергіш машиналардың электр жабдығы, оны монтаждау, ток бөлу және жерге қосу электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес болады.

Жүк көтергіш машиналардың электр жабдығын пайдалану электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.

22. Гидравликалық жетегі бар крандар үшін құбырлар жарылған кезде немесе гидро жүйедегі қысым төмендегенде тетіктерді (жүк және бағыттаушы шығырды бұру, жебелер мен көтергіш тіректерді көтеру, жебе секцияларын жылжыту) автоматты тоқтату және бекіту қамтамасыз етіледі. Кран-манипуляторлар үшін иілгіш құбырлар үзілген кезде тетіктерді автоматты тоқтату қамтамасыз етіледі.

23. Крандардың гидро жүйесі әрбір жұмыс контурындағы қысымды бақылау мүмкіндігі мен гидро агрегаттарды, шлангілерді, сүзгіштерді бактан жұмыс сұйықтығын құймай, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

24. Жүк көтергіш крандар мото сағаттардағы жұмысты есепке алуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Құрылғы кранды пайдалану кезінде оның қалдық ресурсін пайдалануға мүмкіндік береді.

25. Болат арқандардан жасалған жүк асатын арқандарды есептеу арқандардың тармақ сандарын және олардың тігінен көлбеу бұрышын ескере отырып жүргізіледі.

Бірнеше тармақтары бар жалпы мақсаттағы арқандарды есептеу кезінде олардың арасындағы есептік бұрыш 90° тең болып қабылданады. Белгілі бір жүкке арналған арқандарды есептеу кезінде нақты бұрышты қабылдауға болады.

Арқандарды есептеу кезінде арқандардың төзімділік қорының коэффициенті кемінде 6 қабылданады. Көп тармақты арқандардың құрылымы барлық тармақтардың біркелкі тартылуын қамтамасыз етеді.

26. Кендір, капрон және мақта маталы арқандардан (таспалардан) жасалған арқандарды есептеу арқандардың тармақтарының саны мен олардың тігінен көлбеу бұрышын ескере отырып жүргізіледі. Бұл ретте төзімділік қорының коэффициенті кемінде 8 қабылданады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал