7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Баяндауыш. Құрамдық түрлері Баяндауыш болатын сөз таптары

Қазақ тілі Баяндауыш. Құрамдық түрлері Баяндауыш болатын сөз таптары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Құрамдық түрлері.

Баяндауыш болатын сөз таптары

Сабақтың мақсаты:

  • Баяндауыш туралы толық мағлұмат беру. Баяндауыштың дара, күрделі, үйірлі деп бөлінетін құрамдық түрлерін түсіндіру, жасалу жолдарына талдау, баяндауыш болатын сөз таптары жайында мысалдармен дәлелді түрде ұғындыру;

  • Жаттығу жұмыстарын орындау барысында басқа сөйлем мүшелерімен шатастырмай анықтай білуге, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру;

  • Білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: жаңа білім беру

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, жаттығу, бақылау

Қосымша материалдар: Балақаев, Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі»1-бөлім.



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (бастауыш, құрамдық түрлері, бастауыш болатын сөз таптары).

3. Жаңа сабақ.

Бяндауыш -сөйлемдегі тұрлаулы мүше, сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесі. Бяндауыш

Сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш-

  • Сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі;

  • Сөйлемді тиянақтап тұрады;

  • Бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді;

  • Бастауышпен қиыса байланысады;

  • Кейде бастауышсыз-ақ сөйлем жасауға ұйытқы бола алады;

  • Қай сөз табынан болса, соның сұрағына жауап береді.

Баяндауыш құрылысына қарай:

  • Дара (бір ғана сөзден жасалған баяндауыш) мыс.: Келемін тау ішінде түнделетіп.

  • Күрделі (тіркесу жолымен жасалады) мыс.: Ол үндемей келе жатыр.

  • Үйірлі ((екі, не одан да көп сөзден жасалады) Мыс.: Қайғырып уайым жеді.(зат е.+ет.)

Бастауыш болатын сөз таптары:

  • Етістіктен Мыс.: Шаршағаннан көп ұйықтаппын.

  • Сын есімнен Мыс.: Бұл сыныптың тәртібі тамаша.

  • Зат есімнен Мыс.: Сен-8-сыныптың оқушысысың.

  • Сан есімнен Мыс. Бес жерде бесім-жиырма бес.

  • Есімдік түрлерінен Мыс.: Бұл жерде ең кінәлісі - мен.

  • Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз Мыс.: Бейтаныс әйел оқиғаны естіп сылқ етті.



4. Жаттығу жұмыстарын орындау. 38- жаттығу (жазбаша, кесте бойынша)Бастауыш

Баяндауыш

  • тұрлаулы мүше

  • атау септігінде тұрып, оқиғаның иесін білдіреді

  • Кім? Не? КІмдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? т.б. сұрақтарға жауап береді.



  • тұрлаулы мүше

  • бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіреді

  • Не істеді? Қайтті? Не қылды? т.б. сұрақтарға жауап береді.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал