7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Мен мектепте не істеймін?Етістік.

Сабақтың тақырыбы: Мен мектепте не істеймін?Етістік.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6 сынып Сабақтың тақырыбы: Мен мектепте не істеймін?Етістік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мектеп туралы алған білім-дағдыларын толықтыру, сөйлемнің мүшелері бойынша білімдерін нақтылау;

Дамытушылық: сөйлеу, ойлау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, сөздік қорын молайту, сөйлеу өнерін дамыту,

Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, жазылым, тыңдалым, оқылым .

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу және оларды түгендеу. Слайд . Бүгін сабақтың тақырыбы қандай?: Мен мектепте не істеймін? Біз бүгін мектеп тақырыбы бойынша алған білімдерімізді қайталап, бекітеміз. Берілген мақалдың мағынасын кім ашып береді? Мектеп- кеме, білім -теңіз. Мектеп- білім беретін орын. Ал білім үлкен теңіз секілді. Біз мектепкке келіп, білім аламыз. Ал сендердің білімдеріңді бүгін Қамила бағалап отырады.

Сабағымызды сұрақтардан бастайық. Кезекші тақтаға шығып, сұрақтар қояды.

2. Тіл дамыту. 1. -Рудный қаласында неше орта білім беретін мектеп бар? -21

2. Соның ішінде неше қазақ мектебі бар? 3

3. Олардың нөмерлері қандай? 7 , 15, 19 мектептері

4. Ал неше гимназия бар? 3 2,5,10

5. Сендер қай мектепте оқисыңдар?

6. Мектепте асхана бар ма?

7. Кітапхана қай қабатта орналасқан?

Мұғалім: -Біздің мектепте асхана мен кітапхана бар ма?

3. Жеке жұмысын орындау. Енді біз грамматикалық тапсырмалар орындаймыз.

1. «Кітапхана» сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар.

2. «Что делать?» сұрағын аударып жіктеңдер. 3. «Мен сабақтан кейін кітапханаға кітап оқуға барамын» -сөйлеміне синтаксистік талдау жасаңдар. 4.Суретпен жұмыс. Суреттерге назар аударайық. Бірінші суретте не бейнеленген? Сурет бойынша әңгіме құрастырасыңдар.

Мектеп асханасы

Суретте асхана бейнеленген. Біздің мектепте асхана бар. Ол бірінші қабатта орналасқан. Асханада үстелдер мен орындықтар тұр. Мен асханада тамақтанамын. Асханада қою, сұйық тамақтар және нан тағамдары пісіріледі. Мен палау, салат және шырын аламын. Мен тамақты үшінші сабақтан кейін үзілісте ішемін. Асханада пісірілген тамақ маған өте ұнайды. «Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды»- деп халық бекер айтқан жоқ. Тамақты уақытында жеу керек. № 1 с.

М. Тамақты қашан жеу керек?







№ 1 сурет № 2 сурет



№ 3 сурет № 4 сурет

Мына суретте не көріп тұрмыз?



№ 5 сурет











Мектеп кітапханасы

Суретте кітапхана бейнеленген. Кітапхана мектептің үшінші қабатында орналасқан. Онда қызық кітаптар, газет-журналдар, энциклопедиялар бар. Олардың бәрі шкафтың ішінде жинаулы тұр. Кітапханада Заскалько Наталья Сергеевна және Лисицына Людмила Александровна еңбек етеді. Мен сабақтан кейін кітапханаға кітап оқуға жиі барамын. Маған тарихи, ғылыми шығармалар ұнайды. «Артық білім -кітапта»- деп Абай атамыз айтқан. Білімді болу үшін көп кітап оқу керек.

М. Білімді болу үшін не істеу керек? № 2 с.

Менің мектебім

Мен №5 гимназияда 6 сыныпта оқып жүрмін. Ол Комсомол даңғылында орналасқан. Мектеп 1972 жылы салынған. Мектептің тұңғыш директоры- Сенчев Кузьма Михайлович. Мектеп «Гимназия» атағын 1989 жылы алды. Гимназияның тұңғыш директоры-Папертная Зоя Петровна. Қазіргі кезде гимназияда 82 мұғалім еңбек етеді. Биыл 784 оқушы оқиды. Ғимарат төрт қабатты. Бірінші қабатта асхана, спортзал, қабылдау бөлмесі, бастауыш сыныптар орналасқан. Екінші қабатта мәжіліс залы, шеберхана, математика кабинеттері, мұғалімдер бөлмесі. Кітапхана үшінші қабатта. Ал қазақ тілі кабинеттері төртінші қабатта орналасқан. Мектеп директоры - Мартемьянова Ольга Геннадьевна. Мектебім таза, жарық және кең.

Маған өз мектебім ұнайды, себебі оқушыларымыз тәртіпті және мұғалімдеріміздің бәрі де білімді.

М. Біздің оқушыларымыз қандай? № 3 с.

5. Сабақ кестесі. Сабақ кестесіне назар аударайық.

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

Қаз. тарихы

Ағылшынтілі

Еңбек

Би сабағы

Математика

Орыс тілі

2

Биология

И. В Т.

Еңбек

Дүн. тарихы

Математика

Әдебиет

3

Математика

Орыс тілі

Ән-күй саб.

Қазақ тілі

Бейнелеу өнері

Математика

4

География

Әдебиет

Қазақ тілі

Ағылшын тілі

Дене шынық

Қазақ әдеб.

5

Дене шынық.

Математика

Өзін-өзі тану

Математика



Геграфия

6

Қазақ тілі

Қазақ тілі

Орыс. тілі

Орыс тілі

Қазақ тілі





Кесте бойынша сөлемдер құрастырамыз. Әр түрлі сабақтарда біз не істейміз? Мысалы: Сәрсенбі күні 5 сабақ болады. Біз аптасына 6 күн оқимыз. Математика сабағында есеп шығарамыз. Дене шынықтыру жүгіреміз, секіреміз, баскетбол, волейбол ойнаймыз. Сау болу үшін дене шынықтыру сабағына бару керек. Тарих сабағында елімізде болған маңызды оқиғалармен танысамыз. Ән-күй сабағында ән айтамыз.

Сендерге қандай сабақ ұнайды?

6. Музыкалық үзіліс. Сендер әннің 1 шумағын тыңдап , оның атын және кімнің орындауында ойлап айтасыңдар? №4 с.

«Жаса , Қазақстан» - Асқар Жүнісбеков

«Атамекен» -Роза Рымбаева

«Қостанай» - Арыстан Құрманов

«Шоқ қыздар» - Бейбіт Қорған

«Толғанай»- Асқар Жүнісбеков

Сендерге қандай ән ұнайды?

7. Өздік жұмыс. Қазақ тілі сабағында не істейміз?-деген сұраққа өз бетімен жауап беріп көріңдер.

Оқушылардың жауабы: Сабақта біз көп жұмыс жасаймыз: сұрақтар қойып , жауап береміз, мәтіндерді оқып , орыс тіліне аударамыз, грамматикалық , фонетикалық , морфологиялық талдаулар жасаймыз, диктант, шығарма, мазмұндама, жазамыз. Қателеріміз болса, мұғалім түзетеді. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз. Қазақ тілін, әдебиетін, тарихын және мәдениетін білгіміз келеді.

8. Сөздің көркі-мақал. Қазір біз мақал-мәлдерді еске түсіреміз.

Мен бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар

1. Оқусыз білім жоқ, ......................Білімсіз күнің жоқ.

2. Алтын алма, ....................... білім ал.

3. Білекті бірді жығады, ...................білмді мыңды жығады.

4. Ақыл азбайды, ................... білім тозбайды.

5. Ақылды бала өсірсең, ................... әулетің абырой алар.

6. Ғылым- теңіз, ..................... білім- қайық.

7. Білім қымбат, ......................... білу қиын.

8. Қына тасқа бітеді, ......................... білім басқа бітеді.

9. Ақыл -алтын сандық, ................ адамына қарай ашылады.

10. Мектеп - .................... білімнің ұясы.

Мақалдар қандай тақырып бойынша? -Білім туралы. Етістіктерді теріп

алайық. Етістік не білдіреді? Оның сұрақтары қандай?

9. Өнер алды-қызыл тіл. Сендер суреттерде кімді көріп тұрсыңдар? №5 с.

Олар балаларға арнап көп өлеңдер жазған. Мен сендерге олардың өлеңдерін тыңдауға ұсынамын.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар !

Шамнан шырақ жағылар.

-Бұл кімнің өлеңі? - Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық.

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

-Ал мына өлеңді кім жазған? - Бұл өлеңді Ахмет Байтұрсынов жазған .

Қазір біз бейне материалды қарап өлеңнің мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

Қазағым , қам ойла



Жас өтті тынымсыз,

Өнерсіз ғылымсыз.

Надандық жолымен,

Кеттім - ау білімсіз.

…Қазағым - жолдасым ,

Қаламым - сырласым.

Өлген соң белгілі,

Қайта кеп тұрмасын.



Тіл сорлы жырласын ,

Берекеге тұрмасын.

Алдымнан жарылқап,

Алла кәр қылмасын.



Ел анау, мен мынау,

Қайтейін бір басым.

Аман бол, ағайын ,

Татуым қимасын.



Надандық жаман ғой,

Оқыған - адам ғой.

Ізденіп көріңіз,

Ғылымды заман ғой.



Ғылым кенің ғой,

Ауырсаң емің ғой.

Бәріңе жетеді,

Таусылмас көлің ғой…

-Кімнің өлеңі? - Шәкәрімнің өлеңі.

Өлеңін мағынасы ашып көрейік. -Баланың жас кезі қалай өтті? -Баланың жас кезі өнерсіз, білімсіз өтті.

-Жас жігіт қай жолмен бара жатыр? - Жас жігіт надандық жолымен бара жатыр.

Ол дұрыс па? -Жоқ, дұрыс емес. Бұл өлең сендерді неге шақырады? -Бұл өлең бізді білім алуға шақырады.

10. Қорытынды: Мектепке не үшін келемін?- деген сұраққа жауп береміз. Кестеге қарап әңгіме құрастырып айтасыңдар.



Мен мектепке білім алу үшін келемін. Білімді, сауатты , әдепті , мәдениетті болғым келеді. Сол үшін сабаққа күн сайын дайындалу керек. Мұғалімдерді, ата-аналар мен үлкен кісілерді тыңдап , олардан үлгі алу керек. Менің ойымша, болашағымыз- біздің қолымызда! Оны әрқашан есімізде сақтаумыз керек. Менің міндетім- мектепті үздік бітіріп, болашақта жақсы маман болып, Отан үшін еңбек ету.



Сабағымызды нақыл сөзбен қорытындылайық.

Оқу- білімсіз өнер де жоқ... Өнерпаз болу үшін де ең алдымен білім керек.



-Бұл кімнің сөзі? - Ғабит Мүсіреповтың сөзі .

Ақылды болу үшін білім алуға тырысу керек.



Қойған бағаларымен Камила таныстырады.

Үй тапсырмасы: «Мен мектепке не үшін келемін?»-тақырыбы бойынша эссе жазып келу.

Назар аударғандарыңызға рақмет. Сау сәлемет болыңыздыр!

</





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал