7


  • Учителю
  • 4-сынып Өзін-өзі тануБілімге құштарлық

4-сынып Өзін-өзі тануБілімге құштарлық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



2 - сабақ Сыныбы : 4

Күні :

</ Сабақтың тақырыбы : Білімге құштарлық

Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

Мақсаты : оқушылардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

  • Білім, даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

  • Білімге, оқуға қызығушылықтарын дамыту;

  • Білімді бағалауға тәрбиелеу.

. Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Сәлеметсіңдер ме балалар! Біз тағы да өзіміздің сыныбымызда отырмыз. Бұл жерде отыруларыңның құпиясын білемін! Себебі сендерге білім алу ұнайды. Білім арқылы өзіңді, адамдарды,айнала қоршаған ортаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етеcіңдер. Бүгінгі сабағымыз білім, білімнің адам өміріндегі мәні туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

Мұғалім білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді. Мақал мәнісі өлеңін бәрі бірге айтады:

Мақал мәнісі

«Кітап - білім бұлағы, Кітаппен достас мәңгілік.

Білім - өмір шырағы». Жадыңа білім жаңғырып,

Осы мақал мәнісі Оятар сана - сезімді.

Қалай, - деп інім сұрады. Танырсың жатты, өзіңді,

Болғың келсе білімді, Ашарсың сөйтіп көзіңді.

Әңгімелесу әдісін өткізу үшін мынандай сұрақтар ұсынылады:

  • «Білікті - бірді жығар, білімді - мыңды жығар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»,- дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

Мәтінмен жұмыс

Айтылған ой бекітіле түсуі үшін әңгіме оқу ұйымдастырылады.

«Құштарлық» әңгімесі айтылады.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді. Мұғалім тақтаға жазған «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген мақалдың мәнін түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылардың білім туралы білетіндерін толықтыру мақсатында өлең оқуды ұсынады.

Білім керек бәріне

Кемелерді басқарып, Жасартатын әжемді

Көк жүзіне самғасам. Дәрі ойлап таба алсам.

Тауды бұзып, тас жарып, Сырлары көп ғылымның

Мұхиттарды жалғасам. Шешілмеген әлі де.

Таңдандырар бар елді Тереңдігі ілімнің

Ғажап үйлер сала алсам. Керек екен бәріне.

Ойын-жаттығу

Оқушылардың білімге құштарлықтарын байқау мақсатында «Жалғасын тап!» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

1.Білімнің басы - бейнет, соңы ...

2.Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің ...

3.Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Білім - жанып ...

4.Тіліңмен жүгірме, ...

5.Күш - білімде, білім ...

6.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз ...

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақта айтылған ойларын пысықтай түсу үшін дәптерге тапсырмалар орындалады.

Тыныштық сәті

Балалардың қабілетін артыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі, ойы сергітіледі.

Жүректен жүрекке

  • «Оқу инемен құдық қазғандай» деп бекер айтылмаған. Өйткені білім көп еңбектенуді, төзімділікті қажет етеді. Сендердің ойларыңда осы қасиеттердің болуын тілеймін. Балалар А.Сопыбаевтың өлеңін құштарлана екі рет қайталайды.



Талаптанып Білім алып,

Қанаттанып, Тұлғаланып,

Өмір сырын ұғамыз. Азамат боп шығамыз.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал