7


Конспекты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ұйымдастырылған іс-әрекет картасы. Білім саласы «Қатынас» Білім бөлімі Тіл дамыту, қоршаған орта, ән-сазТақырыбы «Ұлттық бұйым-бесік» Мақсаты 1. Бесік туралы жалпы ұғым беру. Бесік жабдықтарының атауымен таныстыру.Жубату әндеріне түсінік беру. 2. Салт-дәстүрдің бүгінгі к
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған іс-әрекет картасы.
Білім саласы «Қатынас»
Білім бөлімі Тіл дамыту, қоршаған орта, ән-саз

Тақырыбы «Ұлттық бұйым-бесік»
Мақсаты
1. Бесік туралы жалпы ұғым беру. Бесік жабдықтарының атауымен таныстыру.Жубату әндеріне түсінік беру.
2. Салт-дәстүрдің бүгінгі күнде қолданылуы, пайдасы, сұрақ -жауап арқылы тіл байлығын дамыту
3. Ұлтжандылықты, өнегелі сөздерді бойына сіңдіру, бөпеге деген сезімді өз ана тілінке жеткізіп, қамқорлық танытуға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Сөздерді мағынасы бойынша дәл қолдана білу, анық,айтып өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер арқылы жеткізу
Көрнекілік: Ұлттық бұрыш. Бесік, жабдықтары.Ұлттық киімдер/буклет/

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Қызығушылықты ояту

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Жылы лебіздер айтылады.
**

Балалар, бүгінгі ойын-сабағымыз қызықты болу үшін мен қонаққа әжейді шақырдым.
**

Әжейдің киімі қандай әдемі, біз суреттерден, теледидардан көріп жүргендей. Кәзір апаларың осылай киінбейді.

Тақтадағы суреттерге қарайықшы /Ұлттық киімдер/

Сәлем!,-дейміз достарға
Сәлем!-дейміз құстарға
Сәлем!-дейміз бәріне
Сәлем!-дейміз апайға

**
Амандасу рәсімдері жүргізіледі.
**

Д/о «Кім тапқыр?»
Мақсаты: Тақтадағы киім атауын атап, әжейдің үстіндегі киімнен сәйкестігін көрсету.

Іздену-ұйымдастыру

Балалар, бүгінгі күні көбімізді апаларымыз бағып отыр, мамаларымыз жұмыста, бізге қарауға уақыты аз.Сондықөтан да бізді сеніп апаларымыздың қасына тастап кетеді.

Себебі үлкендер өте ақылды, бізге үйретері көп, бізге бар мейірімін береді, бізді жақсы көреді. Біз де кішкентай -бөпе болдық,сол кезден апалапымыз бізді бағуды мамамызға үйреткен. Бүгін әже бізге ұлттық бұйым -бесікпен таныстырады.
**

Әжей балаларға бесіктің қолданылу тәртібі жайлы түсінік береді

**
Бесік жабдықтарының атауларымен таныстырады.

**
Әже таныстыра отырып, бесікті іс жүзінде қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Бөпе бөленді.

-Енді бесікті жайлап тербете отырып, жұбату әндерін айтамыз. Олар өте көп, себебі қазақ бар жақсыны балаларға арнаған

**

Бесікке байланысты ырым сөздер де көп

Әжеймен қоштасу сәттері.

Балалар ұлттық бұрыштан бесікті алып келіп, әжейдің қасына қойып, айнала отырады.
**
Бөпе мазасызданбай, тазалықта тыныш ұйықтап, күшті болып өсу үшін бесіктің пайдасы көп екенін ұғынады
**
Бірлесе қайталайды.
Көрпеше, жастықшалар, қолтықшалар, түбек, шүмек, тартпа баулар, бесік жапқыш
**
Бірге қайталайды
«Әлди-әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат ,көкем
Жілік шағып берейін
Майлыаяқтың құйрығын жіпке тағып берейін»
**
Бірге қайталайды
«Бос бесікті тербетпе»
«Бесікті аяқпен теппе»
**
Рахметтерін білдіріп, жақсы тілектер айтады.

Бекіту

-Бүгін өте қызықты күн болды деп есептеймін, көп нәрсе үйрендік.
Енді,ойын ойнауға дайындалайық. Әжейдің айтқанын еске түсірейік
Д/О «Тез ойла, сөз ойла»
Мақсаты: Бесік жабдықтарының атауын еске сақтау, тапқырлық, шапшаңдыққа , зейінін тоқтатуға. баулу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал