7


  • Учителю
  • Тақырыбы:«Аналар мерекесі» шағын орталық

Тақырыбы:«Аналар мерекесі» шағын орталық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала













Тақырыбы:«Аналар мерекесі» шағын орталықТақырыбы:«Аналар мерекесі» шағын орталықТақырыбы:«Аналар мерекесі» шағын орталық

</ Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: «Аналар мерекесі»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да,

Аяулы аналар, ару қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық .

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әр бір күнің әр айың.

Қадірлі аналар көңілі,

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толып өмірі,

Шаттыққа шаттық ұлассын!

Жүргізуші: Бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолды талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан.

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналысына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңкытқан.

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.

«Айналайын, ана, мерекеңізбен» әні.

1 бала: Менің анам керемет,

Мейірімді адам ол ерек.

Ерте түрып, кеш жатқан.

Сиыр сауып, пеш жаққан.

Бізсіз асын татпаған,

Анам үшін мақтанам.

2 бала: Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң м(а) екен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар м(а) екен?

3 бала: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

4 бала:Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен!

5 бала: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

- Ендігі кезекте, бүлдіршіндеріміз дайындаған концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!

(Өлеңдер айтылып, балалар билерін ұсынады).

- Осымен, біздің мерекелік концертымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет, мейрамдарыңыз құтты болсын!





























































«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

Музыка залы әсем безендірілген

Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!

Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар

мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз

жайдарлы бола берсін дейміз!

1бала:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!

Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

2бала: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!

От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.

Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!

3бала: Dear Mummy, Dear Granny!

I want you to be happy!

On the eights of March

I love Mummy, I love Granny

I wish them health

I wish them wealth!

Әуенді вальспен әр бала анасымен жұптасып,бір-бірлеп залға кіреді. Анасын таныстырып,анасына жақсы сөз айтады.

Би: «Наз» (аналармен вальс)

Бидің соңында аналарын орындарына апарып отырғызып,сапты бұзбай,жартылай шеңбер жасап тұрады.

Тақпақтар:

1бала: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерді ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

2бала: Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ мамам!» - деп, шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

«Бөпешім!»- деп жатпаған.

3бала: От чистого сердца простыми словами

Давайте ребята потолкуем о маме

Мы любим ее как хорошего друга

Мы можем доверить ей сердце свое

И просто за, то что наша мама

Мы крепко и нежно любим ее.

4бала: Отпустили холода

К нам пришла весна - красна

И не даром праздник мамин

Из весенних самый ранний.

5бала:Mother is the dear rest

Of all the friends I know

She helps me work end

Helps me always

That's why I love she so!

6 бала: I love mother, she loves us

We love daddy, he loves us

He loves us and so you see

We are a happy family

Ән:«Аяулы анашым»

Диалог: 1қыз: Аружан қарашы маған Диас сақина сыйлады.

2қыз: Қойшы Дария сақина сыйлағанша одан да неге би сыйламайды

1қыз: Әрине олардың биі де дайын

Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында би «Хип-хоп»

Би: «Хип-хоп»

Жүрг: Рахмет, жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді тарту еттіңдер

Ал, бүгін қыздарды да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызды

Мерекеге сәңділейік.

Ойын: «Аяқ киімдерің табу»

(қай қыздың аяқ киімі дұрыс табылмаса сол қызды сәнділейді)

Ойын: «Қыздарды мерекеге дайындау»

(музыка әуенімен дайын сәнділінген қыздарды залды бір айналдырып орындарына апарып отырғызады.)



Диалог: 1ұл: ( галстугін дұрыстап)Азамат маған қарашы мен әдімімін бе?

2ұл: И....и...Расул саған не болған?

1ұл : Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші

2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,

ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр

1ұл:Ия... (күрсініп)

2ұл: И... Расул күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз

Бірге: Олай болса қыздардың орындауында

Би: «Таңғажайып әлемінде көбелектермен гүлдер билейді»

Жүргізушуі: Баласы үшін анашым

Күндері аз ғой көз ілген

Ардақты ана қарызбын өзіңе

Жүрегіңнен күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді.

Ойын: «Түймедақ гүлі»

Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп

Сай салада ағады

Бүршік шашып

Жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады...

Мал маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: Көктемде!

Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.

Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар балақайлар

Мен құлпырған бәйшешекпін

Келіп жеттім көктемменен

Шаттаныңдар мейірімді аналар

Бұл мереке тек сіздерге арналар.

Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған

тақпақ-әндері мен билері де бар.

Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз алуан,

Шығып алып көк белге

Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп

Күн ашылса болғаны,

Көлдеңдейді көбелек.

Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып

Қызғалдақ боп құлпырап

Көктем - біздің балалық.

Ән: «Көктем»

Бәйшешек: Балалар сендердің аналарыңа дайындаған сыйлықтарың қайда?

Екі бала: Мұнда, мұнда біздің сыйлықтар

(деп үлкен пілді жетектеп,залды бір айналдырып кіргізеді де үстіндегі себеттегі жүректерді тәрбиеші балаларға үлестіреді)

Би: «Жүректен жүрекке» бидің соңында балалар жүректерін аналарына сыйлайды.

(орнындарына келіп тұрады)

Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән,беретін гүлім дайын.

Әжетай сені жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Любит наша бабушка с нами поиграть

Любить наши песенки с нами распевать

Любить наша бабушка музыку и смех

Ну, а пляшет бабушка просто лучше всех

А давайте ребята про бабушку споем песенку

Ән: «Без бабушки»

(Балалар орындарына отырады)

Жүрг: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізді ортаға алып бірге ойын ойнасақ қайтеді.

ОЙЫН: «Құймақ пісіру»

Амира: Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім, ой келді.

Қуанышты күні енді,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жанымызды жайнатқан,

Сіздер ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз аналар.

Райымбек: Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған

Сақтандырып күнде еккен

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс

Данара: Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

Архат: Адал бол деп-балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Тілегің де мархаббат

Анамызға мың алғыс

Ән: «Апатайым - анашым»

Жүргізуші: Жігіттер қыздар дайындаған сыйлықтарың қайда?

(«Сұлу қыз» әнінің әуенімен залға қыздар болып киінген 2 ұл кіреді , иықтарында су ағаш, ал шелектерінің ішінде сыйлықтар)

Екеуі: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық.

Қабыл алыңыздар қыздар!

Ән: «16 қыз» (әзіл сықақ ән ұлдардың орындауында)

Бәйшешек: Менің де балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!

( Үлкен Пілмен себет кіргізеді.Сыйын үлестіріп болған соң қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер

Біздің балаларымыздың дайындаған

Мерекелік шарамыз аяқталды!

Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал