- Учителю
- Откырытый урок по тему: Матасу
Откырытый урок по тему: Матасу
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:сөз тіркесінің матаса байланысу жолын түсіндіру
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап ,түсіндіру,әңгімелеу, СТО элеметтері
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба ,интерактивті тақта , сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме ? Отырыңдар.
Сөздік жұмыс
Сабағымызда кездесетін қиын сөздермен танысыңдар
Әуелгі- алғашқы , бірінші
Ғибрат- үлгі, өнеге
Игілік- жақсылық
Бүгінгі сабағымыздың айдарымен танысайық. ( Абайдың отыз бірінші қарасөзінен)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселдерінен қашық болу керек.
Барлығымыз ойымызды жинақтап , сабағымызды бастайық (2)
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
-
240- жаттығу мәтінді түсініп оқып ,оның ішінен 5 қиыса байланысқан сөздерді теріп жазу,үлестірме қағаздар тарату
-
Семантикалық карта
-
Графикалық диктант
1.
Сөздер
Мен
Сен
Біз
Сіздер
Айман
көрдіңіздер
Естісек
келдім
ойлан
оқыған
2.
мен
Ажар
сен
сіз
біз
үйренді жазсаң білгенмін барайық отырсаңыз
2. Өткен материалдар бойынша сұрақтар
-
Синтаксис нені зерттейді?
-
Сөз тіркесі дегеніміз не?
-
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
-
Есімді, етістікті тіркес дегеніміз не?
-
Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата.
-
Қиысу дегеніміз не?(4)
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жаңа сабағымыздың тақырыбы матасу
Бүгін сабақта сендер сөз байланысуының бір түрі матасумен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренсіңдер .
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.