7


  • Учителю
  • І.Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», «Бөбек бөлеу»

І.Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», «Бөбек бөлеу»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жоланов Б.Е

Қызыллорда облысы

Жаңақорған ауданы

Негізгі білім беретін № 221 Аққұм мектебі



Сабақ жоспары7-сынып

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мерзімі:



І.Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», «Бөбек бөлеу»



Негізгі идея:

Табиғат лирикасы және азаматтық лириканың байланысы мен ерекшелігі және тұрмыс-салтқа байланысты өлең-жырлардың құндылығы мен ерекшелігі

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар

Автор жайлы мәлімет бере отырып, өлеңдегі жер-су аттарын, олардың географиялық ерекшелігін, өлеңдердің айырмашылығын түсінуге бағыттау

Оқушылардың көпшілігі

Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдауға, бесік жыры мен «Бөбек бөлеу» өлеңін салыстырып, тұжырым жасауға төселдіру. Өлеңнің қажетті жолдарын жатқа айтуға дағдыландыру.

Жекелеген оқушылар

Автордың өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдап, авторлардың ұқсас өлеңдерін салыстырып, әдеби көркем талдау жасау шеберліктерін жетілдіру

Құндылықтар:

Патриотизм, табиғатты құрметтеу,қорғау, салт- дәстүрді қадірлеу,дәріптеу

Лексика:

Градация, азаматтық лирика, Ақсу



Табыс критерилері

Барлық

оқушылар

Автор жайлы мәлімет алады. Өлеңдегі жер-су аттарын, географиялық ерекшелігін, өлеңдердің айырмашылығын ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі

Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдауға, бесік жыры мен «Бөбек бөлеу» өлеңін салыстырып, тұжырым жасайды. Өлеңнің қажетті жолдарын жатқа айтады.

Жекелеген оқушылар

Автордың өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдап, басқа авторлардың осы өлеңдерге ұқсас өлеңдерімен салыстырып, көркем әдеби талдау жасайды

Сабақ кезеңдері</ іс-әрекеттер

кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Тапсырмалар

Оқушылар әрекеті

ресурстар

Сабақты ұйымдастыру





Кезекші сыныпты ұйымдастырады, қажетті құралдарды реттейді



Үй тапсырмасын пысықтау

Алдыңға тап-сырмаларды еске түсіреді

Автордың «Әнші» өлеңінің ұнаған бөлімдерін жатқа оқып, өлең құрылысына талдау (жеке жұмыс)

Автордың «Әнші» өлеңінің ұнаған бөлімдерін жатқа оқиды, өлең құрылысына талдайды, салыстырады, Әр оқушы бағдаршам арқылы бағаланады

7 сынып оқулығы

Білімді тиянақтау, жинақтау

Ортақ сұрақ береді

Қазақтың «Бес арыс», «Үш бәйтерек» ұғымдары неге немесе кімдерге арналған (жеке жұмыс)

Қазақтың «Бес арыс», «Үш бәйтеректерін» қоғамдық қызметі мен шығармашылықтары жайлы өз ойларын ортаға салады. Әр оқушы бағдаршам арқылы бағаланады

Кесте, 7 сынып оқулығы

Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер

Табиғат лирикасы мен тұрмыс-салт жырлары жайлы ой тастайды

Қандай ақындардың табиғат жайлы өлеңдері мен тұрмыс-салтқа байланысты өлеңдерін білетіндіктері сұралады. (жеке жұмыс)

Табиғат лирикасы мен тұрмыс-салт жырлары жайлы өз ойлары мен білетін өлеңдерін жатқа оқиды. Әр оқушы бағдаршам арқылы бағаланады

7 сынып оқулығы, З.Қабдолов «Сөз өнері»

Жаңа білімді игеру

Топтық тапсырмалар береді

«Ағынды менің Ақсуым» және «Бөбек бөлеу» өлеңдерін өлең құрылысы мен әдеби-көркем талдау жасау (топтық жұмыс)

«Ағынды менің Ақсуым» және «Бөбек бөлеу» өлеңдерін өлең құрылысы мен әдеби-көркем талдау жасайды, қорғайды, топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

7 сынып оқулығы, З.Қабдолов «Сөз өнері»

Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау

Жұптық тапсырма береді

«Ағынды менің Ақсуым» өлеңін-дегі көркемдік ерекшеліктерді табу (жұптық жұмыс)

Әр жұп «Ағынды менің Ақсуым» өлеңіндегі көркемдік ерекшеліктерді табады, қорғайды. Әр жұпты басқа жұптар басбармақ арқылы бағалайды.

7 сынып оқулығы, З.Қабдолов «Сөз өнері»

Жаңа білімді бекіту

Жеке тапсырма береді

Өлеңдердің тақырыбы мен идея-сын, құндылығын бағалау (жеке жұмыс)

Өлеңдердің тақырыбы мен идеясын айтады, құндылығын, өміршеңдігін бағалайды, талдайды. Әр оқушы смайлик арқылы бағаланады



Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру

Қосымша тапсырмалар ұсынады

Өлеңдердегі ұнаған жолдарды жаттау, басқа ақындардың өлеңдерімен салыстыру, әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай табиғат жайлы өлең жазу

Күнделікпен жұмыс жасайды

күнделік

Сабақты қорытындылау (кері байланыс)

Стикерлер таратады

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салу

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салады.

Стикерлер, себет



Пән мұғалімі: Б.Жоланов.













«Бекітемін»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал