7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку по теме 'Ән патшасы'

Урок по казахскому языку по теме 'Ән патшасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы : Ән патшасы.

Мақсаты: 1 Аса көрнекті сазгер, Қазақстан халық әртісі Ш Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

2 Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабылеттерін және грамматикалық білімдерін дамыту.

3 Эстетикалық тәрбие беру, оқушыларды өнерсүйгіштікке , өнер адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік : интерактивті тақта, карточкалар, тест.

Сабақ барысы

  • Ұйымдастыру

Амандасу,

Психологиялық дайындық.

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап,

Қазақ тілін бастаймыз.

Тіл дамыту сұрақтары. Кристина

.....

Фонетикалық талдау

Ел ...н..ң да ...қын бат ...ры шы...арар,

Батыры шығармаса, ақ ...ны шығарар .

Қаза ... батырлары ...скери к ...сіппен ш ...ғылдан...ан.

ІІ Үй тапсырмасын қайталау :

2-3 оқушы ауызша мазмұнын айтады.

Морфологиялық талдау, тыныс белгілерін дұрыс қой.

1. Дауды ақыл жеңеді жауды батыл жеңеді.

2. Көп жасаған білмейді көпті көрген біледі.

3. Біліп айтқан сөзге құн жетпейді.

4. Бірлігі жоқ ел тозады бірлігі күшті ел озады.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Қазақ билерін ата ?

  • Төле бидің туған жері?

  • Қазақ хандығының жоғарғы билеушісі кім болған ?

  • Қабанбайдың шын аты?

  • Төле бидің әкесі кім болған ?

  • Неше жасынан бастап елге таныла бастаған ?


ІІІ Жаңа сабақ : «Ән патшасы»

Мен сендерге сөйлемдер оқимын. Сендер кім туралы айтылып отырғанын тапсандар , біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады

1 Ол 1930ж Онтүстік Қазақстан облысында туды. Аса көрнекті сазгер , Қазақстан халық әртісі 300 - ден астам әндері бар. Оның әндері «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик», «Арыс жағасында» және Қазақстан Республикасының әнұранының авторы.

  • Иә , әрине бүгінгі біздің сабағымыз Ш Қалдаяқов туралы болады

  • Сабақтың мақсатын таныстырып өту.


  • 2 Кіріспе сөз ( слайд)

Қазақ вальсінің каролі

Аса көрнекті сазгер , Қазақстан халық әртісі - Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туды.Әкесі - Қалдаяқ он саусағынан өнер тамған зергер домбырашы болған.Шешесі - Сақыпжамал әнші екен. Оған бұл қасиет ата- анасынан дарыған . Ол бала кезінде алқалы жиындарда өнерін көрсеткен. Мектеп бітірген соң Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түседі.


Ән әуендері

Сандар сыры

1950ж - шығармашылығы басталды.

1960- 1970 жылдары - жастардың аузында айтылып жүрді.

1972 - халық арасында кең тараған . Әндері : «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Әнім сен едің» ,«Менің Қазақстаным» , «Ана туралы жыр».

1991 ж - Алматы қалалық әкімшілігі атынан, «Қазақстан халық әртісі» деген атақ берілді.

  1. - соңғы сапарға аттанды.


3 Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс . (екіге бөліп оқимыз , сұрақтар дайындаймыз, бір - біріне қояды, мәтінге ат қой)

Ән патшасы

1 Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі қойнауында «Сарыкөл деген көл бар. Осы көлдің жағасында 1927 жылы Қалдаяқов деген кедей, өзіне қамыстан күрке салып, мекендеген. Бұл Шәмшінің әкесі еді. Әкесі қобыз, домбырада құйқылжыта ойнайтын сері адам болса керек, Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келген екен.

  • Оу,Қалдаяқ,ұлды болдын!-деген хабарды естіп,үйіне асыға келген әкеге шүберекке ораған нәрестені ұстата қойыпты.Нәресте болса да,ересек адамның қолын сезе қойған бала шар етеді.


2 Басқа балалардай шыңғырып жыламай,бір түрлі әуезді ырғаққа ұксайтын үн шығарған ұлына карап:

- Мен сені хиссадағы Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім.Бірақ мына дауысың патшанікі емес,әншінікіне ұқсайды екен,-депті Қалдаяқ.

- Оу,Қалдаяк,балаң адамдардың емес,әннің патшасы болса да, тақияңа тар келмес,-депті оған Құдайберген деген құрдасы.

- Айтқаның келсін,Шәмшид болсын,-депті сонда баладан басқа байлығы жок,әрі кедей,әрі өнерпаз әке.

Шәмшид деген ат алған бала содан отыз жыл өткен соң,Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, «вальстің королі» атанатынын сол тұрғандар білген жоқ.

  1. Үлестірмелі ноталармен жұмыс.( топтарға беріледі)

1 нота синтаксистік талдау

Халық ішінде әншілер де , сазгерлерде көп болған.

2 нота синтаксистік талдау

Қалдаяқ осында мекендеп қалыпты.

3 нота сөз құрамына талда

Вальстері, ырғақтары,даусы .

4 нота , сөз құрамына талда

Әннің , байлығы , патшаға .

Бекіту

1 топ Бес жол өлең

2 кестені толтыр.

Бес жол өлең

  1. Шәмші Қалдаяқов

2 сын есім(2)

  1. етістік (3)

  2. сөйлем

  3. синоним

кестені толтыр

Білемін

Білдім

Білгім келеді



Қортынды Тест

Үйге тапсырма : Ш Қалдаяқов жөнінде мәлімет жинап ,айтып беру

Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал