7


  • Учителю
  • Дара, күрделі, үйірлі баяндауыш 8 класс

Дара, күрделі, үйірлі баяндауыш 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Қазақ тілі 8-класс

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Дара, күрделі, үйірлі баяндауыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы түсінік беру.

Баяндауыштың құрылысына қарай жіктелуін,баяндауыштың қандай сөз таптарынан болатындығын мысалдар арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: : Есте сақтау,ойлау қабілеттерін,зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Адами қасиеттерге, әдептілікке,адамгершілікке баулу.

Шапшаңдыққа,мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Б.Блум жүйесі бойынша ,сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.оқушыларды түгендеу.

II Үй тапсырмасын сұрау.

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не?

2.Бастауыш,бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі.

3.Бастауыш болатын сөз таптары.

4.Құрап келген сөйлемдерін тексеру.

III Жаңа сабақ.

Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің бірі.Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін, қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Сұрақтары:Не істеген?Не қылған? Қайтті?Не болмақ? Немене? Қалай?Кімдікі? Ненікі?

Дара

Заман өзгерген,білімді күшейген.

Қазына-халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің-қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет-уайым жеу.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.

Түсіну. 1. Берілген сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, құрамына қарай талда.Баяндауыштардың қандай сөз таптарынан жасалып тұрғанын анықта. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.

1.Өзіңді біле түскен сайын парасаттылығың арта түседі./Қ. Насыри/

2.Мінез-құлық-әркімнің өзінің кейпін көрсететін айна./И.Гете/

3.Мінезі қалыпты адамның өмірі жаймашуақ./Демокрит/

4.Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды./Ж.Аймауытов/

5.Баланың жақсысы-қызық,жаманы-күйік. /Абай/

2. «Сәйкестендіру» стратегиясы бойынша.

1.Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы міндет етпе.

2.Адам бола білу- өзімнен...

3.Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ішпейді.

4.Жақсылық көрсем ең қиын мамандық.

5.Есті кісі ерегеспейді,көпшіл адам бөлек ақтап бола алмайды.

Қолдану 38-жаттығу.Берілген сөздерді баяндауыш етіп сөйлем құраңдар.

...-ынтымақ. ...-байлық. ...-оқу. ...сәлем берді. ...-төрт. ...бөлінбейді. ...-жетім. ...білерсің. ...жаман. ...арсыз.

IV Бекіту. 1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы.

2.Баяндауыштың жасалу жолдары.

3.Баяндауыш болатын сөз таптары.

V Үйге. 1.Тапсырма: Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?

2.Ережелерді оқу.

3.Көркем шығармадан мысалдар жазып, баяндауыштарының жасалу жолдарын

түсіндір.

VI Бағалау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал