- Учителю
- Ашық сабақ Балалар әдебиеті
Ашық сабақ Балалар әдебиеті
«Мектеп-лицей» КММ
Ашық сабақ
Тақырып: «Балалар әдебиеті.». Сынып: 8 Мұғалім : Нұрлыбаева Г.С.
Қазақ тілі 8-сынып Сабақтың тақырыбы: Балалар әдебиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға әдебиет туралы оқушыларға толық мағлұмат
беру. Оқушыларға сөз қүдіреті, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман
алдында алатын орны жайлы түсінік беру. Дамытушылық: ой - өрісін,
ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту,
шығармашылыққа баулу,
әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей
білуге,адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тэрбиелеу.
Отбасын құрметтеуге, ата - анаға көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру,
өзіндік ізденіс, талдау.
Көрнекі құралдар: оқулық, кеспелер, көркем әдебиеттер, рефераттар,
бейнелі суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған
сергіту.
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Қайырлы күн, қонақтар!
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. Қалалар. Тапсырмаларды орындау
1.Қаланың аты қандай? 2. Қаланың іргетасы қай жылы қаланған? 3.
Қазақстанның қай жерінде орналасқан? 4. Қандай өндірістер шығарады?
5. Қалада қандай қызықты орындар бар? 6.Қандай атақты адамдар
дүниеге келген? 4. Жаңа сабақ . Балалар әдебиеті. Сабақтың мақсаты
мен міндетін айту ә) Жаңа сөздермен жұмыс. Олармен сөз тіркесі мен
сөйлем құраңдар. Оқуды ұнатасың,балаларға
арналған,атайды,басылым,сүйіп оқу,өмірді тануға, басталады
б) Мәтінмен жұмыс «Шеңбер» ойыны. Дұрыс мәтін ұсынылады. Жаңа
мәтінді оқып шығып, есте қалған сөйлемдерді айтып, мағынасына қарай
жаңа сөздерді қоса отырып толықтыру. Тек айтылған сөйлемді
қайталауға болмайды.
в) Мәтініді оқып, аудару г) Мәтін бойынша сүрақтар құрастыру 4.
Бекіту Тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1.Балалар әдебиеті деп нені айтамыз?
2. Балаларды сөзіне морфологиялық талдау жаса. 3.Мәтінге жоспар
құрастыр. ІІ деңгей
1.Қазақ балалар жазушыларының басында кім тұр? 2.Балалардың көркем
әдебиеті кімдерден басталады? 3.Жазушылар өз шығармаларында неге
үйретеді нені мақсат етеді?.
І деңгей
1. Балалар кімдердің шығармаларын сүйіп оқиды? 2. Балалар әдебиеті
тақырыбына диалог құрастыр. 3.« Балалар» әдебиеті тақырыбына әссе
жаз. 5. Қорытыныды Сұрақ- жауап 6.Үйге тапсырма : сөздерді жаттау.
Эссе жазу 7 . Бағалау