7


  • Учителю
  • Поурочный план показахскому языку

Поурочный план показахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технологиялық карта №

Пән: қазақ тілі

Курс: 1-курс орыс топтары

Сабақтың тақырыбы: Отбасы арасындағы қарым-қатынас

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың мақсаты: отбасы жандарының қадірін түсініп, оған қажетті қадір-қасиет сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін ауызша жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру.

Дамытушылық: Қазақ тілінде сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Үлкенді құрметтеуге,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: практикалық

Оқыту технологиясы: СТО элементтері

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Әдебиеттер тізімі: (оқулық) Қазақ тілі 10 сынып



Сабақтың құрылымдық жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/ мотивация/

  • Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу

  • Өз бетімен жұмыс / оқу материалдарымен жұмыс/

  • Жаңа білімді жалпы білімдер жүйесіне қосу және қайталау, бекіту.

  • Білім, іскерлік және дағдыны бағалау.

  • Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау

  • Оқу іс-әрекет рефлексиясы

Ұйымдастыру кезеңі

Топ білім алушыларымен амандасамын.

Топты түгендеймін.

Білім алушыларды үш топқа бөлемін.



Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту / мотивация/

Мына суретті 4-сынып оқушысы салған. Оқушы қандай сурет салған? Оқушының суретінде кімдер салынған?

Поурочный план показахскому языку



Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу

"Ой қозғау" арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушыларға таптыру керек. Тірек сөздер:

отбасы

қарым-қатынас

арасындағы

тірек

тіршілік

Отбасы- тіршіліктің тірегі, - демекші отбасының бала өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз отбасымен байланысы бар.



Өз бетімен жұмыс

а) Мәтінмен жұмыс

Отбасы

Отбасы дегеніміз - бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам. "Отан - отбасынан басталады" дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас!

Отбасым - менің жүрегім

Отбасым - менің тірегім

Отбасым - менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім

- дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз.



ә) Мәтіннің ішінен мақал-мәтел, нақыл сөздерді теріп жазып, біреуінің мәнін ашу.



б) Постер жасау

1-топ Ата, әже - асыл жандар (суреттеп көрсету)

2-топ Әке, ана - отбасының құт-берекесі (ән айту, өлең арнау)

3-топ Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар (жарнамалау жақсы қарым-қатынасты)

(Әр топ постерлерін қорғайды, қалған топтар бағалайды)



в) "Ұлылардан қалған ұлы сөздер"

Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана, талай ақын-жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.

1. "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла"

Мұхаммед Пайғамбар

2. "Ата-ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"

Дулат Бабатайұлы

3. "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"

Махмұд Қашқари



Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі

"Отбасы бақытты ол..."

"Отбасы татулығы..."

"Отбасым менің...."

стикерлерге жазып тақтаға іледі.



Білім, іскерлік және дағдыны бағалау

Сабақта белсенді қатысып отырған білім алушылар бағаланады.



Үйге тапсырма

"Отасы арасындағы қарым-қатынас" тақырыбында диалог құру.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазу. Келер сабақта осы тақырыбымызды жалғастырып топтық жарыс өткіземіз.





Рефлекция

Инсерт әдісі. Не білдім? Не білгім келеді? (стикерге жазып, тақтаға жапсырады)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал