7


  • Учителю
  • Сүт тағамдары сабақ жоспары 3 орыс сыныбы

Сүт тағамдары сабақ жоспары 3 орыс сыныбы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Қазақ тілі 3-сынып



Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Сүт тағамдары» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту. Жаңа тақырып туралы білім беру. Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.



Сабақтың барысы:



I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,

білу.

3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау

-Бір аптада неше күн бар?

- Оларды ата.

- Адам не істейді?

-Бүгін қай күн?

-Аптаның қай күні?

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыс айларын ата. Т.б.

II. Өткен сабақты қайталау:

А) жазба жұмысының орындалуын тексеру, қадағалау;жалғаулықтардың жалғануына мысалдар келтіру.













Ә) мәтіннің мазмұнын сұрау 143-бет 4- тапсырма

IІI. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1. Мұғалім сөзі

2. Сабақтың құпиялылығы(Сүт тағам дар ы)

3. Сөздікпен танысу:

Қымыз- кумыс

Шұбат- шубат

Құрт- курт

Әзірленеді- готовят

А) сөздікке жазып алу; Ә) дұрыс айту; Б) сөз тіркестерін құрап айту.

4. Мәтінді оқу, аудару.

Сүт тағамдары

Сүт тағамдары - айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт т.б. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Сүттен көп тағам әзірленеді. Сүт - пайдалы тағам.

5. Оқылым - жұмбақты оқу, шешу.

Жұмбақ

Сылдыр сұйық, су емес

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да, қар емес,

Шешуін кім табады?

6. Жазылым - Сөз тіркестерін жазу.

Мыс: нан мен шай, айран мен қымыз, бал мен қант, сағыз бен кәмпит, тұз бен ұн, сәбіз бен қияр.



I V. Сергіту сәті. Әрі оқу, әрі ойын

Мальчик- бала

Город- қала

Пища- ас

Голова- бас

Камень - тас

Слезы- жас

Она- ол

Рука - қол

Дедушка- ата

Блогославение- бата т.б.



V. Жаңа сабақты бекіту: диалогті досыңмен оқу:

- Сәлем , Дима!

- Сәлем , Миша!

- Дима, сен нан дүкеніне барасың ба?

-Иә, барамын.

-Дима, сен нан туралы мақал білесің бе?

- Иә, білемін.

- Қандай мақал?

- «Ас атасы- нан» деген мақал.

- Жарайсың, Дима, сау бол.

- Сау бол, Миша.



VІ. Сабақты қорыту: Кім не сатып алды? Сұрағына жауап беру.



VI. Үй тапсырмасын беру: 144- бет 1- тапсырма мәтінді әңгімелеу





VII. Бағалау









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал