7


Мақта қыз бен мысық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

Сабақтың мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыра отырыып білімдерін жетілдіру. Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту,

ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын ояту, ойын еркін жеткізуге баулу. жаман қасиеттерден жирендіру, ақты қастерлеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру- іздену

- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр.

-Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?

- Ертегі халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі.

- Ертегілер неше топқа бөлінеді?

- Ертегі үш топқа бөлінеді: қиял - ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс - салт ертегілер.

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

- «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын кім айтып береді?

Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Автор: Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.. Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады - келмейді, шақырады - келмейді, сосын :

Мақта қыз :

-«Келмесең,келме» -деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

Мысық:

- Неге шақырдың? деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады:

Мысық:

«Ендеше қатығыңды төгем», - дейді.

Мақта қыз:

«Мен құйрығыңды кесіп аламын», - дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.



Мысық:

-«Апа, апа, құйрығымды берші», - дейді.

Сосын Мақта қыз:

- «Менің қатығымды төлеп бер», - дейді. Мысық сиырға барады.

-«Сиыр-сиыр, маған қатық берші», - дейді,

Сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», - дейді.

Мысық ағашқа барып:

- «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» - дейді.

Ағаш айтады:

-«Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», - дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп:

- «Қыздар, қыздар, маған су берші», - дейді.

Қыздар:

-«Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», - дейді. Мысық дүкенге барады.

- «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», - дейді.

Дүкенші:

- «Маған тұқым бер», - дейді.

Мысық тауыққа барады:

- «Тауық, тауық, маған тұқым берші», - дейді.

Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», - дейді.

Мысық:

-«Енді не қыламын», - деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып:

-«Жаның барында айт, үйіңде не бар?», - дейді.

Тышқан қорыққанынан:

-«Үйімде бір батпан тарым бар», - дейді.

Мысық айтады:

-«Маған бір уыс тары бер», - дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

-Ал,енді ән айтайық,бір сергіп қалайық.

Ермек Елгезековтің «Ертегілер» әнін шырқайық.

Ертегінің қай топқа кіретінін анықтау( Тұрмыс - салт ертегісі)

1 топ. Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен айтыңдар.



1. Мақта қыз

2. Сиыр

3. Ағаш

4. Қыздар

5. Дүкенші

6. Тауық

7. Тышқан

2 топ . Мысық қайсысынан не алды?

1. Сиыр - қатық

2. Ағаш- жапырақ

3. Қыздар - су

4. Дүкенші - сағыз

5. Тауық - жұмыртқа

6. Тышқан - тары

Жұмбақтар

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жаптырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

/Сиыр/.

Екі аяғы да жоқ,

Белінде таяғы да жоқ.

/Жұмыртқа/

Шақырсаң өздігінен бара алмайды,

Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.

Егер де отқа салсаң өліп кетер,

Бір жерін кесіп алсаң қанамайды.

/Ағаш/.

Қозғалмай бір орында қарап тұрар,

Адамның қажетіне жарап тұрар.

Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,

Және де көбеймекке талап қылар.

/Ағаш/.

.Жылт - жылт етеді

Жылғалардан өтеді(СУ)

Сылқ - сылқ күледі

Аяғы жоқ жүреді(су)

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?

Залда «Ертегі әлемі» өлеңі орындалады

-Сыныптан тыс жұмысымыз аяқталды.

-Назар салып тыңдағандарыңызға рақмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал