7


  • Учителю
  • Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлем (8 класс)

Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлем (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беріледі.
Сабақтың міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндет
1. Себеп бағыныңқының баяндауыштарының жасалу жолы түсіндіріледі, сұрақтарымен таныстырылады.
2. Сыни ойлауды дамыту. а арналған міндет
а) Оқушының себеп бағыныңқы туралы түсінігі қалыптасады.
ә) Оқулықпен жұмыс істей отырып, теориялық білімін жаттығу - талдау жұмыстары арқылы бекітеді
3. Топтық міндет
Бірлесе отырып жұмыс істеуге, пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Көрнекілігі: Себеп бағыныңқы сабақтас сызбасы, үлестірмелі парақша, слайд
Стратегиялар: топтастыру, Венн диаграммасы, екі жақты күнделік
Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту
Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақырды. Осы сөйлемнің баяндауышын табады. Жасалу жолын түсіндіреді.
- Бұл қай құрмалас сөйлем?
- Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
ІІ. Үй тапсырмасы сұралады.

Сабақтастың қандай түрлері бар? Оқушылар топтастырады.
Мезгіл
Мақсат Сабақтас шартты
қимыл - сын қарсылықты
Себеп бағыныңқы
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.
2. Плакаттағы сөздерді оқып, баяндауыштарын табады.
3. Қосымша ережені қорытып түсіндіремін.
4. Себеп бағыныңқы сабақтастың сұрақтары мен қосымшаларын топтастыру әдісі арқылы жинақтаймыз. Оқушылар дәптеріне жазады.
ІҮ. Кітаппен жұмыс.
134 - 137жаттығуларды орындау
Ү. Қима қағазбен жұмыс.
№1 Сабақтас(себеп бағ.) құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.
Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан, местегі малта да таусыла бастады.
№2 Салалас құрмалас сөйлемді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жаз.
Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.
№3. Жасалу жолын түсіндір
Маған мына кітаптың бір жері қатты ұнады, сол себепті соны тағы бір оқып шығайын.
ҮІ. Себеп - салдар салаласқа бірнеше сөйлем жазу.
ҮІІ. Венн диаграммасы
Себеп - салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтас( ұқсастығы, айырмашылығы)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 138 - жаттығу
ІХ. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал