- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Менің досым' (6 класс)
Урок по казахскому языку на тему 'Менің досым' (6 класс)
Сабақтың тақырыбы: Менің досым
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым - қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест тапсырмалары, кәртішкелер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, , ой қозғау, кластер әдісі
Сабақтың эпиграфы:
«Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын»
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-
кезекшінің рапорты
-
сөйлеу минута (оқушылар енді бір -бірімізге сұрақ қоямыз өткен тақырыптар бойынша)
-
Шаттық шеңбері (психологиялық сәт) .
«Мен қандаймын?» тренинг
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
ІІ.Өткен тақырыпты сұрау:
III.Жаңа сабақ
-
Балалар , мына мақал- мәтелге назар аударамыз. Бұл мақал-мәтелдің негізгі ойы қандай деп ойлайсыңдар?
-дұрыс сабақ тақырыбы дос туралы
ІІІ.Проблемалық сұрақ
Қазіргі кезде нағыз достың белгісі қандай болу керек? Бұл проблемалық сұрақтың жаубын сабықтың соңында айтып береміз.
IV.Жаңа тақырыптың ашылуы:
-Cенің досың бар ма ?
- Оның ата кім?
-Ол қаңдай дос?
-Онынмен қашаннан бері досың ?
Енді екі топтың спикерін таңдаймыз, олар берілген тапсырмалар бойынша сендерді бағалайды. екі топқа берілетін тапсырма: «Дос қандай болу керек» тақырыбына кластер жасаймыз.
2.Тапсырма: «Досымды тауып беріңдерші?»
Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар ортадағы адамның досын табады.
Мәтінмен жұмыс:
а) Мәтінді оқып, түсініктерін айту.
б) мәтіннің негізгі ойын анықтау
в) мәтін бойынша 4 сұрақ құрастыру.
г) «Дос» сөзіне Венн диаграммасын жасау
1. Берік неше жаста?
2. Оның бойы, шашы қандай?
3. Берік немен айналысады?
4. Ол бос уақытында не істейді?
Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс
Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру.
Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қою.
Ой толғау ( авторлық үстел
Менің досым ? тақырыбына эссе жазу
Кілтті сөздер мейірімді, еңбекқор,мінезі, мақтан етемін, сүйікті ісі.
Логикалық тапсырма. Жауапкершілік сөзінен бірнеше сөз құрастыру
Бекіту
- дос деген кім?
- Дос туралы қандай мақал - мәтілдер білесіңдер?
- Ал енді проблемалық сүраққа жауап беріңдер? Қазіргі кезде нағыз достың белгісі қандай болу керек?. Ал енді спикерлер өз топтпрының бағаларын айтады?
Рефлексия Тақтадағы «Дос» суретіне стикер арқылы өз тілектерін жазады
Бағалау
Үй тапсырмасы « Менің досым » деген тақырыбы бойынша диалог құрастыру.