7


'Қаратпа сөз' 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: Білімдік: қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту; Тәрбиелік: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа,
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Қаратпа сөздерге байланысты

қойылатын үтір».


Сабақтың мақсаты:

Білімдік: қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту;

Тәрбиелік: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке, ұлылар сөзінен ұлағат үйренуге тәрбиелеу; Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, деңгейлік дағдысын жетілдіру, тілін дамыту, шығармашылық жұмысқа баулу, сөйлеу тілін жетілдіру.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлік оқыту, талдау, іздендіру.

Сабақ көрнекілігі: электрондық оқулық, кестелер, слайд, интерактивтік тақта, компьютер, бейнепроект.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткенді тексеру.

1. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қандай жағдайда қойылады?

3. Қандай жағдайда үтір қойылмайды?

4. 163-жаттығудың орындалысын тексеру.

Өткен тақырыпты бекіту үшін электрондық оқулықтан тапсырмалар орындау.

К10А (Қоғамдық-гуманитарлық бағыт) «Қазақстан мақтаныштары» атты граматикалық бөлімін ашу.

Түсініктеме. 1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің ережесін, мысалдарын тыңдау.

Тапсырма. 1. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді табу.

2. Сөйлемнің бірыңғай мүшесінің қандай екенін анықтаңыз.

Кестемен қорытындылау (тыныс белгілері бойынша).

- Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы! - деді. (Мұхтар Әуезов)

- Айтыңызшы, ата, Жасылкөлден аққулар енді ешқайда кетпейді ғой?

Тарихымды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!

Таулар, таулар, тауларым, тауларым-ай,

Сағынысып қаппыз ғой, тарланым-ай! (Мұқағали Мақатаев)

Қаратапа сөздер назар аудару үшін айтылып тұр.

Бұл мысалдарда арнау мәні бар, назар аударту, қарату жоқ.

Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір


Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері

Үтір қойылмайды

Үтір қойылады





Бірыңғай мүшелердің ара- сында мен, және, пен, бен жалғаулары келсе: Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен.

Да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай бір-ақ рет келіп тұрса: Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.

Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса:

Аспан айқын, анық.

Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелер арасында қайталанып келсе: Рахима - әрі әнші, әрі биші.

Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса: Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт



ІІІ. Жаңа сабақ. Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір.

Қаратпа сөз кісі аттарынан, адамға қатысты сөздерден, яғни туыстық атаулардан болады. Жазуда үтірмен ажыратылады.

Екі оқушыға қысқаша диалог ұйымдастырту:

- Жұлдыз, математикадан тапсырманы орындадың ба?

- Иә, Мұрагер, орындадым...

Интерактивті тақтаға түсірілген кесте бойынша қаратпа сөздің үш түрлі жағдайдаорналасуына сәйкес қойылатын тыныс белгісін (үтір) ұғындыру.

Поэзияда, көркем шығармада нақты жеке тыңдаушыға ғана емес, көпшілікке, жансыз заттарға да қаратылып айтылатынын түсіндіремін. Мұнда арнау мәні ғана болады. Жазушы мен сөйлеуші кейде өз ойын біреуге, бірдеңеге арнай айтады. Интонация қай сөзге түссе, сол қаратпа сөз болады.

Айдар, Нұрлан бүгін қаладан келді.

Айдар, Нұрлан бүгін қаладан келді.

Сазына келтіріп оқу керек. Не алдындағы сөйлемнің мазмұнына қарау керек. Ой екпіні түсіп көтеріңкі айтылса, онда қаратпа сөз болады.

ІV. Дағдыландыру. 1. Кітаппен жұмыс. 165-жаттығу (ауызша).

Рөлге бөліп оқыту, үзіндіге ат қою, қарамен жазылған сөз мағынасын ашу. Абылай бейнесін, көңіл-күйін бейнелеген сөздерді табу.

2. Деңгейлік тапсырмалар (слайдтар бойынша):

І тапсырма «Ұлылардан ұлағат»; ІІ тапсырма «Адал дос»; ІІІ тапсырма Шығармашылық жұмыс.

(«Қабуснама», Жүсіп Баласағұн сөздеріне түсінік беру).

3. Тақтамен, дәптермен жұмыс. 168-жаттығу. Қаратпа сөз болатын сөздердің орнын тауып, тыныс белгілерін қою.

«Ұлылардан ұлағат»

Сөйлемдерден қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

1. Ей, перзентім шынайы ілімге ынтық бол

(«Қабуснама» кітабынан).

2) Ей ақылды алыс ұста ашуды,

Ей білімді білме қаһар шашуды.

(Жүсіп Баласағұн)

«Адал дос»

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

1. - ... , бұл күнде дос-жарандар көбейді.

Бәрі де адал дос боламыз, қиындықта жаныңнан табыламыз деседі, - дейді бала.

2. - Міне, ..., басыңа қиындық түскенде, жаныңда бірге болатын шын дос-жолдасың жүз кісіден бір жарым ғана болғанын өз көзіңмен көрдің, - депті әкесі баласына.

Шығармашылық жұмыс

1. «Армысың, атамекен!» деген тақырыпта өлең құрастыр.

2. Құлыным, қарағым, ата, әже, шырағым деген сөздерді қатыстырып «Атам туған ауылда» атты шығарма жаз.

3. Қазақ әдебиетінен жақында өткен шығармалардың қайсысының аты қаратпа сөзге құралған? (Әй, Махамбет, «Қызғыш құс»).

Сабақты қорытындылау.

Әр қатарға қаратпа сөзі бар бір сөйлем құрату («Қуаныш» сөзі).

- Досым, мен бүгін қуаныштымын.

- Қуанышты екенің байқалып тұр, Қайсар.

- Рахмет, досым, қуанышың көп болсын!

V. Үйге тапсырма.

. 1. 166-жаттығу.

2. Қаратпа сөздер кездесетін өлең шумақтарын жазып келу.

VІ. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал