- Учителю
 - Қазақ тілі пәнінен 'Дыбыс үндестігі' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
 
Қазақ тілі пәнінен 'Дыбыс үндестігі' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________
Сабақ жоспары № 23
 
Пәні: Қазақ тілі
Тобы: ______________ Мерзімі: ___________
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Отырарлық ғалым.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Дыбыс үндестігі.
 
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі және отырарлық ғалым - Әбунасыр әл-Фараби туралы түсінік беру;
ә)Дамытушылық: оқушылардың тіл байлықтарын дамыту;
б)Тәрбиелік: оқушыларды мәтін мазмұны арқылы туған жерді қастерлеуге, тәрбиелеу, ана тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
Оқыту құралдары: тірек сызба, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Звуковой сингармонизм».
 
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру.
 
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-  
«Отырарлық ғалым» мәтінін оқу, аудару.
 -  
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру.
 -  
Сөздікпен жұмыс
 
Әбу Насыр Әл-Фараби туралы қысқаша мағлұмат беру. (870-950)
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі - күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби.
 
 
Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:
 
Ереже:
Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм). Түбір сөздің соңғы дыбысы мен оған жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысының бір-біріне ықпалы: құс-тар, қаз-дар, көл-дер.
Дауысты дыбыстың әсерінен түбірдегі соңғы дыбыс өзгереді: кітап-ы - кітабы, шелек-ім - шелегім, тарақ-ың - тарағың.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингармонизм заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, мұ-ға-лім.
 
ІІІ. Бекіту.
-  
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
 -  
Мәтінді мазмұндау.
 -  
1,2, 3, 4 жаттығуларды орындау
 
 
Тапсырма:
Мына сөз тіркестерді мәтіннен тауып, аударыңдар.
Дүние салды -
Шежіре кітаптары -
Төбелер жатыр -
Туған қаласы -
Дүние жүзіндегі ең ірі -
Бірі болды -
 
Тапсырма:
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Данышпан, шаһар, ұстаз, шежіре, өзені, дүние жүзі.
 
Тапсырма:
Мына сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөз құрамына талдаңдар.
Данышпан, шаһар, ұстаздық, отырарлық, шежіре.
 
Тапсырма:
Мәтіннен дыбыс үндестігіне жататын сөздерді теріп жазып, фонетикалық талдау жасаңдар.
Үлгі: жуан буынды сөздер: жіңішке буынды сөздер:
Данышпан мәлімет
Шаһар шежіре
 
ІҮ. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалау.
 
V. Үй тапсырмасы:
43 бет, 10 жаттығу
Оқытушы: С.Ботантаева