- Учителю
- Мектепалды даярлық топтарындағы 'Бала тілі - бал' атты іс - шараның жоспары
Мектепалды даярлық топтарындағы 'Бала тілі - бал' атты іс - шараның жоспары
Жанна: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен қонақтар!
Жүргізуші: Ата тілі - елім тілі
Мәртебесін сақтаған.
Ана тілім - менің тілім,
Тіліме ұлы мақтанам!
Мұғалім: Тіл ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы оның ата тегі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Деген сөздерге сүйене отырып бүгінгі кешімізді «Мемлекеттік - тіл менің тілім» және «балығын шақ» байқауларының жүлделі орындарға ие болған қатысушыларымыз бүгін сіздердің назарларыңызға өз өнерлерін көрсетеді қабыл алыңыздар!
Кешіміз «Әннұран» орындалуынан басталады.
Видио ролик «Қазақша сөйлеміз!»
Ортаға Власенко Ваняны шақырамыз «Балғын шақ» байқауның жеңімпазы.
Ваня. Ваня менің атым слайды (Ваня визитка)
5 жаста боламын
Әкем менің Юри
Анам менің Жана
Қарындасым Арсения
Оның қорғаушысы мен әрдайым
Қазақстан Республика менің Отаным
Амантай ауылынан боламын.
Жиырма бірінші ғасардың
Алға атталғалы баламын.
Шағын орталыққа барамын.
Күні бойы қызыққа,
Батамын да қаламын.
Ойнаймын білім аламын,
Қазақ тілін үйренудемін.
Болашақта үлкен азамат боламын,
Отанымның жайнауына
Үлесімді қосамын.
Әрқашан жайна-жайна туған елім
Алға тәуелсіз мелекет Қазақстаным.
Слайды Жанна:Ана тілім тірлігінің айғағы,
Ана тілі деп талдағы құста сайрады. Ортаға Алишер,Карина және Алижанды шақырамыз
Тақпақтар:
Алишер: Отан сенің ата -анаң
Отан досың, бауырың
Отан өлкең астанаң
Отан туған ауылың.
Карина: Отан деген атамекен
Отана деген - туған жер
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел
Алижан: Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Ваня мен Настяның орындауында «Туған жер» әні
Дарина: Қаламдай мені ұштадың,
Үлгілі істі нұсқадың
Ақкөңіл, ізгі қамқоршым,
Ақылшым, асыл ұстазым.
Ортаға қазақ тілі мұғалімі Салтанат Болатовнаны шақырамыз. Танец
«Бала тілі - бал» қонақтарымызға арналған қызықты әзілдер.
Кішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады.
Анасы:
- Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің.
- Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? - депті қызы таңқалып.
*********************************************************
- Кеше сабаққа неге келмедің?
- Ағам ауырып қалды.
- Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?
- Жоқ, мен оның велосипедін тептім.
*********************************************************
- Айналайын, айта ғойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады?
- Төрт болады.
- Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит!
- Тууууу, он төрт деуім керек еді!
*********************************************************
Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.
- Анаң қайда?
- Жұмыстан әлі келген жоқ.
- Әкең ше?
- Ол да тығылып қалды.
*********************************************************
- Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.
- Иә, ол не тексерді?
- Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.
*********************************************************
- Әке, барабан сатып әперші.
- Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың!
- Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.
*********************************************************
- Сен неге сабақта алма жеп отырсың?
- Үзілісте уақытты бос жібергім келмейді.
Видио «Әліппенің шығу тарихы»
Тақпақты жалғасытыр қазақша
Мой отец родной - әке
Мама милая - ана
Моя бабушка - әже,
Добрый дедушка - ата.
Жанна: Алақай - ау, алақай!
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан
Қол соғайық балақай!
Алина: Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала,
Тұрады ол жас болып
Мен үлкен болғанда.
Даша: Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым,
Ана тілім болмаса
Болмас еді жыр әнім
Жанна: Ашып тұр Отан құшағың,
Алғыспен оны құшамын.
Ұстазым, маған сене бер,
Биікке талмай ұшамын.
Полина мен Виканың орындалуында «Туған өлке»
Мұғалім:
Ата - ананың тілегі-
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі-
Адал болып өскенің.
Балалар енді сендерге Қазақстан Республикасы тақырыбына сұрақтар.Мұқият тыңдаңдар.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Қазақстан республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасының бас қаласы?
Біздің мемлекеттік рәміздеріміз?
Ән: «Туған жер! » Надежда Александровна
Мұғалім: Құрметті қстаздар,қонақтар,оқушылар бүгінгі біздің «Тілдер апталығына» арналған кешіміз аяқталды. Зер салып қарағандарыңызға рахмет! Деніміз сау, еліміз тыныш болысын, үлгілі, әдепті білімді шәкірттер әрдайым бізге көмекші болсын.